È

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет: «Маған 567 cinema студиясымен жұмыс істеу бақыты бұйырды»

Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен сұқбат

Kesh you тобының мүшесі Ақбота-Нұр Сейтмағамбет үлкен кинода дебют жасады. Ол Асқар Ұзабаевтың «Gламұр для дур» жаңа фильмінде басты кейіпкерді ойнады. «Бродвей» кинопорталына берген сұқбатында Ақбота-Нұр өзінің балалық арманы жайлы, Ұзабаевпен бірлескен жұмысы туралы және фильмдегі сүйікті көрісі жөнінде әңгімелеп берді.

- «Gламұр для дур» жобасына қалай келдіңіз?

- Мен де басқалар секілді Асқар Ұзабаевтың «Gламұр для дур» деп аталатын жаңа фильміне қатысқым келді, кастингке бардым. Үміткерлердің арасында белгілі әншілер мен актрисалар болды. Екі ай бойы режиссер сынақтар өткізді. Түсірілімге бір апта қалғанда маған басты рөлге бекітілгенімді айтты.

- Сіздің кейіпкеріңіз қандай? Суреттеп беріңізші.

- Менің кейіпкерімнің есімі Ұлжан. Ол ауылдан шыққан қарапайым қыз, ақжарқын, батыл, мінезді деуге де болады.



- Бұл Сіздің дебютіңіз - сізге бірден Қазақстанның танымал режиссерлерлерінің бірінің фильмінде басты рөл бұйырды. Асқар Ұзабаевпен жұмыс істеген қалай екен?

- Режиссер Асқар Ұзабаевты мен бұрыннан танимын. Жұмыс барысында оның қатал екенін айта аламын.

- Ол кісіден өзіңізге қандай сабақ алдыңыз?

- Мен ол кісіден шын мәнінде көп нәрсе үйрендім, әсіресе актерлық шеберлік тұрғысынан. Мысалы, қалай дұрыс ойнау керек, камераның алдында өзіңді қалай еркін ұстау қажет, өзіңді қай қырынан көрсеткен жөн деген секілді.

- Фильмде өзіңізге ерекше ұнаған көрініс бар ма? Осы туралы айтып беріңізші.

- «Gламұр для дур» фильмінде маған ұнаған көріністер өте көп. Олардың арасында ерекше атап өтетінім, менің Марсельді құтқаруым, мен оның тыныс алуына көмектесемін. Барахолкада сауда жасаған көрінісім де есте қалды.



- Трейлерінен байқағанымыз, картинаға қазақстандық көптеген белгілі актерлер қатысыпты. Олармен қалай жұмыс істедіңіз?

- Мен бұл фильмде Әсел Ақбарова, Дәурен Айдарқұлов сынды белгілі актерлермен бірге ойнадым. Жұмыс барысында олар маған өзінің кеңесін беріп, қолдау білдірді.

- Жалпы түсірілім қалай өтті?

- Түсірілім тамаша өтті. Маған 567 cinema киностудиясының кәсіби мамандарымен жұмыс істеу бақыты бұйырды.

- Қалай ойлайсыз, картина көрерменнің көңілінен шыға ма?

- Меніңше, фильм көрермендерге ұнайды, әсіресе жастарға. Өйткені «Gламұр для дур» - бұл асыл армандар, , достық туралы, жақын адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы комедия. Қазақстандықтар картинаны жақсы қабылдайды деп үміттенемін.



- Актерлық кәсібіңізді дамыту ойыңызда бар ма?

- Мен бала кезімнен әнші, актриса, журналист болуды армандадым. Армандарымның бірі орындалды. Болашақта өзімді актриса ретінде сынап көрсем деймін. Фильммен жұмыс барысында түсінгенім, актердың еңбегі оңай емес. Мен өзімнің киноөндірістің бір бөлшегі бола алатыныма сенемін.

Ақбота-Нұр Сейтмағамбетке сұқбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

Сұқбаттасқан Айдана Мамаева

Аударған Айнұр Сенбаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер