È

Телеэкранға «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» сериалы шығады

Телеэкранға «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» сериалы шығады

Наурыз мерекесінің құрметіне орай демалыс күндері қазақстандықтарға «Қазақ хандығы . Алмас қылыш» фильмінің теленұсқасы көрсетіледі. Тұсаукесерлік көрсетілім «31 арнада» 19-23 наурыз аралығында.

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» - Қазақ хандығының құрылуы туралы он сериялы фильм. Картинадағы оқиға XV ғасырдың ортасында болған, сол кезде Керей сұлтан мен Жәнібек Әбілқайыр ханнан бөлініп, өздері жеке мемлекет құруды ұйғарады.Шайбани хан мен ойрат тайпаларынан бостандыққа кетуге ұмтылған екі сұлтан көп нәрсені құрбан етіп, жан-жаққа шашырап кеткен көшпенді тайпалардың басын біріктіруге біраз күш салады. Картинадағы барлық оқиғаны халық данасы Асан Қайғы баяндайды.

Ірі тарихи жобаның идеясы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Картина Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» шығармасының негізінде түсірілген. Шығарманы фильмнің сценарийіне бейімдеген Смағұл Елубай және Тимур Жақсылықов. Режиссеры Рүстем Әбдрашев.

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильміндегі негізгі рөлдерді Еркебұлан Дайыров, Аян Өтепбергенов, Қайрат Кемалов, Кәмшат Жолдыбаева, Іңкар Әбдраш және басқалар түсті.

Естеріңізге сала кетейік, тарихи драманың кинотеатрланған нұсқасының тұсаукесері 5 қаңтарда болды. Отандық кинематографистердің жұмысының көрсетіліміне мемлекет басшысы қатысты.

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» сериалы 19-23 наурыз аралығында «31 арнада» 22:00-де көрсетіледі.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

15 наурыз 2017, 21:37

Это получается каждый день по 2 серии, надо посмотреть

Михаил

17 наурыз 2017, 20:57

ну наконец то

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер