È

Бұрын-қазір: «Сары-арқа» кинотеатрына 52 жыл

Бұрын-қазір: «Сары-арқа» кинотеатрына 52 жыл

«Сары-арқа» кинотеатры – жарты ғасыр бойы қалалықтарды киножаңалықтармен қуантып келе жатқан Алматыдағы көне экрандардың бірі. Кинотеатр сонау 1966 жылы Абай көшесінен төмен, қазіргі Алтынсарин даңғылында пайда болды. Ғимарат ерекше футуристік стильде 820 орындықты кинозалмен жобаланған. Өзінің кеңдігі мен заманауи әрлеуінің арқасында «Сары-арқа» лезде алматылықтардың сүйікті демалыс орнына айналды. Кинотеатр қабырғаларында фильмдер көрсетілімінен бөлек, үнемі мәдени кештер және кино мен өнер, әдебиет қайраткерлерінің кездесулері өткен.

Кинотеатр бірнеше рет жөндеуден өтті. Ғимаратқа 90-шы, 2009-шы және 2014 жылдары жөндеу өткізілді. Ал жақында жасалған күрделі жөндеуден соң кинотеатр барлық заманауи сәнді бағытқа сай болды. Қазір оның жаңа құралдармен, үлкен экрандармен және ыңғайлы жұмсақ орындықтармен жасақталған кең 7 залы бар. Кинотеатрдың ішкі интерьері де назар аударуға тұрарлық. Идеясы қазақ халқының әйгілі рухани байлығы «Жеті қазынамен» байланысты. Қабырғалары ұлттық өрнектермен, мәдени мұра жайлы нақыл сөздерімен және қазақ отбасының дәстүрлі суреттерімен көмкерілген. Осылайша, кинотеатр қонақтары қазақ халқының мәдениетімен таныса алады.

«Сары-арқа» сырт келбетін ғана емес, атауын да өзгертті. Қазір ол Kinoplexx Saryarka ретінде танымал. Болашақта «ескі Алматы» ескерткішін де үлкен өзгерістер күтеді. Kinoplexx және Kinopark Theatres желілерінің қосылуы да мүмкін.

Kinopark Theatres-ті еске сала отырып, мынаны айта кетейік: компания қарқынды дамуда, сондай-ақ Қазақстанда кинокөрсетілім нарығында алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бүгінде желі 4 қалада - Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбеде жұмыс істеп тұрған 8 кинотеатр мен 58 залдан тұрады. Болашақта Kinopark Қызылордада, Талдықорғанда, Өскемен мен Семейде пайда болмақ.

2020 жылдың соңына қарай компания залдарының санын 142-ге көбейтуді жоспарлап отыр. Шымкентте Hyperhouse СОО (5 зал), Nauryz Park СОО (4 зал) және Green Mall СОО (5 зал) ашылады деп күтілуде. Kinoplexx-пен біріккен кезде 2021 жылға қарай тағы да 17 зал қосылады.

Қазіргі таңда Ақтөбеде IMAX залының құрылысы жүріп жатыр және Астанада екі кинотеатр салу туралы келіссөздер жүргізілуде.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса