«Жасыл кітап»: пианиношымен достасыңыздар

Universal студиясы өзінің комедияларымен танылған режиссер Питер Фарреллидің («Жындыдан да жынды», «Мен, тағы да мен және Ирэн») шынайы оқиғаларға негізделген «Жасыл кітап» әсерлі драмасының алғашқы трейлерін таныстырды. Таспадағы басты рөлдерде - Махершала Әли («Жасырын мүсіндер», «Айдың жарығы») мен Вигго Мортенсен («Капитан Фантастик», «Сақиналар әміршісі») дуэті, екеуі екі түрлі жолаушының жол үстіндегі хикаяларын көрсетті.
Бұл сапар 60-жылдары болған. Белгілі қара нәсілді пианиношы (Махершала Әли) және оның итальяндық ақ-жүргізушісі (Вигго Мортенсен) ұлтшылдығымен танымал АҚШ-тың Шалғайдағы Оңтүстігіне барады.
Махершала Әли бұл жоба жайлы бір сұхбатында былай деген еді: «Егер фильмнен осындай екі түрлі типті көрсеңіз, әдеттегідей, қара нәсілді жігіт шынайы жағдайдағы күштерді тексеруші болады. Ол кірісі төмен қара жұмысшылар секілді кедей ортадан шықса да, оның басқа жағы бай, яғни ол біз ойлағаннан да әлдеқайда бай болып келеді. Мені расында да бұл хикая ерекше әсерге бөледі, әсіресе осындай екі түрлі еркектің шынайы достығына негізделгені әсерлі».
«Жасыл кітап» драмасы 2018 жылдың 21 қарашасынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін