È

Данияр Байдаралин: «Қазақ хандығы» келер онжылдықтағы тарихи киноның іргетасын қаламақ

Тарихи нұсқаушы Данияр Байдаралинмен сұхбат

Данияр Байдаралин, суретші, жазушы, «Садақшылық – дайындау мәдениеті және ат үстінде қазақша садақ атудың мәнері» кітабының авторы «Қазақ хандығы» хикаясының екінші маусымының түсіріліміне ат үстінде садақ атудың маманы ретінде шақырылған болатын. Данияр «Бродвей» кинопорталына берген сұхбатында «Қазақ хандығы» хикаясының Қазақстан кинематографиясы үшін маңызы мен түсірілім тобын дайындау кезіндегі әсерімен бөлісті.


- Данияр, «Қазақ хандығы» хикаясының түсірілім алаңынан кейінгі әсеріңіз қандай?

-Өте керемет әсер алдым! Түсірілім, киімдердің сапасы, кинематографистердің шеберлігі, актерлар, каскадерлар, тіпті көпшілік көріністердің өзі жоғары деңгейде болды.

-Түсірілім нақты қай жерде өтіп жатыр?

- Өзім қатысуға мүмкіндік алған түсірілім Қапшағай қаласының маңында, нақтырақ айтқанда, 2005 жылы түсірілген «Көшпенділер» фильмінің түсіріліміне арнайы тұрғызылған «Түркістан» қалашығында өтті. Әрине, басқа да нысандар болды, бірақ мен онда болмадым.

-Данияр, сіз бұрын кино және телевидение саласында жұмыс істедіңіз, түсірілімнің өту барысына көзқарасыңыз қандай?

-Иә, мен 2000 жылдардың басында Бақыт Қилыбаевтың тобында оператордың көмекшісі және монтажер болып екі жыл жұмыс істедім. Мен ол кезде Тәуелсіз Қазақстанның киносы секілді әлдеқайда жас едім. Әрине, ол уақытта Кеңес Одағы кезінен келе жатқан тәжірибелі кино түсірушілер болды, бірақ оларға мен сияқты тәжірибесіз жас қыз-жігіттермен жұмыс істеуге тура келді. Ол кезде біздің көз алдымызда қазіргі ресейлік кинематографтардың қарқынды жұмыстары жүріп жатты, ал Қазақстандық кино енді ғана көтеріліп, «Көшпенділер» фильмінің түсірілімі туралы сөз қозғала бастады.

Дегенмен, қазір, менің ойымша, жағдай жақсы жағына қарай өзгерді. Сапалы техникалық жабдықтар, тамаша декорация, киімдер, актерлер, жобаның басқарылуы, қатысушылардың кәсіби деңгейі және осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибе көрініп-ақ тұр. Аздаған кемшіліктерге қарамастан, жалпылай алғанда, қазақ кинематографистері әлемдік деңгейдегі жаңа сапаға көтерілді. Маған 2006 жылы АҚШ-та түсірілген америкалық «Суперит» фильмінің түсірілімін бақылауға тура келді. «Қазақ хандығы» фильмінің түсірілім алаңы техникалық жағынан «Супериттің» түсірілім алаңынан аса қатты ерекшеленген жоқ. Бұл қуантарлық жағдай.

Әрине, мұндай ауқымды жобаны шығару - үлкен еңбек. Жұмыс уақыты таңғы сағат алтыдан басталады, күн шыға сала түсірілімге кірісіп кетеміз, ол түннің ортасына дейін жалғасады. Содан кейін режиссер Рүстем Әбдірашев тобымен бірге ертеңгі жұмыстарды талқылау үшін кездесуге жиналады. Күнде солай. Мұндай жұмыс уақытысына күнделікті, тіпті, айлап тек нағыз мамандар ғана шыдайтыны анық.

Данияр Байдаралин және Рүстем Әбдірашев «Қазақ хандығы» хикаясының түсірілімінде

-Сізге осы жолы нақты кіммен жұмыс істеуге тура келді?

- Мен бұл жобаға дарынды қоюшы-режиссер, әріптесім әрі топтасым Мұрат Кәріповтың арқасында келдім. Ол тобымен бірге түсірілім кезіндегі көркем безендірулер мен реквизиттерге жауап берді. Бұқаралық ақпарат құралдарынан қоюшы режисерлер туралы көп естімесек те, кез-келген фильм түсіруде олардың еңбегі орасан зор. Ал «Қазақ хандығы» сияқты ауқымды жобада, олардан кәсіби деңгейдегі нәтиже талап етіледі, әлбетте олар оны екінші маусымда да көрсетеді.

Сондай-ақ, мен үшін режиссер Рүстем Әбдірашпен жұмыс істеу үлкен құрмет. Біздің ортақ қызығушылықтарымыздың көп екенін байқадым: екеуіміз де суретшіміз, тарихты және садақ атуды жақсы көреміз. Әбдірашев нағыз кино түсіруші ғана емес, түсірілім алаңының «ішкі сырын» жақсы меңгерген, жоғары білімді, жан-жақты және жәй ғана қызықты адам. Оның арқасында «Қазақ хандығы» хикаясы өз құндылықтарын айқын көрсете алды. Түсірілім алаңындағы жағдай әрдайым режиссерге байланысты. Түсірілім алаңында Әбдірашев еркін іскерлік жағдайды орнатқандықтан, әркім өз жұмысын жақсы орындай отырып, жұдырықтай жұмыла әрекет етті.

2000 жылдың басынан бері режиссер Р. Мейірманов және Г. Земелмен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқаныма қуаныштымын.

Біздің суретшілердің дайындаған костюмдері мақтауға тұрарлық, олар киімдерді тамаша әзірлеуді жақсы меңгерген. Түсірілім алаңындағы тарихи костюмдер өте жақсы, тіпті, Алматы мұражайындағы костюмдерден ешбір айырмашылығы жоқ сияқты. Шын мәнінде, көптеген костюмдер жәй ғана реквизиттер емес, шынайы қолдануға болатын жабдықтар. Бұл «Қазақфильмнің» алдыңғы костюмдерімен салыстырғанда, әлдеқайда жақсы шыққанын білдіреді. Мен өзім тарихи жабдықтармен айналысатындықтан, отандық және шетелдік фильмдердегі киімдерді бақылауда ұстаймын.

- Түсірілім алаңында актерлардан кімді кездестірдіңіз?

- Мен түсірілім алаңында болған екі күннің ішінде, негізінен, жаппай көріністер: қазақ әскерінің соғысы, ханды ақ киізге көтеру рәсімі және садақ ату көріністері түсірілді. Сондықтан, негізгі актерлар ол жерде болмады. Дегенмен, жаппай көріністерде Қапшағай қаласының 35-ші гвардиялық әуе шабуылдау бригадасынаның әскерлері болды. Маған, әскери тарихшы ретінде тарихи оқиғалардағы әскерлерді көру қызық болды. Кино түсірушілердің негізгі әрекеті: әскери қызметін өтеп жүрген сержанттарды әскербасшысы етіп киіндіріп, оларды өз әскерлерін басқаруға бұйрық беруі. Бұл процесті шындыққа жеткізді. Қазіргі әскер құрамы бұрынғы тарихты қалпына келтірді.

Түсірілім кезінде қазақтың салт атты қыздары - әйел жауынгерлердің де әскерлері болды. Бұл авторлардың ойлап тапқан ерекше үрдісі: мысалы, «Викингтер» шетелдік хикаясында скандинавиялық қыздардың әскері бар. Біздің фенемизм заманымызда мұндай тапқырлықты пайдаланбау ұят болар еді, сондықтан кинематографтарымыз бізді ұятқа қалдырған жоқ!

Қобыланды батырдың рөлін сомдаған Арман Әсеновті ерекше атап өткім келеді. «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімінде болғанымда, оны үлкен экраннан алғаш көрдім, сол уақытта денем түршігіп кетті. Қазақ жауынгерінің мұндай бейнесін осыған дейін көрген емеспін. Әсенов кадрдан гөрі шынайы өмірде қаһарлы көрінеді. Тіпті, Іле өзенінің ауқымдылығы мен төңірегіндегі үлкен тастарға қарамастан, ол сенімді әрі зор тұлғалы болып көрінеді, атының тұяқтары жерді сілкіп тұрған кезде, кадрды толтырып, өзіне еріксіз тартады. Ол - Ілияс Есенберлин трилогиясында суреттелгендей нағыз батыр.

Арман Әсенов

- Сіздің қатысуыңыздың мәні неде?

- Қазақстандағы аттың үстінде садақ ату жайлы жазылған жалғыз кітаптың авторы және осы істің маманы ретінде мені жаппай түсірілімге кеңесші ретінде шақырды. Менің міндетім, садақшы актерларды «қазақша» садақ атуға, яғни садақ атуда арнайы саусақты пайдалануды үйрету және осы көріністің сәтті шығуына атсалысу. Бұл іспен бұрыннан бері айналысқандықтан, ұрыс алаңында садақ атуды ұйымдастырдым. Ақыр соңында, садақшылармен бірге өзім де кадрға түсіп қалдым. Осылайша, кеңесші, садақшылардың командирі әрі актер-статист болдым. Бұл орта ғасырдағы қамалды қорғағандай әсер қалдырды. Жебенің ұштары резеңке болса да, біз садақты жаппай ату кезінде барлығын жақсы көрсете білдік.

Бұл кадрлар монтаж кезінде алынып қалмай, фильмнің соңғы нұсқасында көрінеді деп үміттенемін. Қазақтар да, барлық Еуразия жауынгерлері сияқты аттың үстінде садақтасуды меңгерген, біз бұл брэндті насихаттап, көрсете білуіміз керек. Дәл қазір әлемде аттың үстінде садақтасу өнеріне көңіл бөлінген тұста, басқа халықтардың ішінде Қазақстан аттың үстінде ату өнері арқылы өз орнына ие болуы қажет.

- Сіздің ойыңызша, заманауи мәдениетте және Қазақстан кинематографиясында «Қазақ хандығы» хикаясының алар орны қандай?

- Мен әуел бастан кеңестік және тәуелсіз Қазақстандағы тарихи киноларды мұқият бақылап келемін. Біз бала кезімізден «Отырардың күйреуі», «Батыр Баян», «Сұлтан Бейбарыс» фильмдерін, «Көшпенділер», «Кек», «Моңғол» кеңестік жобаларын, жігер беретін «Жаужүрек мың бала» фильмін көріп өстік, жақында «Құнанбай» деген тамаша фильмін және «Қазақ хандығы» хикаясын көрдім.

Егер осы фильмдерден тізім жасасақ, онда Қазақстан ақырындап әлемдегі «көшпелі» киноның орталығына айналып келеді. Ал аттағы каскадерлердің жұмысы бізде әлемдік деңгейде қойылған, қазір үлкен тарихи фильмдер, Голливудтың өзін қосқанда, Жайдарбек Күнгожиновтың Nomad Stunts тобының қатысуынсыз өтпейді.

Менің ойымша, «Қазақ хандығы» келер онжылдықтағы тарихи киноның іргетасын қаламақ. Бұл туындыны біздің «Жұлдыздар соғысы» деуге де болады. Кинематографистердің бірнеше буынына жұмыс істейтін ұлттық фильм бір ғасырдың көрермендерін ғана емес, сондай-ақ, шетелдіктерді де қуантатын болады. «Қазақ хандығы» тобынан әлі талай үздік туындыларды жарыққа шығаратын жас кинематографшылардың бүтін бір тобы шығады десем қателеспеймін.

- Қазақстандық кинематографқа не тілегіңіз келеді?

- Осы қарқында жалғастыра берсін! Менің құрметті әкем, балетмейстер Жанат Байдаралиннің «Жол жүрсең бітеді» деген сөзімен аяқтаймын.

 

Данияр Байдаралинге сұхбаты үшін алғыс білдіреміз!

Әңгімелескен Мадина Кегенбаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер