È

«Картоп жегіштер» фильмі жайлы пікір

Картоп жегіштер» фильмі жайлы пікір

Қазақ киносы бүгінде әлемнің беделді байқауларында оза шауып, түрлі жүлделермен қоржынын толтыруда. Ұлттық киноның даму үдерісінде жастардың да үлесі зор. Олардың қатарына режиссер Шарипа Оразбаеваны қосуға болады. Жуырда режиссердің «Картоп жегіштер» атты кезекті фильмі жарыққа шықты.

Фильм Қазақстанда алғаш рет 17-18 қыркүйек айында өткен «Байқоңыр» Республикалық қысқаметражды кинофестивалінде көрсетіліп, Бас-жүлденің иегері атанды.

Фильм қап арқалаған бала бейнесімен басталады. Ол жанұясының күнкөріс деңгейінің төмендігіне байланысты, әке-шешесі жұмыс істейтін бақшадан картоп ұрлаумен айналысады. Сөйте тұра әке-шешесін сырт көзге ұятқа қалдырмау үшін, күзетшіге ұсталып қалмауды ойлайды.

Винсент Ван Гогтың «Картоп жегіштер» туындысының әсері болу керек шамасы, режиссер фильмнің оқиғасына бейнелеу мәнерлілігін шеберлікпен жеткізе білген. Және де фильмнің соңғы эпизоды осы туындының сахналық қойылымымен аяқталады. Алғашқы кадрларынан басталған кейіпкерлердің үнсіздігі басты назарды іс-әрекет пен кейіпкердің сезіміне аударады. Кейіпкерлер арасындағы өзара қатынастар, эмоция, ым мен ишаралар арқылы түсінікті. Фильмде режиссер тарапынан қоғамдық мәселелерге деген сыни және батыл қөзқарас бар.

Режиссердің пікірі: Фильмнің идеясы нидерландық суретші Винсет Ван Гогтың ең алғашқы туындыларының бірі "картоп жегіштер" деп аталатын картинасы негізінде келді. Ондағы қарапайым жұмысшылар қандай қиындықтар болса да, өздерінің бір үзім нанын жеу үшін мойымай, қайраттылық танытуы мені ойландырды. Сценарийді негізі өзім жазам, сценаристтермен жұмыс істеуге ұмтылдым, бірақ әлі сценаристер тарапынан құлшыныс көрмедім, көбісі ізденгісі, жұмыс істегісі келмейді, ал жаза алатындар қыруар ақша сұрайды. "Картоп жегіштер" фильмінің сценарийін Қазақфильмнің «Дебют» шығармашылығына ұсынғанмын, бірақ сен бұрын-соңды бұл бірлестікте фильм түсіргенсің деп қолдау көрсетпеді. Сосын оны өзімнің қаржыма түсіруге бекіндім. "Boggaci" студиясына барып, оператор Александр Богачевқа жолықтым. Фильм екі күнде түсірілді.

P.S. Қысқаметражды туындылар үлкен жұмыстардың бастамасынан хабардар етіп, режиссердің болашағына барар жолдама екені анық. Бұл дегеніміз, кино саласының қалыпты өндірістік жағдайына ұрынбай, эксперименталды көрсеткіштер арқылы режиссердің өзіне тән кино тілін, көзқарасын қалыптастыратын мүмкіндігі. Сондықтан, қазақ киносының өркендеу мақсатында қысқаметражды фильмдерге баса назар аударып, жете зерттеу нысанына айналдыру маңызды.

Ержан Жұмабеков

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер