È

Актриса Әмина Өмірзақованың ұлттық киноөнеріміздегі орны

Актриса Әмина Өмірзақованың ұлттық киноөнеріміздегі орны

Ағымдағы жылдың 5-наурызында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында белгілі кино және театр актрисасы, Қазақ КСР-ының Халық артисі, Қазақ КСР-сы Мемлекеттік сыйлығының иегері Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына байланысты «Әмина Өмірзақова және қазақ өнеріндегі ана бейнесі» атты дөңгелек үстел аталып өтті. Іс-шараға «кинотану» мамандандыруының студенті Сембаев Табиғаттың «Актриса Әмина Өмірзақованың ұлттық киноөнеріміздегі орны» тақырыбында дайындалған баяндамасын назарларыңызға ұсынамыз.


«Дүниенің ең қымбаты ана болса, ана үшін ең тәттісі бала екен» – деп жырланатын өлең жолдарында айтылғандай, ананың баласына деген сезім толқындары арқылы экран өнеріне де небір аналардың бейнесі келді. Бұл турасында әлем киносының белді қайраткерлерімен тең түсіп, кино өнерінде әйел-ана бейнесінің мінсіз үлгісін жасаған, қазақ киносында ана бейнесімен танылған талант иесі деп Өмірзақова Әмина Ерғожақызын айта аламыз.

Белгілі кинотанушы Бауыржан Нөгербек Әмина Өмірзақованың шығармашылығы жайлы былай деген екен:

"Даңқты актриса Әмина Өмірзақованың кино әлеміндегі сан қырлы шығармашылық жолы 1938 жылы экранға шыққан «Амангелді» фильміндегі эпизодтық рөлінен бастау алып, бүгінгі күнге дейін өз көрерменін әлі де жоғалтпаған «Абай әндері», «Ана туралы аңыз», «Тақиялы періште» сияқты кинотуындыларда сәтті жалғасын тапты".

«Ана туралы аңыз» фильміндегі Әмина Өмірзақованың сомдауындағы ана бейнесін Григорий Чухрайдың «Баллада о солдате» туындысындағы Антонина Максимованың кейіпкерімен тең дәрежеде қарастыруға болады. Екі кейіпкер де адамзат баласының басынан кешкен ұлы қасіреттердің бірі сұрапыл соғыс жылдарында жалғыздарының амандығын тілеп, қанды майданнан тағатсыздана күткен аналар. Екі фильмнің сюжеттік құрылымы ұқсас болғанымен де, кейіпкерлік акцент тұрғысынан алғанда мазмұндық-идеялық мағынасы өзгеше бағыт алады. «Баллада о солдате» фильмі анасымен жолығуды мақсат еткен, сол жолда небір қиындықтарға тап болған сарбаз туралы болса, «Ана туралы аңыз» фильмінде басты назар ана бейнесінде. Ананың өз баласын майдан даласынан зарыға күтуі - сол майдандағы соғыс сипатынан кем түспейді. Бұл образды Әмина Өмірзақова толығымен ашып, көрерменге тереңінен сезіндіре білді.

Қазақфильмнің «Алтын қорына» еніп, білікті режиссер мен шебер актриса тандемі арқылы әлі күнге дейін сәнін жоғалтпай келе жатқан сапалы дүниелердің бірегейі – «Тақиялы періште» фильмі. Әмина Өмірзақова бұл кинокартинада қазақ әйелдерінің қайсар мінезін, темірдей төзімділігі мен баласына деген шексіз аналық махаббатын күлкілі оқиғалар астарында шебер жеткізе білді.

Ойымызды түйіндей келе, Әмина Өмірзақова қазақ кинематографиясында «Ана» бейнесімен өз есімін қалдырғаны бәріне мәлім екенін айта аламыз. Кейіпкерлердің бейнесімен сол уақытты, сол кездегі жүйені, сол замандағы адамдардың шын келбетін көрсетті.

«Мені халыққа танытқан кино. Сондықтан, мен кино десе жанымды беремін. Ал кинода жасаған бейнелерім өмірлік тарих болып қалар деген үміттемін»

– деп соңғы сұхбатында айтқандай, Әмина апамыз қазақ киносы тарихында актерлік өнер мектебін қалыптастырған алғашқы өнер қарлығаштары қатарында қалың қазақ жұртының жадында мәңгі сақталмақ.

Осындай аналардың бейнесін қамқорлығымен, қоғамдағы түйіткілі шиеленіскен оқиғаларға тойтарыс беріп, бетпе-бет келген қиындықтың әрбірімен иық тіресіп, ауыртпашылықты көтере алатын қайсар мінезімен ерекшеленетін әйел-ана образы әлі де ақсап тұр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер