È

«Қазақша кәсіп Америкада»: Отандастарымыз періштелер қаласында

«Қазақша кәсіп Америкада» фильміне арналған пікірнама

Бір жыл бұрын «Қазақша кәсіп» комедиясы сәтті шығып еді. Фильмде мейманхана иесі Жомарт және бірнеше туыстары, сенімді әкімшісі Ален барлығы жабылып, қарыздарынан құтылу үшін инвестор іздейді. Картина авторлары жақсы пікірлерге ие болғандықтан, көп ойланбай, сиквел түсіруді ұйғарады. 28 желтоқсаннан бастап көрермендер Жомарттың және көңілді туыстарының қызықты хикаяларының екінші бөлімін тамашалай алады. Бұл жолы оқиғаның көп бөлігі Лос-Анджелесте өтеді.

Фильм Жомарттың ініші Еркоштың қонақ үйге бес жұлдыз беделін беретін сарапшы Адам Эммерсті балағаттағанынан басталады. Эммерс мырза бірдемде қайтадан ұшып кетеді, ал Жомарт, Ален және Еркош жағдайды түзеу үшін Лос-Анджелеске аттанады. Олар Америкада қызықты, күрделі мәселелер мен хикаяларды бастарынан өткереді, бірақ соңында барлығы жақсы аяқталады. Себебі, фильм моралі өткен бөлімдегідей болмақ, өмірдегі ең басты құндылық – отбасы.

Картинаның бірінші бөлімі бір жыл бұрын 300 миллион теңге жинап, 2016 жылғы қазақстандық фильмдер арасында кассалық рекордсмен атанды. Бұл дебютанттар Нұрлан Қоянбаев пен Жеңісхан Момышев үшін өте жақсы көрсеткіш. Алғашқысы продюсер ретінде танылса, екіншісі фильм режиссері болды. «Қазақша кәсіп» айналымда 48 күн жүрді.

«Қазақша кәсіптің» екінші бөлімі біріншісі сияқты жарқын бола қоймайды, себебі туыстардың көп бөлігі кадр сыртында қалады. Дегенмен, көрермендерге Америкадағы хикаялар ұнайтын шығар. Олай деуіміздің себебі, фильмде әзілдер жетерлік. Нұрлан Қоянбаевтың кейіпкері бірінші бөлімге қарағанда біршама өскен. Ол бұрынғыдай мейманханада халатпен жүретін берекесіз есерсоқ емес, кәсібінің өрге домалауына барынша атсалысатын қырсық кәсіпкер. Дегенмен, Жомарт жауапкершілікті сезінуді үйренгенімен, ағылшын тілін жетік меңгере қоймапты. Барлық мәселелерді ым-жыммен шешуді үйренген сыңайлы.

Ален Жомартты баяғыдай құтқарып жүретін адам. Еркош – керемет бүлдіргі, бірақ икемді әрі ақкөңіл, тартымды жігіт.

Жолы бола бермейтін үш азамат табандылық, импровизация мен сәттіліктің арқасында кез-келген жағдайдан оңай сытылып шыға алады, ал біз олардың қандай әрекеттерге баратынын тамашалап отырайық. Сылбыр Еркош барлық қазақ отбасы үшін ентігіп жүреді, Аленнің ұялы телефонына үнемі қызғаншақ Мақпал хабарласады, ал Гүлназ Жоланованың кейіпкері мінезінің басқа қырын көрсетеді. Оларға ерекше дарынды американдық актерлар қосылады. Бірақ, былтырғы фильмде үнділік инвестор Чакробортиді сомдаған Сидхартх Шукланы бұл жолы көре алмаймыз. Дегенмен, қызықты жаңа кейіпкерлермен танысамыз.

Фильмнің жалғыз кемшілігі – бұл салмақты сценарийлік жұмыс емес, баяғыдай КТА бағытындағы әзілдер бенефисі. Бір жағынан, мұндай тәсіл «Қазақша кәсіп» авторларына да, «Сәбина келінді» түсірген Нұртас Адамбайға да жеміс әкелген болатын. Оның үстіне, осы тектес ресейлік өнімдерге қарағанда, отандық фильмдер сапалы әзілдерімен және ұятсыз көріністердің жоқтығымен ерекшеленеді.

Сондықтан, сізге картинаның бірінші бөлімі ұнаған болса, екіншісіне міндетті түрде барыңыз. Бұл салмақты тақырыбы жоқ, жеңіл әрі көңілді комедия. Жайлы көрсетілім тілейміз!

 

Киноға Варвара Литвинова барды

 

«Бродвей» редакциясы «Қазақша кәсіп Америкада» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Sulpak Cinema компаниясына және Cinemax кинотеатрлар желісіне алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

13 января 2018, 02:36

Я уже хочу в Лос-Анджелес!!!

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса