Мамыр айында күтілетін 7 фильм
Көктемнің мамыражай кештерге толы соңғы сәттері жанға жағымды әсер сыйлайтыны сөзсіз. Көпшілігі жазды, демалуды және осы мезгілге тән керемет сәттерді аңсайды. Алайда, бір фильмде айтылғандай - «carpe diem». Әр сәтті бағалап, мәдениетті түрде демаламыз, кино көреміз. Соның ішінде сіздерге арнап жинақталған мамыр айында күтілетін фильмдер топтамасы да бар.

Жылы / мемлекеті: 2017 / АҚШ
Жанры: фантастика, драма
Режиссері: Ри Руссо-Янг
Уақыт туралы баяндайтын фильмдердің әрдайым болатыны белгілі. «Уақыт матрицасы» - «Суыр күні», «Уақыт ілгегі», «Уақыт» және т.б. төртінші материя туралы фильмдердің аралас қоспасы (тіпті, атауының өзі айтып тұр). Бұл қалыпты жағдай. Тақырып та танымал. Махаббат, өлім және өмір секілді. Бұл фильмнің режиссері де, актерлері де аса танымал емес. Барлығы түпнұсқа идеяға байланысты болмақ.
6. «Үлкен»

Жылы / мемлекеті: 2017 / Ресей
Жанры: драма
Режиссері: Валерий Тодоровский
Валерий Тодоровский – Ресейдің тоқсаныншы және нөлінші жылдарының ең қызықты режиссерлерінің бірі. Оның «Махаббат», «Сәнқой» фильмдері, «Оттепель» хикаясы танымалдылыққа ие болған. Ендігі кезекте ол Ресейдің мәдени жерлерінің біріне айналған Үлкен театр орналасқан орталық орын жайлы оқиғаға кірісті. Фильм ауылдан келген әдепті әрі нәзік бойжеткеннің Үлкен театр сахнасына шығуы туралы. Жас актерлар негізінен дебютанттардан, ал жоғары жастағы актерлар әдеттегідей танымал орындаушылардан құралған.
5. «Құдай сауыттары: Қазына іздеу жолында»

Жылы / мемлекеті: 2017 / Үндістан, Қытай
Жанры: драма
Режиссері: Стэнли Тун
Жаңа «Құдай сауыттарына» Джеки Чанның тікелей қатысы болмаса да, оның туындысы әлі де өмір сүруін тоқтатқан емес. Ол алдыңғы бөлімдерін Гонконгта, кейбір көріністерін Америкада түсірген. Ендігі кезекте, фильмнің франшизасын қытайлықтар мен үндістер өздерінің қолдарына алды. Бұл аймақтар әлем бойынша барлық киношылар үшін ең сүйікті орындарының бірі болып табылады. Сондықтан, фильмнің кассалық жинағы кеткен шығынның орнын толтырары сөзсіз. Ал деңгейге келетін болсақ, 80-жылдардағы фильмдерді басып озу мүмкін емес. 80-жылдар да, балалық шақ та келмеске кетті, тіпті Джеки Чан да бұрынғыдай жас емес.
_zlvx.jpg)
Жылы / мемлекеті: 2017 / Ұлыбритания, Австралия, АҚШ
Жанры: драма, фэнтези
Режиссері: Гай Ричи
Гай Ричи – тұрақсыз режиссер. Ол кейде қызықты, кейде нашар туынды түсіруі мүмкін. «Артур патшаның қылышы» да қыл үстінде тұр. Кез-келген фильм сәтсіздікке ұшырап жатады. Жақсы актерлар, жағымжы сценарий, кәсіби оператор – бірақ бірдеңе жетіспей тұрады. Бұл жерде, тіпті салынған миллион қаражат та көмектеспейді. Артур патша туралы аңызды көптеген режиссерлар түсірген. Туындыны әрқайсысы әр түрлі көзқараспен байқады. Ричидің не ойлап табатыны әзірге белгісіз. Әрине, егер ол фильм арқылы тек пайда табуды ғана көздемей, бір ойды жеткізуді жөн көретін болса жаман шықпауы мүмкін.
_au9r.jpg)
Жылы / мемлекеті: 2017 / Австралия, АҚШ, Жаңа Зеландия
Жанры: фантастика
Режиссері: Ридли Скотт
Ридли Скотт – нағыз кәсіби маман. Ол кез-келген жанрда, түрлі актерлармен, кез-келген уақытта фильм түсіріп, түрлі қиындықтарды еңсере алады. Ол өзінің сарқылмас күш-жігерімен және сұсты түрімен кез-келген фильмді ойдағыдай түсіріп шыға алады. Жасы 70-тен асса да осы қасиеті әрдайым көмектесіп келеді. Ол өзінің сүйікті «Чужойына» оралды, мақұлық туралы туынды Ридлидің арқасында шетелге танымал болды. Бұл құбыжықты Дэвид Финчер мен Джеймс Кэмерон да алған. Студия бастықтары жас режиссер-дебютанттарды Скоттың «балаларымен» сынап, үйретті. Фильм трейлері мен көріністер қызықтыра түседі. Енді, фильмді көру ғана қалды.
2. «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды»
_2p3p.jpg)
Жылы / мемлекеті: 2017 / АҚШ
Жанры: шытырман оқиға, фэнтези
Режиссерлері: Хоаким Роннинг, Эспен Сандберг
Әрине, жаңа «Қарақшыларға» барлығының баратыны анық. Ол айналымдағы ең үздіктердің және танымалдардың қатарында болады (оған топтаманың келесі фильмі ғана бәсекелес бола алады). Кино айналымдағы тарих бойынша үздік саналатын бұл франшиза туралы айтудың өзі артық сияқты. Бұл оқиғаны немесе Джек Воробейді елдің барлығы жақсы біледі. Джонни Депп үшін бұл кейіпкердің танымалдылығы оң жағынан да, кері де әсер етіп жатады. Қызықты, салмақты драмалық актер ретінде ол толық таныла қоймады. Барлығы оны түсініксіз, ақымақ Воробей ретінде көреді. Тіпті, Вербинскидің «Жалғызбасты рейнджерінде» де осы ессіз қарақшы пайда болды. Барлығы мінсіз шыққан соң не істей аласың?
1. «Галактика Сақшылары. 2 бөлім»

Жылы / мемлекеті: 2017 / АҚШ
Жанры: фантастика
Режиссері: Джеймс Ганн
«Қарақшылар» франшиза әлемінің «ардагерлері» болса, «Сақшылар» жаңадан дамып келе жатқан «жаңашыл» бастама екені даусыз. Бұл айда алтын медальға ие болған осы фильм - көпжылдық хиттің барлық белгілерін жинақтаған танымал туынды. Біріншіден, бұл Marvel, екіншіден, ол жағымжы, жылы әсерлерге бағытталған (балаларға, жасөспірімдерге арналған). Үшіншіден, ол жақта бір ғана (немесе екі) кейіпкер емес, осы арқылы сценарий тәсілдерінің кеңістігіне орын ашылады (Питер Квиллдің әкесі аяқ астынан табылатын жаңа екінші бөлімдегідей жекелеген кейіпкерлердің оқиғаларымен байланысты сансыз сиквелдер мен приквелдер ойлап табу). Осы сынды туындылар фильм емес, мультфильмдерге айналады. Шынайылыққа қарағанда қиял көп, негізгі аудиториясы – балалар. Бірақ оны көрермен асыға күтеді, өйткені бірінші бөлімі танымал. Тіпті, үшінші фильмнің түсірілетіні белгілі болды. барлығы жеңіл, түсінікті, ақылға қонымды. Кино, басқа артық ештеңе жоқ.
Бағлан Құдайберлиев







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін