Юэн МакГрегор «Жұлдыздар соғысының» тоғызыншы эпизодында Оби-Ван Кеноби рөліне қайта оралуы мүмкін

Танымал актер Юэн МакГрегор («Сұлу ару мен құбыжық», «Американдық пастораль») «Жұлдыздар соғысының» тоғызыншы эпизодында Оби-Ван Кеноби рөліне қайта оралуы мүмкін. Lucasfilm бұл туралы жаңалықты ресми түрде жариялаған жоқ. Бастапқыда студия қазіргі уақытта алдағы антология жобаларын тоқтаты деп хабарланған болатын. Алайда, кейін бұл сыбыс расталмады, дегенмен Оби-Ван Кенобиге арналған жобадан режиссер Стивен Долдри («Тәж» хикаясы, «Мәнерлеп оқушы») кетті деген хабарлама бар, демек бұл барлығы бастапқы нүктесіне қайта оралды деген сөз.
«Жұлдыздар соғысының» жанкүйерлері Оби-Ван Кенобиді біріншісінен үшінші эпизодқа дейін сомдаған Юэн МакГрегордың оралу мүмкіндігі жайлы идеяға қатты толқыды. Бірақ, The Sun U.K. басылымы актердің құпия түрде «Жұлдыздар соғысының» тоғызыншы эпизодына түсіп жатқанын хабарлады, аталмыш картинаны режиссер Джей Джей Абрамс («Жұлдыздар соғысы: күштің жаңғыруы», «Стартрек: Жаза») түсіруде. Егер бұл сыбыс расталса, жанкүйерлер үшін қуанышты жаңалық болмақ. Одан бөлек, ұзынқұлақтың айтуынша, Лэндо Калриссиан рөлін қайтадан Билли Ди Уильямс сомдауы мүмкін екен.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін