Тасты жарып шыққан гүл
Бір апта бұрын Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты екі сағаттық аңызының 2018 жылы Қазақстанды және режиссердің кинематографын беделді «Оскар» жүлдесінде таныстырып, «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына таласқа түсетіні мәлім болған еді. Шорт-парағына түрлі елдерден келген бес фильм ғана ене алады, соның ішінен біреуі жеңімпаз болып таңдалады. Сатаев пен оның тарихи драмасының мүмкіндіктерін бағалай отырып, күдікшіл қауымның пікірлерін ескере келе, қарапайым тарихи деректі еске түсірмесек болмас: тура 10 жыл бұрын ересек Сергей Бодровтың «Монғол» фильмі үздік бестіктің қатарында болып, Қазақстанды «Оскарда» таныстырған болатын. Американдық киноакадемиктерінің бұл таспаны таңдауының бірнеше себептері бар. Солардың кейбіреуіне тоқтала кетсек:
1) «Монғол» АҚШ-та жақсы айналымға ие болды және бірнеше миллион долларлы бокс-офисымен продюсерлерді қуантты;
2) таспа көптеген халықаралық фестивальдерде көрсетілді, оның ішінде Торонтодағы, Канададағы және АҚШ-тағы «Оңтүстік-батыс арқылы оңтүстікке» сынды белді фестивальдер бар;
3) фильм дистрибуциясы бірнеше ондаған елді қамтыды, «Монғолдың» көрсетіліміне бірнеше миллион көрермен келген, бұл АҚШ-та түсірілмеген блокбастер үшін аз көрсеткіш емес;
4) Бодров жұмысының американдық пікір жазушылары арасындағы рейтингі ерекше жоғары болды - Rotten Tomatoes-та 87% және metacritic-та 74%, бұл жұмыс сапасының да жоғары болғандығының көрсеткіші.
«Монғол» фильмінен көрініс
Сатаевтың таспасы көркемдік ерекшеліктеріне қарамастан, «Оскар» жүлдесіне төмен деңгейде бара жатқан сияқты. Картина бойында «Монғолда» болған артықшылықтар жоқ. Халықаралық айналым, белгілі фестиваль жоқ әрі айналымға Қазақстанда шектеу қойылған. Жалпы, шорт-парағын жасайтын іріктеу комиссиясы осындай маңызды ерекшеліктердің жоқтығын ескере келе, «Анаға апарар жолдың» байқауға қалай еніп кеткеніне таң қалады десек, дұрыс емес болар. Бірақ, режиссер ретінде Сатаев сөзсіз мақтауға тұрарлық, өйткені оның жұмысы тыңғылықты, көлемді, назары халыққа аударылған әрі көптеген қазақстандықтардың басынан өтуі мүмкін тарих бар. «Анаға апарар жол» - Үміт, Сенім және Махаббат тақырыбын қозғайтын картина ғана емес, бұл жоба экранды материалдың симфонизмі зор тазалық пен рухани байлығы таң қалдырады. Бұл - ғаламның барлық аналарына арналған және Қазақстанда ғана емес, әлемнің кез-келген нүктесінде болуы мүмкін әмбебап оқиға. Фильм «Адам тағдыры», «Таң сәрідегі тыныштық», «Тырналар ұшқанда» және т.б. көптеген кеңестік классикалық фильмдердің дәстүрлі жалғасы іспетті. Оның бойында дубляж бен титрсыз-ақ экран алдында отырған кез-келген көрерменмен оп-оңай тілдесе алатын адамгершіліктің зор қуаты бар әрі көп сөзді қажет етпейтін әлемдегі ең асыл ана махаббаты көрініс тапқан.
Сондықтан, «Анаға апарар жол» фильмінің «Оскардың» шорт-парағына енуге мүмкіндігі бар ма?» сұрағы – риторикалық сұрақ. Бұл таспаның келер жылғы «Оскардың» шет тіліндегі 5 үздік фильмдер топтамасына енуге толық мүмкіндігі бар. Ақан Сатаевтың фильміне «иә» деуге тұрарлық негізгі дәлелдерді келтіре кетейін.
Бірінші дәлел. «Анаға апарар жол» - көлемді эпикалық драма, картинада адамдар тағдыры бір-бірімен тығыз байланысқан әрі халықаралық көрерменді қызықтыратын тақырыптар бар: Қазақстандағы ұжымдастыру; анасынан күштеп айырылып, онымен әр жылдары қауышуды армандаған ұл; Ұлы Отан соғысы және сталинизм сұмдығы; басты кейіпкерлердің сенімі мен үміті; саналы хэппи-энд.
Екінші дәлел. «Анаға апарар жол» - алғашқы кадрдан соңғысына дейін адамгершілікке құрылған таспа. Сценарийдегі ізгілік пен алдын-ала ойластырылған орындардың жоқтығы екі сағаттық көрсетілімді жылпос арсыздың өзін ерекше сезімге бөлей алады, себебі ұлын күткен ананың, жалпы күтіп жүрген әйелдің образы барлық ғасырда да, кез-келген уақытта да түсінікті әрі мәңгілік тақырып екендігі анық.
Үшінші дәлел. «Анаға апарар жолда» саналы идеологиялық жұмыс байқалады, ол сол сәтті ғана бейнелемей, таспаның әр бөлімін бағалайтын екпінді көрермен үшін дәл жеткізе білген. Отаны мен елінің тағдыры әр адамның тағдырына азды-көпті әсер ететінін түсіне отырып, Ақан Сатаев комикстегі суперкейіпкердің емес, кез-келген жағдайда адам болып қалуға тырысқан, бар күшін өмір сүруге бағыттаған қарапайым адамның оқиғасын көрсетеді.
Төртінші дәлел. Мұхиттың арғы жағындағы іріктеушілердің ангажирлігіне қарамастан, «Оскардың» шорт-парағына кіретін таспалардың көбі таңдаудың біржақтылығын ғана бейнелемейді, ең алдымен бұл таспалар Голливудтың еуропалық дәстүрлерден жоғарылығын көрсетеді. «Анаға апарар жолдың» көлемділігі және кинотарихының адами ауқымы соның дәлелі болса керек.
«Анаға апарар жолда» продюсерлік пен авторлық киноның синтезі алдымен көрермендердің жүрегіне жол табуға бағытталған. Ақан Сатаев түсірген таспадағы адами құндылықтың жоғары бағаға ие болатынына сенгің келеді, себебі картина әр адамның өмірдің кез-келген сынағына сынбай, күресе білуді және жақсы көруді халықаралық деңгейде бейнелейді. Ең маңызды киножүлде үшін шайқаста режиссер мен барлық түсірілім тобына ең жоғары баға мен сәттілік тілейміз!
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін