È

Қазандағы ең үздік 7 трейлер

Қазандағы үздік 7 трейлер

Қазан айы қарашада және келесі 2018 жылдың басында шығатын қызықты тұсаукесерлерге үміт сыйлады. Оқырмандар назарына ұсынылатын жанрлық топтама блокбастерлер мен қарапайым бюджетті таспаларға толы емес. Картиналар хоррор, комедия немесе фантастика жанрында болса да, ең бастысы, көрерменді қызықтыра алуы тиіс.


7. «Тоқтардың шайқасы»

Режиссері: Альфонсо Гомес-Рехон

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: драма, өмірбаян, тарих

Трейлерде Томас Эдисон мен Никола Тесланың арасындағы қарама-қайшылықтың барлық өткір бұрыштарын түгелдей дерлік ашылмаған. Негізі, Никола Тесланың арқасында біздің өркениет заманауи түрде электрлендірілді. Таң қаларлығы, Торонтодағы фестивальде таныстырылған таспадағы оқиға үстіртін ғана баяндалған, сондықтан Гомес-Рехон картинаны экрандауға көшті. Алғыс айта білетін адамзат, осындай байопиктің арқасында техникалық ойды кімнің түбегейлі өзгерткенін білуі тиіс.

Айналымға шығу күні: 2018 жылдың ақпаны

 

 

6. «Дәрігер Ноктың айласы»

Режиссері: Лоррэйн Леви

Мемлекеттері: Бельгия, Франция

Жанры: комедия

Трейлерін фильм ішіндегі фильм десе де болады. Омар Си қатысқан туынды сюжеттің барлық негізгі серіппелерін көрсетеді. Лоррэйн Леви Жуль Роменнің «Нок немесе медицина ғажайыптары» атты сатиралық романының тарихын бейімдеген. Романда Францияның қалашығында өзін дәрігермін деп есептеген алаяқтың дені сау адамдарды болмаған аурулардан емдеп жүргені туралы баяндалады. Махаббат пен бұрынғы досы болмағанда, дәрігерсымақтың барлық арам ойы жүзеге асар еді.

Айналымға шығу күні: қараша, 2017 жыл

5. «Винчестер. Елестер салған үй»

Режиссерлері: Майкл Спириг, Питер Спириг

Мемлекеттері: АҚШ, Австралия

Жанры: қорқынышты фильм, триллер, детектив, өмірбаян

Шынайы оқиғалар желісімен түсірілген фильм үшін өте қызықты трейлер. 2007 жылғы «Оскар» иеленушісі Хелен Миррен («Патшайым», «Дәмдеуіштер мен құштарлық») атақты қару-жарақ компаниясының эксцентрлі мұрагері Сара Винчестердің рөлін сомдайды, ол белгілі таңбалы мылтықпен өлтірілген адамдардың аруағы ізіме түсіп алды деп ойлайды. Сан-Францискодан 50 миль қашықтықта архитектурасы мүлдем ақылға қонбайтын өзгеше үй салынып жатыр. Бөгде адам үшін – алжасқан әйелдің ессіздігіне арналған ескерткіш, ал білетіндерге – жүздеген кекшіл елестер абақтысы.

Айналымға шығу күні: 2018 жылдың сәуірі

 

4. «Атлантида»

Режиссері: Лоррэйн Леви

Мемлекеттері: Испания, Франция

Жанры: қорқынышты фильм, фантастика, триллер, оқиғалар

Жуырда ғана айналымға шыққан «Қарғыс. Біздің күндер» картинасына қарағанда, Ксавье Жансаның «Атлантида» атты жаңа туындысының трейлері өз мүмкіндігін әлдеқайда жоғары деңгейде көрсеткен. Таспа көпшілік қауымға Ситжестегі (Испания) фантастикалық фильмдер фестивалінде таныстырылды. Жанс фильмінің локациясы – Антарктида маңындағы шөл далалы арал, жас метеоролог бір жыл жалғыз тұру үшін жердің түбіне әдейі келген. «Атлантида» трейлері ессіздік пен оқшауланудың атмосферасын жақсы көрсетеді, бірақ таспаның бар құпиясын ашпайды.

Айналымға шығу күні: қараша, 2017 жыл

 

3. «Паддингтон хикаялары 2»

Режиссері: Пол Кинг

Мемлекеттері: Ұлыбритания, Франция

Жанры: фэнтези, комедия, отбасылық

Аюлар әрдайым тізерлеп құлайды. Ұлыбританияның ең құрметті аюы лайықты сиквелге ие болды. 2014 жылғы сәтті дебютінен кейін Пол Кинг жалғасын түсіруді ұйғарады. Бір қызығы, трейлер автордың өте бай қиялын, тапқырлығы мен мейірімділігін бере алған. «Паддингтон хикаялары 2» отбасылық ойын-сауық ретінде ғана ойластырылған жоқ. Бұл – чаплиндік әзілдердің өзі салмақты тақырыптармен өрілетін заманауи Англияның мәселелеріне аюлық өзіндік көзқарас іспетті.

Айналымға шығу күні: қаңтар, 2018 жыл

 

2. «Тынық мұхиты шекарасы 2»

Режиссері: Стивен ДеНайт

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: фантастика, атыс-шабыс, хикаялар

Гильеромо дель Тороның жұмысын атақты шоураннер жалғастыратын болды. ДеНайт – тамаша телевизия маманы, бірақ, толықметражды блокбастерді бірінші рет түсіріп отыр. Трейлер арқылы көп идея көрсетілмейді: жерді басып алуға дайын көлемді жаһандық роботтар, жерді құтқаруға тырысатын адамдар тобы. Барлығы таныс дүниелер, дегенмен, таспада арнайы эффектілер басымдық танытады, бұл – киноға баруға тұратын ең маңызды дүние. Иә, мырза.

Айналымға шығу күні: наурыз, 2018 жыл

 

1. «Аннигиляция»

Режиссері: Алекс Гарленд

Мемлекеттері: Ұлыбритания, АҚШ

Жанры: фантастика, триллер, драма, детектив

Ғылыми фантастиканың да үлкен бюджетке ие бола алатынын көрсететін әсерлі трейлер. Гарлендтің мансаптық жолы 2014 жылы «Көліктен» картинасын түсіргеннен кейін бірден өрлеп кетеді. Тамаша ғылыми-фантастикалық хикая арнайы эффектілері үшін «Оскар» алған. Paramount осы табысты жалғастыруды ұйғарып, Джефф Вандермердің «Аннигиляция» романына Натали Портман және Дженнифер Джейсон Ли сынды актрисаларды шақырған.

Айналымға шығу күні: наурыз, 2018 жыл

 

 

Сергей Бутаков

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер