È

«Жүк артылған жануар»: қылмыстық экшннің алғашқы трейлері

 «Жүк артылған жануар»: қылмыстық экшннің алғашқы трейлері

«Жүк артылған жануар» трейлерінде шиеленіс бар. Дэниэл Рэдклифф («Орман», «Абсолютті билік») кейіпкері - ұшқыш Шон Хэггертидің басынан ауыр кезеңдер өтеді. «Гарри Поттер» ешқашан дәл осылай туған Хогвартсынан жырақта сәтсіздікке тап болмаған еді. Ол ауру әйелін құтқару үшін барлығына даяр. Құтқару операциясына арналған ақшаны есірткі саудасымен айналысатындар беруі тиіс.

«Жүк артылған жануар» сюжеті бойынша Хэггерти кокаин топтамасын АҚШ пен Мексика шекарасынан өткізуі шарт. Бұл оның есірткі саудагері ретіндегі соңғы ұшуы болмақ. Кішкентай ғана ұшақта отырып, есірткінің бас саудагеріне адалдығының, есірткі заңын бақылау бөлімімен келісімінің және ауру әйелінің арасында таңдау жасау үшін бас қатырады.

Швед режиссері Еспер Гансландт «Жүк артылған жануар» фильмін моноспектакльге жақын форматта түсірген, осылайша Райан Рейнольдстың «Тірідей көмілген» және Колин Фарреллдың «Телефонды үйшік» картиналарын еске салады. Жалпы, фильмдегі оқиға бір орында өтіп, бір ғана адамға бағытталатын шығар. Фильмнің көп бөлігінде Рэдклиффтің кейіпкері бір моторлы ұшақта отырып, құлаққап арқылы келіссөздер жүргізеді.

«Жүк артылған жануар» тұсаукесері 2018 жылдың 23 ақпанына жоспарланған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер