È

«Қазақша кәсіп Америкада»: Гуд бай, Америка!

 «Қазақша кәсіп Америкада» фильміне арналған пікірнама

2017 жылдың басында режиссер Жеңісхан Момышев пен продюсер Нұрлан Қоянбаевтың «Қазақша кәсіп» атты біріккен жобасы ең табысты кассалық жоба атанған болатын, кейін бірінші бөлімнің сценарий авторлары Әлішер Өтев пен Арыстан Каунев көрермен назарына «Аға ма әлде неке ме» комедиясын ұсынды. Сиквелмен Өтев те, Каунев те айналыспады, бірінші картина кейіпкерлерін Америкаға сценаристер Әуез Әуезов пен Сәбит Рахымбаев жіберді.

Картинадағы оқиға бірнеше уақыттан кейін өрбиді. Жомарттың мейманханасы көркейіп келеді, тіпті халықаралық беделге ие болуға дайын. Жомарттың өзі Айсұлуға (негізі туысы сияқты еді, бірақ жақын туысы емес-ау) ұсыныс жасау үшін уақыт таппайды, ал мейманхананың басқарушысы Ален отбасымен тағы бір сәби күтіп жүр.

Жалпы, бұл хикаялардың барлығы артта қалады, себебі Жомарттың туысы Еркош қонақ үй кәсібінің сарапшысы Адам Эмерсті «негр» деп атап, кездесуге нүкте қояды. Енді Жомарт, Ален мен Еркош үшеуі бірге шетелге ұшып, сарапшыдан тағы бір мүмкіндік беруін өтінеді.

Қазақстанда сиквел жасау кезінде екінші бөлімі бірінші бөлімінің көшірмесі секілді болатыны рас. «Қазақша кәсіп Америкада» фильміндегі жағдай да осындай. Бірінші бөлімінде КТА әзілдері көп қолданған еді.

Сиквелдегі жағдай өзгешелеу, кейіпкерлер саны мен әзілдер жиынтығы екі есеге қысқарған, дегенмен Қоянбаев пен Момышевтың жобасы күшті сюжетке ие болды.

Оның үстіне, «Қазақша кәсіп Америкада» фильмінде әйтеуір басты кейіпкер (яғни, кейіпкерлер) анықталды ғой. Жобаның бас продюсері Нұрлан Қоянбаев басты рөлді өзіне және Рамазан Амантайға (Еркош) бұйыртты. Бірақ, бұл шешім талас туғызады. Қоянбаев кадрда өз-өзіне сенімді болып, Жан Байжанбаевпен дуэтін жақсы алып шыққан болса, Амантайға тәжірибе жетіспейді. Американдық актерлар кейбір кемшіліктерді жасырғандай болды.

Егер ойға шомып, бірінші бөлімнен шетелдегі рөлді кімнің жақсы алып шығатынын бағамдасақ, Қажет Смағұловтың кейіпкері дәл келетін еді. Дегенмен, болар іс болды ғой.

«Қазақша кәсіп Америкада» фильмі көркемдік әрі техникалық жағынан алдыңғы бөлімін және басқа да отандық жобаларды басып озады.

Жалпы, «Қазақша кәсіп Америкада» картинасы көрермендердің есінде қалған бірінші фильмнен де артық касса жинауға мүмкіндігі бар.

 

 

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер