È

2018 жылдың ақпан айында күтілетін 7 фильм

2018 жылдың ақпан айында күтілетін 7 фильм

Үміткерлер арасындағы бәсеке расында да жоғары болды. Ақпанның басты тенденциясы - «Оскардан» үмітті фильмдер («Қысқа» және «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури»), Marvel блокбастері («Қара Ілбісін»), триллерлер («Көрсету» мен «Селфи») және әйел аудиториясына арналған мелодрамалар («Мұз» және «Бостандықтың елу реңкі»). Көптеген тұсаукесерлер қарапайым ғана себеппен бұл шолуға енбеді, ол – әрбір жаңа жұмыстың соңғы әрі басты соты болып табылатын көрермендердің төменгі рейтингі. Жайлы көрсетілім тілейміз!


7. «Мұз»

Жылы / мемлекеті: 2018 / Ресей

Жанры: мелодрама, комедия

Режиссері: Олег Трофим

Федор Бондарчуктың («Тартылыс», «Аңыздар») продюсерлік дарынына ешкімнің шүбә келтірмесі анық. Ол тәуекелге бел буа біледі және жобалары үнемі сәтті болмаса да, Бондарчук есімі Ресей киносында өз орнын тапты. Дебютант Олег Трофимнің мұздағы Күлбикенің хикаясын баяндайтын «Мұз» атты картинасының шығуы үлкен қауіп тудырған жоқ. Трейлерден байқалатын экранды хикая қажетті элементтерден тұрады. Қиындыққа толы балалық, жұптық сырғанау кезіндегі табысқа жетер қиын жол, үлкен үміт күттіретін экранды кейіпкердің өміріндегі драма... Тек екі түрлі қағида бар – біреуі мұзда, екіншісі – қарапайым өмірде, біреуі салқынқанды әрі мансапқұмар, ал екіншісі – үлкен махаббат үшін барлығына да баруға даяр. Сондай-ақ, барлық ертегілердегідей, дәстүрлі хэппи-энд. Екеуі көктем шығып, мұз ерігенше, ұзақ әрі бақытты сырғанап жүрді.

 

6. «Көрсету»

Жылы / мемлекеті: 2018 / Қазақстан

Жанры: триллер, қорқынышты

Режиссері: Нұрлан Батыров, Нияз Әбдіғапар

Танымал бейнеблогер Нұрлан Батыров режиссер ретінде дебют жасады. Бес жыл бұрын «Көрсету» сценарийі дайын болып, қысқа метр түсірілді. Бірақ, режиссер Нияз Әбдіғапардан («Мұрагерлікке қалған махаббат») бірігіп жұмыс істеуге қатысты ұсынысты күтуге біраз уақыт кетті. Бір локациямен қала сыртындағы үлкен үйде түсірілген «Көрсету» фильмі құпияға толы болуы тиіс. Белгісіз біреудің жайлы үйде имек қолдарымен жасаған қимылы жүйкеге тиіп, күйгелектеніп күлуге себеп болмақ. Дәстүрлі аз бюджетті қорқынышты фильмнің психологиялық триллерге қалай айналатыны қызық болып тұрғаны...

 

5. «Қысқа»

Жылы / мемлекеті: 2017 / Норвегия, АҚШ

Жанры: фантастика, драма, комедия

Режиссері: Александр Пэйн

Соңғы кездері фестивальді кинолары көпшілік көрерменге жақын болып барады. Қаңтарда ұсынылған Гильермо дель Тороның «Су қалыбы», «Қысқа» фильмдері былтырғы күзде өткен Венеция фестивалінің қатысушыларының бірі еді. Александр Пэйн («Небраска», «Париж, мен сені сүйемін») қоғамның түрлі мәселелерден қашуын қарапайым ғана кішірейту жолынан тауып, әлеуметтік сатира түсірді. Адал келбетті қарапайым американдық жігітті сомдаған Мэтт Деймон алданып қалса да, шыдамды болып жүре береді. Оның аңқаулығына сене беруге болады. Кішкентай Мэттың экранды хикаялары өте көп.

 

4. «Селфи»

Жылы / мемлекеті: 2018 / Ресей

Жанры: триллер, драма

Режиссері: Николай Хомерики

«Селфи» фильмінің табысты болуына жетелейтін маңызды үш құрамы бар. Біріншіден, фильм сценарийін Сергей Минаев өзінің бестселлері негізінде жазған. Екіншіден, «Мұзжарғыштың» арқасында Николай Хомерики өзін артхаус шебері ғана емес, 2016 жылдың соңында жақсы касса жинаған мықты блокбастердің режиссері ретінде танытты. Үшіншіден, Константин Хабенскийдің («Коллектор», «Алғашқылар дәуірі») тағы бір рөлі пайда болды, сол арқылы танымал болуға мәжбүр болған адамның жекелігі мен терең психологиясын көрсетуге мүмкіндік алды. Барлығына уақытың болмай, үлгермей жатсаң, маңызды кездесулерге, әйелдер мен достармен жолығуға егізіңді жіберсең болады. Хабенскийдің кейіпкеріне өзі үшін де, идентификациясы үшін де күресуге тура келеді.

 

3. «Бостандықтың елу реңкі»

Жылы / мемлекеті: 2018 / АҚШ

Жанры: триллер, драма, мелодрама

Режиссері: Джеймс Фоули

«Елу реңкі» франшизасының соңғы фильмі жанкүйерлердің де, анайы көріністерге қарсы шыққандардың да көңілінен шығуы мүмкін. Сондықтан, Анастейша мен Кристиан хикаясының қалай аяқталатыны маңызды емес шығар? Тек, эротикалық көріністің әрқашан да сұранысқа ие болатыны маңызды. Жаңа хикая бұрынғы махаббаттың, көңілдестердің шынайы бейнесін көрсетіп, мәңгіге түрлі бағытқа жөнелтеді де, тыныш отбасылық бақытты бейнелейді. Арнайы жанкүйерлерге арналып түсірілген мем-фильм кейбір ер азаматтардың шамына тиюі мүмкін. Қиялға толы махаббат ойындарына қарамастан, бұл ұсақ-түйекке дейін есептелген қатал продюсерлік кино болып табылады.

 

2. «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури»

Жылы / мемлекеті: 2017 / Ұлыбритания, АҚШ

Жанры: драма, комедия, қылмыстық

Режиссері: Мартин МакДона

«Үш билбордтың» тағдыры шынында да бақытқа толы. Мәселе, фильм алған 4 «Алтын глобуста» немесе «Оскардың» алдыңғы шорт-парақшасында емес. Бұл фильм тұсаукесерлердің нағыз қызған шағында жарыққа шығады. Таспаның артықшылықтары туралы ұзақ айта беруге болар еді, себеп оның трендте болғанында емес, бұл расында да ішкі жан-дүниенің тереңінде жатқан дүниені қозғайды. МакДона екі сағаттың ішінде көрермендермен тілдесіп, түрлі диалогтар құрады, адами сенім мен үмітті қалыптастырады. Әрине, «Үш билборд» көрсетілімінен кейін өмір «дейін» немесе «кейін» деп бөлініп кетпейді, дегенмен автордың өмірлік көзқарасының арқасында мәңгілік сұрақтардың жауабын табуға көмектесіп, ойландырады.

 

1. «Қара Ілбісін»

Жылы / мемлекеті: 2018 / АҚШ

Жанры: фантастика, атыс-шабыс, шытырман

Режиссері: Райан Куглер

«Қара Ілбісінді» күтіп жүрген адамдар күн сайын артып келеді. Marvel-дің қызықты концептіне толы фильм көлемді тәуекелді кинолардың бірі. Жаһандануға бейімделген әлемнің қызықтарын кішкентай ғана, ойдан шығарылған Африка қаласы – Вакандқа сыйғызу оңай жұмыс емес. Әлемдік Marvel-ге басқа батырлардан өзгерек, үлкен күш пен ақыл иесі, африкандық Т’Чалланы немесе Қара Ілбісінді енгізу үлкен табысқа жетеледі. Промо-материалдарға қарасақ, бізді кішігірім төңкеріс күтіп тұр. Болашаққа деген ұмтылыс, арман, бостандық пен тәуелсіздікке күресу ерекше қызықтырады. Таспалардың құдіреті үлкен әрі келесі экранды комикстердің жаңа стандартына айналуы мүмкін.

 

 

Сергей Бутаков

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер