È

Олжас Ермекбаевтың жазбалары

 Олжас Ермекбаевтың жазбалары

Жас режиссер Олжас Ермекбаев «Враги» картинасымен осы жылы бірден екі ірі кинобайқауға: Канн фестивалі мен «Кинотавр» фестивальдеріне қатысты. Олжас өзінің байқаулардан алған әсері туралы «Бродвеймен» бөлісті.

«Враги» фильмі Short Film Corner секциясы бойынша қатысты. Көпшілік мұны байқау деп ойлайды. Шын мәнінде бұл секцияда барлық көрермендерге арналған фильмдердің тізімі ілінеді. Бұл қысқа метрді сатып алғысы келетін дистрибьюторлар үшін әдейі жасалған. Егер оларға бірдеңе ұнап жатса, автормен байланысу үшін мекен-жайын, байланыс нөмірлерін жазып алады да, жарты жылдың ішінде хабарласады», - дейді режиссер. – «Канн кинофестивалі – бұл жас кинематографистер үшін жақсы тәжірибе. Менің өзіме түтіп алғаным, киноны түсіріп жатқанда-ақ оның сатылымы турады ойлану керек екен. Кез-келген киноны сатуға болады, ең бастысы стратегия болу керек. Маған фестивальдегі кинонарық тұнады, онда қатысушылар өз елдерінің павильондарын таныстырады. Егер киноөндірісте мемлекет әлсіздеу болса, олар басқа қызметтерін ұсынады, айталық инвестиция тарту секілді», - дейді Олжас.

Ермекбаев бірнеше байқауға қатсытаны фильмдердің көрсетілімне және басты рөлде Роберт Де Ниро ойнайтын «Каменные кулаки» фильмінің тұсаукесеріне қатысқанын айтты. Де Нироның Каннда таныстырылған фильмдерінің үзінділерін көрсеткенде керемет сезімде болдым. Фестиваль директоры Тьерри Фремо былай деді: «Роберт Де Ниро, Канн бұл сіздің екінші үйіңіз. Біз қашанда сізді күтеміз». Бұл актерге деген құрмет кеші болды, тіпті актердің өзі көзден жас алды», - деп еске алады Олжас.

Олжас Ермекбаев және Рашид Нұғманов

« Мен Каннға тек фильмдерді көру үшін ғана емес, кинонарықты білуге, киноөндіріс саласының адамдарымен танысуға бардым. Ең қызығы сол қазақстандық режиссерлер Рашид Нұғмановпен және Анар Мүсреповамен танысуым маған ең пайдалы болды. Сол жақта жасасқан арамыздағы келісімді жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Оқуды аяқтауыма аз қалды, жақында жұмысқа кірісемін. Жақын болашақта ірі дүние түсіремін деп ойлаймын. Менің Каннға баруыма қолдау білдірген ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне алғысымды айтамын», - деді режиссер.

«Кинотаврда» «Враги» қысқаметражды кино байқауына қатысты: «Мен үшін бұл фестивальға қатысу өте маңызды болды, өйткені мен бірінші курстан бері Ресейдің осы кинобайқауға қатысуда армандадым. Өкінішке орай, біздің топ ешқандай жүлдеге ілікпедік, бірақ мен үшін қатысуымның өзі қуаныш, ірі байқауға қатысқаным үшін де аздап марқайып жүрмін», - деп аяқтады сөзін Олжас Ермекбаев.

 

Тақырып бойынша:

«Враги» в программе Каннского кинофестиваля

«Враги» на «Кинотавре»

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер