È

«Күйіп кеткен жер»: ақырзамандық атыс-шабыс фильмінің алғашқы трейлері

«Күйіп кеткен жер»: ақырзамандық атыс-шабыс фильмінің алғашқы трейлері

«Күйіп кеткен жер» атты ақырзамандық атыс-шабыс фильмінің алғашқы трейлері жарық көрді. Фильмдегі оқиға болашақта өрбиді. Әлем экологиялық апаттан кейін түбегейлі құрып кеткен. Бұл таспада Джина Карано («Дэдпул», «Нокаут») – аяусыз қанішерді ұстап алуға тырысатын әйел.

«Күйіп кеткен жер» сюжетінде аса ерекшелік жоқ. Жер қатты зардап шекті. Ауа тыныс алуға қауіпті болып кетті. Су уға айналды. Миллиардтаған адамдар қайтыс болды. Көптеген ұрпақтан соң адамзат баласы күн сәулесінен қорқатын қоғамды қалыптастырды. Тірі қалғандар күннен қорғанатын болды. Аттика Гейдж (Джина Карано) жаңа әлемнің аяусыз қанішері Элайджа Джексонды тауып, зиян келтірмейтіндей зарарсыздандырғысы келеді. Ол Джексонның тобына кіріп алып, барлығыг жоспар бойынша жасайды. Кенеттен Гейдж тұтқын қызды көріп қалады. Ол өзінің өлдіге саналған сіңлісіне қатты ұқсайды екен. Джина Караноның кейіпкері енді отбасына деген сенімнің зор екенін түсінеді.

«Күйіп кеткен жер» түсірілімімен ағылшындық актер әрі режиссер Питер Хауит айналысты, оның мансабы «Тартымдылық заңы» мен «Агент Джонни Инглиш» картиналары жарыққа шыққан кезде, 2000 жылдары өрлеген. Сондай-ақ, бұл таспаға Дәрігер рөлінде Джон Ханна («Мумия» және «Төрт үйлену тойы мен жерлеулер») және Джексон рөлінде Райан Роббинс («Пана» және «Жұлдызды крейсер Галактика» хикаялары) түскен.

«Күйіп кеткен жер» тұсаукесері 2 ақпанға жоспарланып отыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса