È

New York Film Academy тәжірибелік дәрісінен фоторепортаж

New York Film Academy тәжірибелік дәрісінен фоторепортаж

Алматылықтар үшін сәуір айының басы түнерген ауа-райымен ғана емес, Бүкіл әлемге танымал New York Film Academy академиясының киноөндіріске қатысты шеберлік сыныбымен есте қалды. Тәжірибелік семинарды академияның алдыңғы қатарлы ұстаздары мен мамандары - продюсер Лидия Седроне мен кинодраматург Пол Браун өткізді.

Продюсерлеу мен сценарий жазу шеберлігі бойынша екі күндік семинар KIMEP университетінің қабырғасында болды. Сабақ ағылшын тілінде, орыс тілінің аудармасымен өтті. Дәріс тыңдаушылар арасында жас кинематографтармен қатар, ұзақ уақыт бойы кино саласында қызмет етіп келе жатқан мамандар да болды.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, аталмыш курстар киноның құрылымы жөнінде білім беріп қана қоймай, тәлімгерлердің тәжірибелік қасиеттерін арттыру болып табылады. Сондықтан, теориядан кейін арнайы тапсырмалар берілді. Мысалы, студенттер пьесаға кішігірім сценарий жазып, оны сахнада орындау керек болды.

Еске сала кетсек, Нью-Йорк кино академиясының қысқа мерзімді семинарлары Алматыда бірінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушысы - NYFA-ның Қазақстандағы ресми өкілі Әсел Зои.

Тәжірибелік курстың қалай өткендігін арнайы фоторепортаждан көре аласыздар.

 

Фото: Роман Попов

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер