È

«Таиландтағы демалыс»: Күн, теңіз, жағалау, шөп

«Таиландтағы демалыс»: Күн, теңіз, жағалау, шөп

Клипмейкер Ален Ниязбеков былтырғы жылы көркем фильмдегі режисерлік қырын ашты және дебюті ретінде Қазақстан киноөндірісінде табысты деп танылған комедия жанрын таңдады. «Питерден келген оралман» барлық жағынан орташа шыққанына қарап, алғашқы жұмысы сәтсіз шықты деп айта алмайсыз. Енді, міне бүгін Ниязбековтың көрермендерді көптеген тосын жағдайлар күтетін «Таиландтағы демалыс» жаңа картинасы көрсетілімге шығады.

Картина сюжетін қысқаша былай баяндауға болады: екі студент пен олардың жолы болмаған оқытушысы еріксіз Таиландқа тап болады, дегенмен жақсы көңіл көтереді. Осы уақытта оларды қарақшылар да аңдып жүреді. Ал қалғанының барлығы әртүрлі қоспаларына табиғаттың әдемі бейнесіндегі күнбағыс майы араластырылған винегрет секілді. Режиссер фильмнің бірінші кезекте достық, қолдау мен қол ұшын беріп көмектесу жайлы екендігін айтты.

Көптеген қазақстандық оқиғалы комедиялардан «Таиландтағы демалыс» қалыптасқан қағидалардан айналып өтуімен ерекшеленеді. Сіздер бұл фильмнен толып жатқан туыстық мәселелер мен күлкілі қазақи дәстүрлерді, сондай-ақ, басқа да ұлттық ерекшеліктерді көрмейсіздер. Бұл картина американдық «Вегастағы балалар» комедиясына көбірек ұқсайды. Үнемі дәстүрлі құндылықтар мен қазіргі заманауи өмірді салыстырып, қарсы қоятын көптеген отандық комедиялармен салыстырғанда жаңаша тың жоба болмақ.

Фильм кейіпкерлері негізінен әртүрлі және шетелдік кинолардың стандарттарына негізделеді. Картинаның артықшылығы ретінде үш басты кейіпкерді атап айтуға болады: қу, шөпті жақсы көретін сумақай Алпысбаев (Дидар Жексеков); есі шыққан тарих пәнінің оқытушысы Асқат ағай (Нұрлан Қоянбаев) және адал әрі ұяң Ермек (Қуаныш Жылжақсынов). Осы үшеуі фильмнің ең күлкілі тұстарын ұзарта түседі. Өзін-өзі жоғары бағалайтын, курстағы қыздардың сүйіктісінің рөлі жаңадан бастап келе жатқан актер, осымен екінші фильмде физикалық бітімімен ерекшеленетін Газрет Ержановқа үйлесе кетті. Ал жас дебютант-актрисалар өкінішке орай, жасанды әрі дұрыс ойнай алмады. Жан Байжанбаев қылмыстық істердің басшысының рөлін сомдайды және Алпыспаевтың іс-әрекетінің арқасында оны жағымсыз тосын сый күтіп тұрады, ал оның рөлінің қаншалықты сәтті шыққанын көрермендер шешеді. Оның қол астындағылар да күлкілі әрі сәтті шыққан.

«Демалыс» туралы айта келе, бұл Нұрлан Қоянбаевтың айналымда үлкен табыс әкелген «Қазақша кәсіп» фильмінің екінші бөлімінен кейінгі үшінші продюсерлік жобасы екенін еске сала кеткеніміз артық болмас. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш картина «Аға ма әлде неке ме?» фильмінің табысынан асып түсіп, отандық айналымда рекордтық көрсеткіш орнатқан болатын. Қазақстандықтардың жағалаудағы шытырман оқиғалары экранға шыққаннан кейін қаншалықты танымалдылыққа ие болатынын, алда білетін боламыз.

Жалпылай алғанда, «Таиландтағы демалыстың» көрермендерге ұнауға мүмкіндігі зор және келесі жылы ремейкке ие болуы да мүмкін. Иә, фильмнің берері көп болмағанымен, көруге қызықты әрі көңілді. Әсіресе біздікіндей қыс суық болған кезде. Жақсы көріп қайтыңыздар!

Киноға барған Варвара Литвинова

 

«Бродвей» редакциясы «Таиландтағы демалыс» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Kinopark Theatres пен S­ulpak Cinema компаниясына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер