È

Рашид Нұғыманов

Фильмография рейтингі :

5 (16 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Рашид Мұсаұлы Нұғыманов – кинорежиссер, сценарист, продюсер.

    КСРО кинематографистер Одағының мүшесі (1988).

    1954 жылы 19 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген.

    В. И. Ленин атындағы Қазақ мемлекеттік политехникалық институтының архитектура факультетін (1977); Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік бөлімін (1989) тәмамдаған.

    Алматы мен облыстардағы ғимараттар жобасының авторы; мәдени ескерткіштерді қорғау ұйымының Алматы облыстық Кеңесінің бұрынғы жауапты хатшысы; ҚазКСР мәдени ескерткіштерді қорғау ұйымының Орталық кеңесінің кеңесшісі (еліміздегі 500-ден астам ескерткіштер суреттемелерінің авторы, 1981-1984).

    БМКИ-де оқып жүргенде өзінің жазған сценарийі бойынша «Йя-хха» және «Момын болу өнері» («Махаббатты сақтап қаламыз» киноальманахында, 1987) атты екі қысқаметражды картинасын түсірген, екеуі де табысты болды.

    1988 жылы Нұғыманов өзінің атақты «Ине» фильмін түсіріп, Қазақстан киносын және өзін халықаралық деңгейде танытады. Фильм ГФР-ның Нюрнгри қалаында өткен Халықаралық кинофестивалінде Бас жүлдеге ие болады (1990), ал басты рөлді сомдаған Виктор Цой «Кеңестік экран» журналының сауалнамасы бойынша Үздік актер деп танылды (1989).

    1988-1989 ж.ж. Р.М. Нұғыманов - «Қазақфильм» киностудиясының «Әлем» өндірістік-шығармашылық бірлестігінің көркемдік жетекшісі болған; Қазақстан кинематографистер Одағының кезектен тыс алтыншы съезінде Бірінші хатшы болып тағайындалған (1989-1992).

    2008 жылы «Экран Шеберi» лауазымын иеленген.

    Қазіргі таңда Мәскеуде «Титан-Медиа Холдинг» компаниясын басқарады, қарқынды түрде продюсерлікпен айналысып жүр.  

     

    Кинодағы рөлдері:

    • 1986 Момын болу өнері (қ/м) / Искусство быть смирным (к/м) – өзін-өзі өлтіруші

     

    Фильмдерге қатысуы:

    • 2010 Виктор Цой. Соңғы батыр туралы аңыз (деректі) / Виктор Цой. Легенда о последнем герое (док.)
    • 2008 Шынайы тарих (деректі) / Живая история (док.)
    • 2008 Орысша рок / Русский рок

     

    Режиссер:

    • 2010 Ине-Ремикс / Игла-Ремикс
    • 1993 Жабайы Шығыс / Дикий Восток (Қазақстан)
    • 1988 Ине / Игла
    • 1986 Йя-хха! / Йя-хха! (қ/м)
    • 1986 Момын болу өнері / Искусство быть смирным (қ/м)
    • 1977 Згга / Згга (қ/м)

     

    Сценарист:

    • 1993 Жабайы Шығыс / Дикий Восток (Қазақстан)
    • 1986 Йя-хха! / Йя-хха! (қ/м)
    • 1986 Момын болу өнері / Искусство быть смирным (қ/м)

     

    Продюсер:

    • 2010 Ине-Ремикс / Игла-Ремикс
    • 1993 Жабайы Шығыс / Дикий Восток (Қазақстан)

     

  • Жыл Фильмнің атауы
    1972 Қазақстан киноөнері Режиссер
    1972 Қазақстан киноөнері Продюсер
    1986 Йя-хха Сценарист
    1986 Йя-хха Қоюшы-суретші
    1986 Йя-хха Режиссер
    1987 Момын болу өнері Сценарист
    1987 Момын болу өнері Актер
    1987 Байқоңыр ғарыш айлағы Режиссер
    1987 Момын болу өнері Режиссер
    1988 Ине Режиссер
    1993 Жабайы Шығыс Сценарист
    1993 Жабайы Шығыс Продюсер
    1993 Жабайы Шығыс Режиссер
    2010 Ине Remix Сценарист
    2010 Ине Remix Продюсер
    2010 Ине Remix Режиссер
  • Қазақстан киносы

    31 желтоқсан, 2019

    Алматыда ұлттық «Құлагер-2019» киножүлдесі табысталды

    «Құлагер»  ұлттық кинематографиялық жүлдесі 2007 жылдан бастап өткізіледі

    «Еуразия» ХКФ-і жайында қызықты 13 дерек

    Әсерлі кино мейрамның ерекшеліктері

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

9 тамыз 2017, 12:08

Почему Рашид Нугманов в графе Актер?

Қазір талқыланып жатқандар
10 лучших игровых короткометражных фильмов Казахстана

а где можно посмотреть эти фильмы? не могу найти в интернете

Zhansaya Kanatova

Вчера в 17:03

5 фильмов с участием Кэри-Хироюки Тагава

а где разборка в маниле?)))

Олег Фомин

09 Қазан 04:24

5 фильмов с участием Кэри-Хироюки Тагава

а как же Смертельная битва, Теккен?

Linar Yanuzakov

05 Қазан 18:35

Ауэз Ауэзов (Турмагамбетов)

пусть оплатит заем в компаний до зарплаты

Айжан Сарсенбекова

10 Қыркүйек 18:25