È

«Жұлдыздар соғысы: 9 эпизод»: Мэтт Смит негізгі рөлдердің бірін сомдайды

«Жұлдыздар соғысы: 9 эпизод»: Мэтт Смит негізгі рөлдердің бірін сомдайды

Ағылшын актері Мэтт Смит, «Тәж» бен «Дәрігер Кім» хикаяларының жұлдызы «Жұлдыздар соғысы» франшизасының қазіргі таңда «Жұлдыздар соғысы: 9 эпизод» деген атауға ие болған жаңа бөлімінде алыс галактикаға аттанады.

«Дәрігер Кімде» Смит 2010-2013 жылдар аралығында басты рөлді сомдаған, Netflix стримингті қызметінде шыққан «Тәж» хикаясында Филипп ханзаданың рөлін ойнағаны үшін «Эмми» номинациясына ие болған.

Смиттің «Жұлдыздар соғысы: 9 эпизодқа» қатысуы жұлдызды актерлік құрамды кеңейте түспек, актерлар арасында Дэйзи Ридли («Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар», «Шығыс экспрессіндегі өлім»), Джон БойегаТынық мұхиты кезеңі 2», «Детройт»), Оскар Айзек («Финал» операциясы», «Аннигиляция») және Адам Драйвер («Қара кландық», «Логан сәттілігі») бар.

Билли Ди Уильямс қайтадан Ландо Калриссиан рөлін сомдайды. 2016 жылдың желтоқсанында қайтыс болған Кэрри Фишер бұрын «Жұлдыздар соғысы: Күштің оралуына» қосылған эпизодта Леи Органа рөлінде пайда болады. Люк Скайуокер ретінде Марк Хэмилл экранға оралады, ал Энтони Дэниелс C-3PO рөлін қайталамақ.

Джей Джей Абрамс «Жұлдыздар соғысы: Күштің оралуы» түсіріліміне жетекшілік еткен және шығармашылық келіспеушілік салдарынан «Жұлдыздар соғысы: 9 эпизодтан» кетіп қалған Колин Треворроудың орнына режиссер ретінде қайта оралды. Абрамс жұмысқа былтырғы күзде кіріскен, Крис Терриомен бірге көп уақытын сценарий жазуға арнады.

«Жұлдыздар соғысы: 9 эпизод» фантастикалық шытырман оқиғалы атыс-шабыс фильмі 2019 жылдың 19 желтоқсанында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер