«Мұның барлығы маңызды емес, өйткені фильмнің басты мақсаты – махаббат пен отбасы құндылықтарын дәріптеу» - деп айтуы мүмкін фильм авторлары мен жанкүйерлері. Жоқ, бұл аса маңызды! Мұны көрермендерді сыйлау көрсеткіші деп түсінемін. Меніңше, қарапайым ғана сюжеттің өзінде кем-кетіктер болса, авторлардың «осылай да жарайды, ешкім байқай қоймас» дегендей өз туындысына және көрермендерге салғырттық танытуы сияқты.