È

«Әділдік оқтары»: DC-дің ізденіс бейнеті

«Әділдік одағына» пікірнама

Хронология бойынша «Әділдік оқтары» «Бэтмен Суперменге қарсы», «Өзін-өзі өлтірушілер тобы» және «Ғажайып әйел» фильмдеріндегі хикаяны жалғастырады. «Әділдік оқтары» авторлары «Бэтмен Суперменге қарсы» фильміне сілтеме жасап отырады, сол арқылы франшиза режиссерінің ауысуы DC әлеміне пайдалы болғандығын көрсетпек.

Әрине, Зак Снайдердің жарты жолда DC комикстерін экрандаудан бас тартқаны салмақты себепке байланысты, оның қызы қайтыс болды. Бірақ, оның орнына бұрын Marvel-дің екі «Кек алушылар» фильмінің экрандауымен айналысқан Джосс Уидон келді де, аз ғана уақыттың ішінде DC әлеміне жігерлілік пен баяндаудың жеңіл түрін ұсына білді. БАҚ ақпараттары бойынша, Зак Снайдерден «Әділдік оқтарын» қабылдап алған жаңа режиссер бірнеше көріністерді қайта түсірген. Зак Снайдер ресми түрде режиссер болып көрсетілгенімен, «Әділдік оқтарының» соңғы нұсқасы Уидон қиялынан туындаған.

Супермен өлді. Жерде түрлі қиындықтармен әрең арпалысып жүрген Бэтмен қалды. Ол кейде адамға, кейде шыбынға ұқсайтын бір ғаламшарлық мақұлықты ұстап алған болатын, сол жауыз Лютердің жазбасындағы басты үш кубты тастап, қашып кетеді. Осы уақытта Ғажайып әйел адамдарды банкты жарғысы келген бұзақылардан құтқарады. Суперкейіпкерлер Жерге келген ғаламшарлық мақұлықтың Дала қасқырының тыңшысы екенін біледі. Қасқырдың артефактқа көзі түсіп жүр, ол барлығына қарсы шығу үшін топ жинап жүр екен. Бэтмен Ғажайып әйел арқылы теңіз әміршісі Акваменді, жарық сияқты жылдам Флэшті және жартылай робот Киборгты шақырады, барлығы Дала қасқырына қарсы шығады.

Алдымен, баяндаудың жеңіл түрі көзге түседі. Джосс Уидонның жұмысынан «марвелдік» леп есіп тұрғандай... Флэш образын осылай ғана түсіндіруге болады. Ол өте ақылды, жаңашылдықтың бәріне бала көңілмен қарайды. Мұндай әрекет «Кек алушылардағы» Өрмекші адамның қимылына ұқсайды. Ал Флэштің костюмі Темір адамның киіміне ұқсаған. Marvel-дің кейіпкерлеріне ұқсайтын дүниелер басқа да эпизодтарда көрініс табады. Әрине, Marvel-дің жүріп өткен жолы DC әлеміне де табысты болатыны сөзсіз. Бірақ, әркім өз өнімін жарыққа шығарғаны дұрыс. Себебі, «Әділдік одағын» «Кек алушылармен» салыстырады, бұл нәрсенің DC әлеміне пайда әкелмесі анық.

«Бэтмен Суперменге қарсы» фильмінен кейін «Әділдік одағында» кейіпкерлер мен сюжетті ашу жағынан алға жылжу байқалады. Дегенмен, кемшіліктер де жоқ емес. Авторлар жеңіл баяндама үшін мазмұнын тәрк еткен. Жауыз Дала қасқыры үстіртін көрсетілген, сюжетінде айла-әдіс болмаған соң қарапайым көрінеді. Үш кейіпкер DC комикстерінің экрандалған нұсқасына алғаш рет шығып отыр, Флэш, Киборг пен Акваменді сомдаған актерлардың ерекше дарыны болмаса, көрермендер авторлардың мотивациясын жылдам түсіне алмас еді. Аса қырағы көрермендер байқап қалған бірнеше дүниелер бар. Фильм авторларының Польшадағы барлық тақтайшалардың неліктен орыс тілінде жазғаны және ал халықтың Чернобыльге ұқсайтын қалаларда тұрып, аралас славян тілдерінде сөйлейтіні жұмбақ болып тұр. Тағы бір нәрсе, фильмдегі арнайы қорғау қызметтерінің неліктен Жерге шабуылдаған ғаламшарлық мақұлықтарға қарсы әрекет етпейтіні таң қалдырады. Мұндай дүниелерді киноға жәй ғана жағымды уақыт өткізуге келген немесе сынамайтын көрермендер байқамай қалатын шығар.

Дегенмен, көрермендерге жағымды әсер сыйлайтын бірнеше көріністер бар. Біріншіден, тамаша актерлік құрам. Ғажайып әйелді сомдаған Галь Гадот, Бэтмен образындағы Бен Аффлек, Генри Кавилл, Джейсон Момоа, ерекше дарынды Эзра Миллер – барлығы керемет. Актерлік құрам өз жұмысын 100%-ға орындады, халыққа сүйікті кейіпкерлерін тамаша көрсете білді.

Фильмнің артықшылығы – DC фильмдерінде көп кездеспеген әзіл. Оның үстіне, трейлердегі Бэтменге қатысты әзіл қарапайым болып көрінген. Әрі қарай да күлкілі болатыны сөзсіз, кейіпкерлердің барлығы әзіл-қалжыңға өз үлестерін қосқан. Тіпті, кейде экранда Флэш болмаса да, көрерменннің іші пыспайды, кинодағы жағдайлар қатты күлкі тудырмаса да, жымиюға тұрарлық.

Әзіл аяқталған кезде экшн басталады. Кинода ол жеткілікті. Шайқас көріністері керемет емес, дегенмен сапалы бейнеленген және арнайы эффектілермен көмкерілген «Әділдік одағы» жақсы шыққан. Әлемнің мықтыларымен күресетін машина-адамдар IMAX арқылы көрсек, ұзақ уақыт есте қалады. Голливуд техникалық жағынан өз белгісін сақтап тұр, экшнді жақсы көретіндер DC-ның жаңа фильмінен жағымды әсер алатыны анық.

Музыкалық сүйемелдеуі ерекше шыққан. Sigrid орындайтын «Everybody knows» атты ең алғашқы ән комикстер экрандауына ерекше ахуал сыйлайды. Композитор Дэнни Элфман дыбыстарды әдемі түрлендіре білген, классикадан бастап, рок бағытына дейін оны түрлі жанрлармен көмкерген. Marvel-ді қатты көшірмес үшін, кіші Гари Кларк орындаған «Come Together» рок-композициясы соңына таман қалдырылған, бүл туынды «Әділдік одағын» эффектті кульминациядан аздап алыстатады. Басқа жерлерде музыка жағына сұрақ жоқ.

Нәтижесінде, картина жақсы шыққан, тек сынап-мінеуді тежеу қажет. Кез-келген шығармашылық ізденіс жаңашылдыққа бет бұрғанда бір нәрсені жоғалтуы мүмкін. «Әділдік одағы» да DC әлемінде бастысы бола тұра, комикстер тарихындағы үздік экрандау емес. Студияның сыйлаған жігерлілігі жаңартылған бағыттың болашақта ерекше қалыпқа түсіп, жаңашыл бояуларға ие болатындығынан үміттендіреді. Бастысы, студия ерекше сәттерге көңіл бөліп, комикстерін көңілді пародияға айналдырмаса болғаны.

 

«Әділдік одағы» кестесін кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

 

 

Киноға Альберт Ахметов барды

 

«Бровей» редакциясы «Әділдік одағы» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін «Астана Банкі» АҚ-на, Sulpak cinema компаниясына және Kinopark Esentai 11 IMAX кинотеатрына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер