È

«Тақтардың ойыны. 7 маусым»: Ал, бастаймыз ба?!

«Тақтардың ойыны» пікірнама

«Бастаймыз ба?»

Қазіргі таңдағы басты хикаяның жетінші маусымының бірінші бөлімін дәл осы сөзбен Дейенерис Таргариен аяқтайды.

Ойын басталды, бізді алда талай қызықтар күтіп тұр. Жуырда барлық сұрақтарыңыздың жауабын білетін боламыз және «Қыс жақындап қалды» сөзінің күшін сезінеміз. Шындығында, қыс жақындап қалғандай, одан қашып құтылу мүмкін емес...

«Тақтардың ойыны» жәй ғана хикая емес, одан да жоғары туынды. Бұл мәдениетті феномен. Әр маусым сайын оның бюджеті де, көлемі де өсіп жатыр. Соңғы жылдары картина заманауи өмірдің ең басты телевизиялық блокбастеріне айналып үлгерді.

Фильм қызу талқылануда, түрлі пікірлер айтылып жатыр, жалпы, халық бұл киномен өмір сүріп жүр. Жыл сайын «Тақтардың ойыны» фильмінің бізді таң қалдыра алуы қиындап бара жатқандай. Алғашқы маусымында әр кейіпкер үшін алаңдап, қорқатын едік. Енді олардың жанкүйерлерінің саны көп болғандықтан, авторлар кейіпкерлерді өлтіре алмайтындай дәрежеге жетті. Сондықтан, кейбірі өліп, қайта тіріліп, енді бірі ештеңеге қарамастан аман қалып жатады.

Жаңа маусымның бірінші бөлімі «Айдаһар тасы» деп аталады. Бұл негізгі оқиғаның алдындағы басты дайындық іспетті. Дауыл алдындағы тыныштық десе де болады. Бөлімде аса қызықты ештеңе болмайды, дегенмен өздеріне берілген рөлді жақсы атқарып шықты.

Бөлімде барлық кейіпкерлер көрсетіледі және кезекті әсерлі оқиғаға көрерменді дайындайды. Біз Арья Старктың қайда бара жатқанын, Төбет пен ағайындылардың не ойлағанын, Серсеяның кімге сеніп жүргенін, Джон Сноудың тағы да неден хабарсыз екендігін және ең бастысы, айдаһар шынысын қайдан табуға болатынын көреміз.

Бөлім әдеттегідей қарапайым көрінуі мүмкін. Өйткені, ол жақта талқылауға тұрарлық ештеңе жоқ, қазір ғаламторда жанкүйерлері бұл туралы әңгіме де қозғамайды. Барлығы рет-ретімен қойылып, дайын күйінде ұсынылған (тура Цитаделидегі Сэмвелланыкі секілді).

Танымал әнші Эд Ширанның эпизодтық рөлде пайда болуын және Цитаделидегі Сэмвелла Тирлидің ауыр өмірін әсерлі сәттер деп атауға болады.

Жалпы, шоу басталды. Жақын күндері ұйқысыз түндерді және қызу талқылауды бастан кешеміз. Дайын болыңыздар әрі спойлерден алыстау жүріңіздер.

Содан кейін, өтініш, «хикаяны көрмейміз» деп мақтанбай-ақ қойыңыздаршы, бұл мақтануға тұрарлық нәрсе емес.

 

Киноға Жанкелді Өмірәлиев барды

«Бродвей» редакциясы «Тақтардың ойыны» жетінші маусымы бірінші бөлімінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Alma TV компаниясына алғыс білдіреді.

 

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер