È

Шын қаласаң, табасың

Шын қаласаң, табасың

Disney кинокомпаниясына тиесілі Pixar студиясының Оскар сыйлығын иеленген «В поисках Немо» атты анимациялық фильмі экранға шыққалы 13 жыл болыпты. Осы уақыт ішінде балалардың тағы бір буыны өсті. Олардың ішінде ең болмаса жүз баланың оныаталған мультфильмнің бар екенін біледі. Сондықтан режиссерлер Эндрю Стэнтон мен Энгус МакЛэйнге «В поисках Дори» атты сиквел түсіруге тура келді. Бір жағынан танымал оқиғаның жалғасын баяндау керек болды, бір жағынан оны жаңа сюжет секілді етіп жаңарту қажет болды.

Дори – көп сөйлейтін көк түсті хирург-балық, оның есте сақтау қабілеті әлсіздеу. Балақай бір сәтте ата-анасы – Дженни мен Чарлиден адасып қалады да, үйге қайтар жолды есіне түсіре алмайды. Оған ешкім көмектесткісі келмейді, бірақ ол тағдырдың жазуымен Марлин атты сайқымзақ сарғыш балықтың отбасымен танысады. Оның әйелі жыртықыштарға жем болған, енді ол Немо есімді ұлын жалғыз өзі тәрбиелеуде. Оқиға бір жылға алға озады: біраз өсіп қалған Дори балықтар мектебінде оқытушының көмекшісі болып жүреді, ол көші-қон сабағына қатысады. Мұғалім Мистер Скат кішкентай балықтарға қалай жүзіп өтуды үйретеді және сол кезде Дори өз ата-анасын ойлап, сағынады. Ол өзінің туған жерін есіне алады, сөйтіп ол өзінің сарғыш достарын ертіп, теңіз тасбақасына мініп, «теңіз маржаны» Калифорниядағы Морро-Бэй қаласына аттанады.

Мультфильмдегі персонаждардың көпшілігі Теңіз өмірі институтының өкілдері, бұл мүгедектерге арналған сауықтыру орталығы іспеттес. Мұнда бас кейіпкер адамдардың әлемінде жақсы таныс физикалық және рухани кемшіліктері бар құстарды, балықтарды кезіктіреді. «В поисках Дори»жас көрермендерге түсінікті және қарапайым тілмен мүмкіндігі шектеулі құрдастарына қандай қарым-қатынас жасау керектігін түсіндіреді. Мультфильм ата-аналар үшін балаларына мүгедек балалардан қорықпай, қайта оларға қолдау білдірудің, олармен достасудың маңызды екенін түсіндіруге үлкен көмекші болмақ.Осы үшін де режиссердің алдында бас июге болады.

«В поисках Дори» мультфильмін жасаушыларға тағы бір құрметеке лайық. Олар қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға басты назар аударған. Дори тап болған теңіз өмірі институтының басты ұраны , – «Құтқарамыз, емдейміз, еркіндікке жібереміз». Бұл да болашақтабелгілі актер немесе кәсіпкер болғысы келетін жас көрермендерге көрсетілген тәрбие. Табиғатты аялау, биосфераны бағалау, осындай байлықты сақтауға еңбек ету туралы үлкендердің өздері ойлана бермейді. Сондықтан барлық үміт өскелең ұрпақта. Сюжет бойынша Институттың жетекшісі рөліндегі актриса қоршаған ортаны ынтызарлықпен қорғаушы Сигурни Уивер, ал орыс тілінде дыбыстаушы ресейлік хайуанаттар туралы бағдарламаның жүргізушісі Николай Дроздов.

Мультфильмде көтерілген көптеген маңызды тақырыптардың ішіндегі басты ой – Доридің ата-анасын іздеуі. Әрине, туған үйін, ата-анасы мен жақындарын аман-есен табуды жасына қарамастан бәрі армандайды. Ашығын айтқанда есейіп кеткен Дори қиындықтарды жалғыз жеңіге үйренді, сонда да ата-анасын табу өмірлік мақсаты емес, еркелік қана. Бұл драматизмді азайтады. Бірақ кішкентай көрермендер үшін өмірлеріндегі ең маңызды адамдар ата-ананың қадірін түсінуге, бағалай білуге әсер етеді.

Жалпы алғанда мұның бәрі ішкі мазмұны. Ал сырт көзге «В поисках Дори» - әрбір бөлшегіне дейін ойластырылған әдемі көрініс, кейіпкерлерінің, теңіз өмірінің шынайылығы соншалық, теңіздің тереңіне сүңгіп кеткің келеді. Барлық сұлулық әдемі әзілмен әрленген. Вся эта красота приправлена отменным юмором. Мұндағы әзілдер ешкімді бей-жай қалдырмайды, әрбәр әзіл өте тапқырлықпен қолданылған әрі күлкілі. Бұған суретшілердің шеберлігін қосуға болады, олар әр балықтың іс-қимылын түсінікті етіп бейнелеген.

Осы сұлулықтың сыртында махаббат қалып қояды. Тек Чарлидің: «Ол жалғыз өмір сүре алады деп ойлайсың ба?» деп Джениге қарата айтылған үлкендердің санасындағы сұрағы қызының тағдырына алаңдаулы екенін ғана білдірмейді, балықтың өз отбасын құру тақырыбын да қозғайды. Бірақ бұл романтикалық вектор жалғасын таппайды. Бұл өте дана әрі дұрыс шешім деп есептейміз. Өйткені балаларға арналған мультфильмде махаббат лирикасының қажеті де жоқ.

Мультфильм тамашалағанда бала нені қалайды? Қызықтап күлкісі келеді, әсерлі трюктерді, жарыстарды көргісі келеді, дастархан басында ата-анасы мен жақындарын таң қалдыру үшін жарқын деген бірнеше фразаны жаттап алғысы келеді, (үлкендердің қалауы да осы). Мұнда тәрбиелік мәні бар, бірақ асырса сілтемейтін мәтінді қоссақ, нағыз заманауи анимациялық фильмнің үлгісі деп айта аламыз. Әрине сюжеті жоғарыда атап өткен «В поисках Немо», «Зверополис» мультфильмінен артық деп айта алмаймыз, дегенмен «В поисках Дори» де басқалардан кем түспейді. Мультфильм өте сапалы, классикалық драматургия негізінде түсірілген, демек, анимациялық туынды балардың да, тіпті үлкендердің сұранысын 100% қамтамасыз етеді. Мультфильмнің көрсетілімі алдында көрермендерді Pixar студиясының тосынсый күтіп тұр.

 

Киноға барған Альберт Ахметов

«Бродвей» кинопорталының редакциясы арнайы көрсетілімге шақырғаны үшін «Меломан» және Chaplin cinemas кинотеатрлар желісіне алғыс білдіреді.

 

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса