È

«Малибу құтқарушылары» фильмінің жұлдызы Зак Эфрон сериялық қанішерді сомдайды

«Малибу құтқарушылары» фильмінің жұлдызы Зак Эфрон сериялық қанішерді сомдайды

Канн кинонарығының аясында «Малибу құтқарушылары» фильмінде ойнайтын Зак Эфронның 70-жылдардағы танымал сериялық қанішер Тед Банди туралы «Аса қауіпті, өте ашулы және жиіркенішті» («Невероятно опасный, шокирующе злой и отвратительный») көркем фильмінде басты рөлді сомдайтыны белгілі болды.

Сюжет желісі бойынша қанішер туралы оның 7 жыл достасқан қызы Элизабет Клёпфер айтып береді. Бойжеткен қылмыс үстінде жігітін ұстап алмаса да, үнемі сезіктеніп жүрген. Сондықтан, бірнеше рет полицияға да хабарласқан.

Қазіргі таңда бұл жобаны Канн кинонарығында «Voltage» кинокомпаниясы таныстырып жатыр.

Зак Эфрон негізінде комедия мен мелодрамалардағы рөлдері арқылы танымал. Алдағы уақытта көрсетілетін Тед Банди туралы фильм актердің драмалық киноларының бірі болмақ.

Тед Бандидің өзі АҚШ-та 1974-1978 ж.ж. аралығында танымал болған сериялық қанішер. Ол «Қозылар үнсіздігі» («Молчания ягнят») фильміндегі Буффало Билл мен Ганнибал Лектордың прототипі іспеттес. Оның құрбандарының саны 26 адамнан бастап, жүзге дейін жеткен. Банди сүйкімді әрі тартымды жас жігіт болған. Сондықтан, құрбандарының сеніміне оңай кіретін. Ол негізінде жас қыздарды өлтірген. 1989 жылы қанішерді дарға асты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер