È

Арман Асенов

Фильмография рейтингі :

5.52 (19 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Асенов Арман Тұрсынбайұлы - актер, продюсер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Сондай-ақ, Арман Асенов Қазақстандық кино өндірушілер мен продюсерлер Гильдиясын басқарады. Қазақстан Республикасы Жастар одағы жүлдесінің және басқа мемлекеттік пен мерейтойлық марапаттардың иегері.

    1972 жылы 17 сәуірде дүниеге келген.  Киноға кездейсоқ келді, оны байқап қалып, Виктор Пусырмановтың  «Қайсар» фильміне (фильм 1991жылы Ашхабадта өткен балалар мен жасөспірімдер фестивалінде Гран-при иеленген) басты рөлге шақырды.

    1995 жылы қазіргі Қазақ Ұлттық университетін бітірді, 1998 жылы Мәскеу қаласындағы С.Энштейн атындағы жоғарғы режиссерлік курсын «кино өнімдерін ұйымдастырушы, мәдени және жалпы бағдарламалар» мамандығы бойынша бітірді, 2000 жылы Мемлекеттік қаржы институтын бітірді.

     

    1995-2000 жж. - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында актер, продюсер

    2000-2002 жж. – «М. Горький атындағы балалар мен жастар киностудиясы» директорының орынбасары;

    2002-2006 жж. - «Казкинопрокат» РӨБ-тің бас директоры;

    2006-2007 жж. – Алматы қаласы, Республика сарайы директорының орынбасары;

    2007-2010 жж. - Астана қаласындағы «Жастар» сарайының директоры;

    2010-2014 жж. - тәуелсіз директор, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының директорлар кеңесінің мүшесі, кинопродюсер;

    2009-2014 жж. - «Байтерек» продюсерлік орталығының бас продюсері;

    2014-2015 жж. - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бірінші вице-президенті;

    2015-2016 жж. – «Қазақ Елі» алғашқы Ұлттық кинохикаясының бас продюсері;

    06.01.2017 ж.-дан бастап -  «Республика сарайы» ЖШС директоры. 

     

    Кинодағы рөлдері:

     

    • 2017 Қазақ хандығы. Алмас қылыш |  Казахское ханство. Алмазный меч - Қобыланды батыр
    • 2014 Көшбасшы жолы. Тығырықтан жол тапқан |  Путь лидера. Разрывая замкнутый круг - Мақсат
    • 2013 Көшбасшы жолы. Темір тау | Путь лидера. Железная гора - Мақсат
    • 2013 Теңізді сағыну | В ожидании моря / Waiting For The Sea | Дар интизории баҳр (Бельгия, Германия, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Франция) - Әмір
    • 2013 Параллель әлемдер |  Параллельные миры
    • 2013 Көшбасшы жолы. Отты өзен | Путь лидера. Огненная река - Мақсат
    • 2010 «А»-ға оралу | Возвращение в «А» - Қара майор
    • 2006 Махамбет – Түрген батыр
    • 2006 Қасқыр сағаты | Час волка - Ақан
    • 2006 Ноктюрн - Асқар
    • 2005 Ежелгі бұлғарлар аңызы. Шыңғыс хан қызының махаббаты жайында аңыз | Сага древних булгар. Сага о любви дочери Чингисхана - Атилла мен Ирник
    • 2003 Әркім Голгофқа шыға алады | Каждый взойдет на Голгофу (хикая, Қазақстан, Ресей) - Қодар
    • 2003 Жоғалған жұмақ (Әркім Голгофқа шыға алады) | Потерянный рай (Каждый взойдёт на Голгофу) - Қодар
    • 2000 Десант - лейтенант Ахметов
    • 1996-2000  Тоғысқан тағдырлар | Перекресток (хикая, Қазақстан) - милиционер
    • 1997 Сиқырлы демеуші | Волшебный спонсор - демеуші 
    • 1996 Хомучи мергені | Стрелок Хомучи (Қазақстан, Монғолия)
    • 1993 Шыңғыс хан | Чингисхан – Шыңғыс хан
    • 1993 Әбілқайыр хан | Абулхаир-Хан (Қазақстан) - Жанараз,  Патиманың ағасы
    • 1991 Кемененің соңғы махаббаты | Последняя любовь Кемене - Кемене
    • 1991 Азиат - Азиат
    • 1991 Қайсар / Кайсар - Қайсар

     

     

    Продюсер:

     

    • 2017 Қазақ хандығы. Алмас қылыш |  Казахское ханство. Алмазный меч (Қазақстан)
    • 2016 Сенімді достар | Верные друзья (Қазақстан)
    • 2014 Аманат (Қазақстан)
    • 2014 Көшбасшы жолы. Тығырықтан жол тапқан | Путь лидера. Разрывая замкнутый круг (Қазақстан)
    • 2014 Босқындар | Беглецы (Қазақстан, Ресей)
    • 2013 Көшбасшы жолы. Темір тау | Путь лидера. Железная гора (Қазақстан)
    • 2013 Көшбасшы жолы. Отты өзен | Путь Лидера. Огненная река (Қазақстан)
    • 2013 Теңізді сағыну | В ожидании моря | Waiting For The Sea | Дар интизории баҳр (Бельгия, Германия, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Франция)
    • 2011 Лотерея (Қазақстан)
    • 2011 Теңізді сағыну | В ожидании моря (Қазақстан)
    • 2010 «А»-ға оралу | Возвращение в «А» (Қазақстан)
    • 2009 Астана махаббатым менің | Астана любовь моя (Қазақстан)
    • 2007 Лаулат | Зажигай (Қазақстан)
    • 2007 Астана айналасындағы мыңжылдық | Тысячелетие вокруг Астаны (Қазақстан)
    • 2007 Жел адам | Человек-ветер (Қазақстан)
    • 2006 Кек | Месть (Қазақстан)
    • 2006 Жол тексерушінің жазбалары | Записки путевого обходчика (Қазақстан)
    • 2005 Дала экспресі | Степной экспресс (Қазақстан)
    • 2005 Құрақ көрпе |  Курак корпе (Қазақстан)
    • 2004-2006 Ежелгі бұлғарлар аңызы | Сага древних Булгар (Ресей)
  • Жыл Фильмнің атауы
    1991 Азиат Актер
    1991 Қайсар Актер
    1993 Әбілқайыр хан Актер
    1993 Мені ұмыт Актер
    1996 Хомучи мергені Актер
    2000 Десант Актер
    2002 Сиқырлы демеуші Актер
    2003 Әркім Голгофқа шыға алады Актер
    2004 Дала экспрессі Актер
    2004 Дала экспрессі Продюсер
    2006 Кек алу Продюсер
    2006 Жол тексерушінің жазбалары Продюсер
    2007 Жел-адам Продюсер
    2008 Махамбет Актер
    2010 Астана – махаббатым менің Продюсер
    2013 Көшбасшы жолы. Отты өзен. Темір тау Актер
    2013 Көшбасшы жолы. Отты өзен. Темір тау Продюсер
    2013 Параллель әлемдер Актер
    2015 Аманат Продюсер

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06