È

Киножұлдызды таңда

Киножұлдызды таңда

 

Elle журналы жыл сайын еліміздің сән саласына үлес қосып жүрген мәдениет өкілдерін марапаттайтын Elle Style Awards Kazakhstan жүлдесін өткізуде. Осы жылы жеңімпаздарды марапаттау салтанаты елордада Бейбітшілік және келісім сарайында 3 шілдеде өтеді. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді, телевизиялық нұсқасы «Хабар» арнасында 5 шілдеде көрсетіледі.

Режиссер Эмир Байгазин «Жаңа есім/мәдениет» аталымы бойынша қатысады. Осы жылы Эмир көрерменге «Раненый ангел» картинасын ұсынған болатын, қазір «Над городом» деп аталатын үшінші жобасымен белсенді жұмыс істеуде. Өткен жылдың желтоқанында режиссер Дәрежан Өмірбаевпен бірге Байғазин Локарно (Шейцария) қаласында фотокөрме өткізді.

`begin_gallery`

Эмир Байгазин
Аружан Джазильбекова
Аружан Джазильбекова
Анастасия Тарасова
Анастасия Тарасова
Айсулу АзимбаеваКарлыгаш МухамеджановаГаухар Нуртас
Эмир Байгазин

`end_gallery`

«Театр және кино актрисасы» аталымы бойынша басты рөлдерді ойнаушы Аружан Джазильбекова қатысады. Оның фильмографиясында «Свадьба на троих», «Дорога к матери», «Побег из аула. Операция «Махаббат» картиналары бар. Сондай-ақ «ARTиШОК» театрының актрисасы, менеджері Анастасия Тарасова да тізімде орын алған. Басты назарын театр қойылымдарына аударып жүрген Айсулу Азимбаева қатысушылар қатарында. 2015 жылдың күзінен бері ол «Любовница», «Толстая тетрадь», «Счастливые поют» қойылымдарында және «Адалиты. Одни из нас» сериалында ойнады. Қатысушылардың бірі Карлыгаш Мухамеджанова осы жылы Нұртас Адамбайдың «Келинка Сабина 2» комедиясында ойнап, көрерменді қуантты. Сондай- ақ ол президент туралы «Жұлдыздар тоғысқанда» картиинасында Дариға Назарбаеваның рөлін сомдады. Тағы бір қатысушы продюсер әрі актриса Гаухар Нұртас екі әйел алу мәселесін қозғаған «Тоқал» картинасын күзде көрермен назарына ұсынбақ. Бұл жоба америкалық мамандармен бірлесіп түсірілді.

`begin_gallery`

Санжар МадиевЧингиз КапинЖандос АйбасовМаксим АкбаровАнуар НурпеисовБерик Айтжанов
Санжар Мадиев

`end_gallery`

«Театр және кино актеры» байқауында отандық киноның сымбатты өкілдері қатысады. Санжар Мәдиев тек қазақстандық фильмдерге ғана түсіп қоймай, осы жылы ресейлік «Защитники» фантастикалық атыс-шабыс фильміне де түсті. Шығ ыс Қапин «Хабар» телеарнасын көрсетілген «Зәуре» сериалында ойнады.Шыңғыс сондай-ақ «Толстая театрадь», «Проба»,«Счастливые поют», «Прямо по Толе би» қойылымдарына да қатысты. Жандос Айбасов фильмге түсіп қана қоймай, өзі де фильм түсіреді. Жас режиссердың қоржынында көпсериалы «Зауал» және «Нархоз» картиналары бар. Осы жазда «Жетінші арнаның» тағы бір сериалын түсіруге кіріспек. Максим Акбаров Қазақстанның басқа да кино өкілдерімен бірге отандық киноға үлес қосып жүр. Ол «Побег из аула. Операция «Махаббат» фильмінде жағымсыз кейіпкердің рөлін ойнады және Фархат Абдраимовпен бірге жаңа картина үшін сценаристерге байқау жариялады. Әзірге түсірілетін уақыты белгісіз.

Әнуар Нүрпейісов «16 қыз» комедиясына, «Жерұйық» тарихи фильміне, «Сказ о розовом зайце» драмасында ойнады. Берік Айтжанов «16 қыз» фильміндегі қарапайым ағылшын тілінің мұғалімінен «Жұлдыздар тоғысқанда» фильміне түсіп, президентке дейін өсті.

`begin_gallery`

Баян ЕсентаеваНуртас АдамбайАдель ОразалиноваАсель АкбароваТауекел МуслимДастен ШакировНурлан КоянбаевЖанар ДугаловаАйкын ТолепбергенКайрат Нуртас
Баян Есентаева

`end_gallery`

Продюсер және актриса Баян Есентаева байқауға «Show-woman» аталымы бойынша қатысады. Маусымда «Гламур для дур» комедиясының түсірілім басталады, онда Баян Есентаева басты рөлдердің бірінде ойнайды. Ал осы категорияның ер адамға берілетін аталымы бойынша продюсер әрі актер Нұртас Адамбай қатыспақ. Ол жақында өзі басты рөлде ойнаған «Тараз» драмасының түсірілімін аяқтады.

«Тележүргізуші» аталымы бойынша актрисалар Адель Оразалинова («Замуж в 30») және Асель Акбарова(«Зауал»), Жігіттердің арасындағы «Тележргізуші» аталымы бойынша Тәуекел Мүсілімге («Махаббатым жүрегімде»), Дәстен Шәкірге («Рэкетир 2»), продюсер Нұрлан Қоянбаевқа («Базарбаевтар») дауыс беруге болады.

Жанар Дұғалова әнші ретінде қатысады, алайда әнші кино әлеміне «Ғашық жүрек 2» фильмі арқылы енген еді. Кейін «Махаббатым жүрегімде» сериалына түсті.

Қатысушылардың арасында киноөндіріске аяңдап қадап басып келе жатқан Айқын Төлепберген мен Қайрат Нұртасты да кездестіруге болады.

Elle Kazakhstan журналының сайтындағы қатысушылардың фотосына басу арқылы дауыс беруге болады. Байқау 30 маусымға дейін жалғасады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер