È

Жұлдызды жаз

Жұлдызды жаз

Асыға күткен жаз да келді, демалысты да жоспарлай беруге болады. Үш ай бойы шуақты күндерді ойын-сауықпен көңілді өткізуге болады. Қазақстандық киножұлдыздар өздерінің жазғы демалстан қайда, қалай өткізетініндерін, жаз мезгілерекше ін неліктен жақсы көретіндерін аса ынтызарлықпен айтып берді.

Жас әрі табысты актриса, продюсер Әсел Сәдуақасова жаз айларын молшылығы үшін ұнататынын айтт. «Мен жаз мезгілін ерекше жақсы көремін. Жазғы алаңдарда отырғанды, серуендегенді, әрине, суға түскенде жанымдай жақсы көрем. Міндетті түрде демалысқа барамын, бірақ әзірге білмеймін, жұмыс қарбалас болғандықтан алдын ала жоспарламаймын. Мүмкіндік бола қалған жағдайда бір жерге барып демалып қайтамын».

Салтанат Науруз

Кейбір қазақстандық жұлдыздар, мысалы, Салтанат Науруз жазғы демалысты өзін өзін дамытуға арнайды. «Жазда мен бірнеше жобалармен жұмыс істеймін, білім аламын. Йельского Демалысқа уақытым жоқ, дәл қазір білім алуым керек», - деді Салтанат.

Түсірілім кестесінің тығыздығына орай кейбіреулер демалысқа уақыт таба бермейді. Үзілмейтін көретілім, кастинктер, түсірілім, рөлдерді жаттау - осының барлығы уақыт пен күшті қажет етеді, сондықтан кейбіреулерге ыстық құмда аунап жатып демалу мүмкіндігі туа бермейді. Қазақстандық режиссёр, сценарист әрі продюсер Асқар Ұзабаев жаз айларын жақсы көреді. өйткені жазда шомылуға, күнге қыздырынуға, жеңіл киімде жүруге, түнде серуендеуге болады. Бірақ Асқар үшін жазда демалуға уақыт жоқ. «Мен фильмдер түсіремін, жұмыстан бас ала алмаймын. Менің демалысым әдетте жаңа жылдан кейін, жобалар аяқталған кезде», - дейді Асқар.

Жан Байжанбаев

Белгілі киноактер Жан Байжанбаев та жазда демалмайтындардың қатарынан. Ыстық күндерде ол түсірілімдерден қолы тимецді. «Мен жаздың алқын күндерін жақсы көремін, аллергиям бар, ыстықты онша көтере амаймын», - дейді Жан Байжанбаев.

Жаз айлары - шабыттың қайнар көзі, жаңа таныстықтар, көтеріңкі көңіл күй. Отандық актриса Кұралай Анарбекова үшін жазғы демалыстың ғажабы - табиғат аясына шығу, теңізге бару. Құралай демалысын алдын ала жоспарлайды, осы жылы да демалықа барып қайтуды ойластырған: «Әзірге қайда баратынымды нақты шешкен жоқпын, бірақ демалысты керемет өткізуді жоспарлап жүрмін, міндетті түрде есте қаларлайқтай демаысқа барғым келеді», - деп жоспарымен бөлісті Құралай.

Құралай Анарбекова

Көптеген отандық фильмдер мен сериалдарда ойнаған тағы бір жас, дарынды актриса Дина Тасбулатова жаз өзінің ең сүйікті мезгілі екенін айтты. Түнгі серуен, таң шапағын қарсы алу, күнге қыздырыну, теңіз бен жағажай Динаға қатты ұнайды.Дегенмен Дина жігітерден қалыс қалмай, жазда уақытын түсірілімдерге арнамақ. .Ол бұған сақадай сай екенін айтты. «Қазір мен «Оралман из Питера» жобасындағы түсірімерді аяқтаудамын. Осыдан кейін бір аптадай Түркияда демалып келмекпін. Оралғаннан кейін бірден жұмысқа кірісемін».

2016 жылдың жазы көпшілік үшін есте қаларлайқтай сиқырлы болмақ. Біреу жаңа жобаларға қатысады, біреулер жұмыс істейді, енді біреулер шетелде демалады, әркімнің өз қалауы бар. Ең бастысы жазды жан қалауыңызбен өткізсеңіз болғаны.

Анастасия Бондарева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Әнуар Нұрпейісов

Актер

Төлеген Байтөкенов

Актер