È

«Махаббат жайында 100 минут»: Босқа кеткен қайран уақыт

«Махаббат жайында 100 минут» фильміне пікірнама

Қазақстан киносы күннен-күнге дамып келеді. Жылдан-жылға фильмдердің сапасы артуда, технологиялар өзгеріп, жаңа бейнелер пайда болып жатыр, тек бір ғана нәрсе өзгермейді – сол фильмдердің арасында отандық кинематограф үшін ұялып кететін кездер кездеседі.

Альмири Қарпықовтың «Махаббат жайында 100 минут» фильмі дәл осындай. Картинаны қалың көрерменге қызықты болар деген үмітпен, тек өздері үшін ғана түсіргендей. Бұл - мағынасыз, аяусыз кино.

Картина режиссері фильмнің Шәкен Аймановтың Алматы жайындағы бұрынғы картиналарына ұқсас екендігін қайталап айта берді. Әсіресе, мэтрдің «Тақиялы періште» атты танымал фильмі аталды. Ал көрсетілімнің алдында картина продюсері, режиссердің әкесі бұл фильмде де періштелердің барлығын алға тартты.

Сонымен, фильмде оңтүстік астана шынымен де көрсетілген, бірақ Есентай және әл-Фараби даңғылымен ғана шектелген – фильм кейіпкерлерінің барлығы сол жерде демалады, жұмыс істейді, дамиды әрі сол жақта өледі. Сонымен қатар, таулар да бар, кейіпкерлер ол жақта айран ішіп, тұрмыстық жағдай туралы әңгімелейді. Барлығы солай істейді ғой, иә?

Алайда, періштелер көрінбейді, дегенмен басты кейіпкер Мика таза періште сияқты. Шетелде оқып келген, әнді тамаша орындайды, ән шығарады, банкте жұмыс істеуге дайын әрі туыстары мен жақындарына әрдайым көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, мінсіз бойжеткен. Картинада оның көлеңкесіне айналған құрбысы бар – ол үнемі кейіпкермен бірге жүреді. Болды.

Басты кейіпкерді картина режиссерінің өзі ойнайды (сіз нені қалап едіңіз?) – ол жақсы жігіт, Мика жұмыс істейтін банкте бастықтың орынбасары болып қызмет атқарады. Жалпы, жанр заңдарына сәйкес, Мика екеуінің арасында бір байланыс болады, бірақ оларға үнемі біреу кедергі келтіреді.

Біресе Айсұлу Әзімбаева сомдаған басты кейіпкердің бастығының қызы, енді бірде «Моанадағы» Мауи құдайы бейнесіндегі досы, бірде Кхала Дрого кедергі болады. Досы денесі татуировкаға толған, шымыр жігіт әрі бірнеше шет тілін біледі. Сол тілдердің бірі, нақты айтқанда, жапон тілі фильмде оған аса қажет болады. Иә-иә, келесі жолы не болатынын болжап біле алмайсың ғой, сондықтан барлығына дайын болу қажет.

Компаниялар оп-оңай «жарылады» (осы сөз фильмде жиі қолданылады), мұндай жағдай Миканың әкесінің басынан өтеді де, бірдемде жұмыссыз қалады. Сонымен қатар, басты кейіпкердің досы жапон тілін білгеннің арқасында ірі банктің халықаралық қатынастар бөлімінің бастығына айналады. Осылайша, сюжеттегі оқыс өзгерістер жайлы тоқтаусыз айта беруге болады, себебі фильм сценарийі – таза тозақ. Фильмде сіз түсіңізде көрмеген нәрселер болып жатады.

Жалған, жасанды әрі жансыз диалогтарды ерекше атап өту керек – солар сияқты өмірде ғана емес, кітапта да сөйлемейді ғой.

Айтпақшы, фильмде тез арада басталып, жылдам тоқтай салатын жауын бар. Осы тұста фильм авторлары дөп түскен сияқты, себебі Алматы ауа-райының құбылмалылығын барлығы біледі, дегенмен, бұл жағдай шала түрде берілген. Арнайы эффектілердің сапасы туралы мүлдем айтпай-ақ қояйық.

Фильм «Жыл фантастикасы» атауына үміткер бола алады, себебі барлық оқиғалар ақылға сыймайды. Бұл үнсіз сұмдық қой, босқа кеткен қайран 100 минут.

Альмири Қарпықовтың «Махаббат жайында 100 минут» фильмінің кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

 

 

 

Киноға Жанкелді Өмірәлиев барды

 

«Бродвей» редакциясы «Махаббат жайында 100 минут» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Chaplin cinemas кинотеатрлар желісіне алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер