È

2017 жылдың қарашасындағы үздік 7 трейлер

2017 жылдың қарашасындағы үздік 7 трейлер

Қараша айы келесі жылдың алғашқы жартысында жарыққа шығатын қызықты картиналардың біразын көрсетті. Нағыз мықты блокбастерлер барлығын басып озбақ, сондықтан шолуымызда көрермендерге арнап, түрлі трейлерлерді ұсынуды жөн санадық. Бұл топтамадағы біраз фильмдер қаңтар айында экранға шығады. Кинода көріскенше!


7. «Демалыстағы құбыжықтар

Режиссері: Дженнди Тартаковский

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: мультфильм, фэнтези, комедия, отбасылық

Бұл анимацияның трейлеріне қарап отырып, құбыжықтардың да жылына бір рет демалуға құқы бар екенін көреміз. Дракула тобымен бірге тамаша теңіз круизына аттанады. Олар адамдарға қарап, өздерін көрсетіп, күйзелістен арылып, барынша демалып келуге тырысады. Дракуланың қызын дыбыстаған Селена Гоместің мына сөзіне сенсек болады, яғни сиквел-мультфильмде күлкілі сәттер көп болады, ал кейіпкерлер әзілге қарық болмақ.

Айналымға шығу күні: 2018 жылдың шілдесі.

 

 

6. «Жұмбақ құжаттама»

Режиссері: Стивен Спилберг

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: драма, триллер, өмірбаян, тарих

Бірінші трейлер кино ардагерлері Том Хэнкс пен Мэрил Стрипті көрсетеді, олар тамаша актерлік формада ғана болып қоймай, сенсация қуаласа да, жеке азаматтық бағыттарынан таймаған адамдарды бейнелейді. Спилберг продюсерлік емес, режиссерлік кино түсіре алғандай, фильм арқылы өткен ғасырдың 70-жылдарындағы Америкадағы жағдайға куә боламыз. Пентагон құжаттарының ашық баспасөзде жариялануынан, баспасөздің бесінші билік екеніне көз жеткіземіз.

Айналымға шығу күні: 2018 жыл, ақпан.

 

 

5. «Елу реңкке қошқылдау»

Режиссері: Джеймс Фоули

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: драма

Сиқырлы елу санына қатысты франшизаның соңғы фильмі барлығына нақты нүкте қоюы қажет. Трейлер Анна мен Кристиан Греев жанұясының махаббатына барынша назар аудартуға тырысады. Басты кейіпкерлердің өткені көптеген тосын сыйларды құрдымға кетіреді. Олар «бақытты болып, ұзақ өмір сүру үшін» көптеген құпиялы сыннан өтулері тиіс.

Айналымға шығу күні: 2018 жыл, ақпан.

 

4. «Қысқа»

Режиссері: Александр Пэйн

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: фантастика, драма, комедия

Кейіпкерлер аяқ астынан кішірейіп кететін ертегілер естеріңізде болар? Гулливер Алыптар Әлемінде? Осындай кішкентай балақайдың нұсқасын Мэтт Дэймон ұсынады, ол өткір әлеуметтік драмасында америка қоғамын келеке етіп, сынайды. Бірнеше рет ауыстырылған тұсаукесерін көпшілігі асыға күтіп жүр. Барлық жағдай жасалған, бірақ сіріңкенің қорабындай ғана үйде өмір сүретін қарапайым американдықтардың өміріне зер салатын боламыз.

Айналымға шығу күні: 2017 жыл, қараша.

 

 

3. «Дэдпул 2»

Режиссері: Дэвид Лич

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: фантастика, атыс-шабыс, комедия, шытырман

Шолуымыздағы ең ерекше трейлер сияқты. Дэдпул Райан Рейнольдстың арқасында сурет ұстазына айналды. Ол мұны аса үлкен махаббатпен жасап, жұмыс барысына қатысты жақсы пікірлер білдіреді. Бояуларды, олар майлы болса да тұтынуға болмайды. Жанкүйерлер үшін кеңейтілген тизер бар, ол жақта алдағы уақытта жарыққа шығатын фильмнің қыр-сыры аздап көрсетілген. Стандарттан тыс мұндай жарнама кампаниясы көрермендерге Дэдпул дарынын ашуға қытысты көптеген жұмбақтарды әлі талай мәрте жасырып қоятын шығар.

Айналымға шығу күні: 2018 жыл, маусым.

 

 

2. «Әйгілі шоумен»

Режиссері: Майкл Грэйси

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: драма, өмірбаян, мюзикл

Екінші трейлері келесі жылдың ең алғашқы үлкен тұсаукесеріне назар аудартуды жалғастыруда. Бұл ролик толығымен XIX ғасырдағы Америка шоу-бизнесінің әйгілі тұлғасы Финеас Тейлор Барнумды бейнелейді, оның рөлін Хью Джекман сомдады. Жанр заңдарына сай, Джекман кейіпкері ән салып, көңілді жүреді. Өз арманы үшін кез-келген әрекеттерге баратынын баяндайтын жоба Барнумды еліккіш адам ретінде көрсетеді.

Айналымға шығу күні: 2018 жыл, қаңтар.

 

1. «Түнгі ойындар»

Режиссерлері: Джонатан Голдштейн, Джон Фрэнсис Дейли

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: қорқынышты фильм, комедия, атыс-шабыс, қылмыстық, детектив

Қарт Тарантино мұны бірден құптайтын еді. Айдың үздік трейлері дәл осы фильмді тамашалап, тұсаукесерге асығуға көндіреді. Таспа арқылы қызықты сюжетке назар аударамыз. Авторлардың қылмыстық іске қатысы бар қарапайым адамдарды, қарапайым тұрғындарды бейнелегені мақтауға тұрарлық. Әзіл мен оқыс твисттер өте көп. Ал картинаға түскен Рэйчел МакАдамс комедия актрисасы ретінде танылды.

Айналымға шығу күні: 2018 жыл, наурыз.

 

 

 

Сергей Бутаков

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер