È

«Тамаша уақыт»: Уақыт минуттармен сырғып барады

«Тамаша уақытқа» пікірнама

Ағайынды Бена мен Джошуа Сэфдидің «Тамаша уақыты» биылғы жылы Каннда табысты болып, «Үздік саундтрек» жүлдесіне ғана ие болған еді. Тек Педро Альмодовар жетекшілігіндегі қазылар алқасының нашар көретіндігіне таң қалмасқа болмайды, олар барлық жағынан жарып шыққан жұмысты лайықты түрде бағалай алмады. Көп дүниеге уәде беретін авторлық дуэт өзіне аса сенімді және Нью-Йорктің әлеуметтік тұңғиығын зерттейді. Сэфдилер «Құдай біледі» атты алдыңғы картинасында синопсистің күрделі нұсқасына жүгінген еді, ол жақта жас нашақор қыз мегаполис көшелерінен махаббатын табады, «Тамаша уақытта» да махаббат бар, бірақ басқа қырынан көрінген. Баяндамасындағы ағайындылар махаббаты бұрмаланған әзіл ретінде берілген, дәл осы дүние таспаны ерекшелікке толтырып, залда отырған көрермендерге уақытты ұмыттырып, экрандағы бар көріністі тапжылмай тамашалауға итермелейді. «Тамаша уақыттағы» зор шынайылық сценарий мен жылдам монтаждың арқасында бір жарым сағатқа созылған. Басқалардан аса ерекшеленбейтін, B санатындағы қарапайым әрі тонау туралы баяндайтын триллерді синопсиске бір ғана құпия дүниені – басты кейіпкердің ақыл-есі кем інісі Никті (Бен Сэфди) қосу арқылы қылмыстық драмаға айналдырып жіберу үшін үлкен дарын керек-ақ.

«Тамаша уақыт» сәттілігінің құпиясы 70-жылдардағы Сидни Люметтің «Иттің түскі уақыты» мен Мартин Скорсезенің «Такси жүргізушісі» сынды көлемді туындыларының иығында пара-пар тұруында шығар. Таспа 2017 жылғы кейіпкерлерді, Америкадағы Дональд Трампты оп-оңай сыйдырып әкетеді. Ал желілік сценарийінен Конни Никас (Роберт Паттинсон, «Ымырт», «Мені есіңе ал») пен аурушаң інісі Никтің неліктен қылмыстық жолға түсіп, банк тонауға барғандарын біз біле алмаймыз. Оқиғаның авторлары ретінде ағайынды Сэфдилер мен Рональд Бронштейнге бұл туралы жұмыстың арасында айту оңайырақ, олар ата-аналарының жоқтығына, әжесінің тәрбиесі мен отбасылық қарым-қатынастағы мәселелерге сілтей салады. Оның үстіне, ағасына қарағанда Ник әлеуметтен оқшауланған адам ретінде көп нәрселерге үлгере алмай қалады, ол психологиялық түрде қорғансыз, «Тамаша уақыттың» кіріспесіндегі психоаналитиктің сұрақтарынан-ақ шатасып, жылап жібереді. Паттинсон кейіпкері фильм барысында нашар шешімдер қабылдайды, «Ымырттың» бұрынғы жұлдызы өзін мүлдем басқа қырынан танытады, өзіне аяушылық сезімді оятады, бірақ жағымсыз қылықтар көрсетіп, жек көрінішті пікір қалдырады. Уыттылық – бұл бүкіл әлемге қарсы шығатын Коннидің мәнезін дәлме-дәл сипаттайтын үздік сөз шығар.

Ағайынды Сэфдилер үшін «Тамаша уақыттағы» шынайы әлем әр көріністегі ерекше жігер мен мегаполистің менмұндалап тұратын жарқын қызылкүрең мен көгілдір түстері, Шон Прайс Уильямстың теңіз ауруымен ауырғандағы қиналысы арқылы көрініс тапқан. Ірі планмен көрсетілген барлық жағдайларды кейіпкердің жүрегімен сезінесіз. Дэниэл Лопатиннің электронды музыкасын ерекше атап өту керек, ол көптеген көріністерді жылдам түрде баяндай отырып, Tangerine Dream мен Вангелистің VHS-триллерлеріне жасаған әйгілі саундтректерін еске түсіреді. Көріністер мен диалогтарға қарағанда мазасыз әуендер мен жалықтырып жіберетін бит басты кейіпкердің санасында не болып жатқанынан хабар береді. Тіпті, соңғы көріністердің өзінде Лопатин мен Игги Поптың бірігіп жасаған жұмысы «The Pure and the Damned» трегі шырқалғанда, көрерменді жібермей, «Тазалар әрдайым махаббатқа бөленеді, қарғыс атқандар да махаббатпен қозғалады» дейді. Сэфдилер жұмысына қанағаттанып, олардың эпизод актерларымен дұрыс жұмыс істей алғандығын айта кету керек, актерларға экрандағы қысқа уақытқа қарамастан, ойларындағыдай тәжірибе жасауға еркіндік берілген, сол арқылы жарқын әсер қалдыра алады. Дженнифер Джейсон Ли, Баркхад Абди және Талия Уэбстердің рөлдері жағымсыз кейіпкерлердің образы бола тұра, ұзақ есте сақталады. Таспаның жалғыз флэшбэгі айрықша, ол шартты түрде босатылған Рэйдің (Бадди Дурес) хикаяларын баяндайды, осы дүние фильмнің әсерлілігін күшейтсе керек.

«Тамаша уақыт» Конни мен оның ар-ұяты арасындағы балансты сынайды, бұл нәрсе ағайынды Сэфдилердің экранды материалын төмен деңгейдегі сынамалы триллер ретінде көрсетеді. Осы жағдай ерекше әсер қалдырып, оларды заманауи кинодағы айрықша бағыты бар режиссер ретінде сипаттайды. Яғни, ағайындылар таспасында күнделікті тұрмыстағы клаустрофобияны ғана емес, адамгершілікті де сыйдыра білген. Паттинсон ойынының арқасында сызат түскен ағайындылар махаббатына қарсы жүгіріп шыққан түнерген адам бейнесін көреміз. Себебі, махаббат қана оның өмірін және кадрдағы көріністерін айқындайды. «Тамаша уақытты» басты мәселесі – бұл финалдың тұрақсыздығы, өйткені 24 сағаттың ішінде ағайындылардың өмірі өзгерді ғой дегенде, жаңалықтар ретінде жеңіл топтамалар ұсынылады. Өзінше әсерлі болып табылатын таспа тәуекелшіл істердің өзі бір күні аяқталып, әлемнің қайтадан күнделікті көңілсіз, боямасыз күйге түсетінін бейнелейді.

 

 

Киноға Сергей Бутаков барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер