È

Мөлдір Әуелбекова: «Ең бастысы отбасымды бақытқа кенелту»

Мөлдір Әуелбекова: «Ең бастысы отбасымды бақытқа кенелту»

Отандық эстраданың дарынды әнші қыздарының бірі, «KешYou» тобының бұрынғы әншісі, аяулы жар - Мөлдір Әуелбекова өзінің шығармашылығы, актерлық тәжірибесі және отбасы туралы әңгімелеп берді.

2006 жылы Баян Есентаев ең табысты герлз-бентердің бірі «КешYou» тобын құрды. Топтың бірінші құрамына Мөлдір Әуелбекова да кірді.

Мөлдір, сіз өзіңіздің үлкен сахна үшін жаралғаныңызды қашан білдіңіз?

- Білесіз бе, мені кішкентайымнан әртіс ретінде тәрбиеледі. Сондықтан есімді білгелі мен әнші болуды армандадым. Алғашқы кездерде көптеген байқаулар мен дауыс тыңдау сынақтарына қатысып жүрдім. 2004 жылы SuperStarKz жобасына қатыстым. Осы жобаның арқасында бірінші рет үлкен сахнаға шықтым. Дәл осы жоба мен үшін үлкен тәжірибе болды. Өйткені сол жерде әр апта сайын тікелей эфирде ән салу керек болды! Жоба аяқталғаннан кейін Қазақстан бойынша концерттер беру басталды, осылайша балалық арманым орындала бастады.

Топ құрамынан кеткеннен кейін Мөлдір жеке әнші ретінде карьерасын жалғастырды, бірнеше клиптер түсірді. Біраз уақыт «Қазақстан» телеарнасында «Елім менің» жобасын. HiT TV арнасында түрлі жобаларды жүргізді. «КешYou» құрамында жүргенде ол Баян Есентаеваның «Ғашық жүрек» («Коктейль для звезды») фильміне түсті.

- Көптеген қазақстандықтардың есінде сіз әнші болуды армандайтын, Мейрамбек Беспаевқа құпия ғашық Мөлдір ретінде қалдыңыз. Өзіңіздің актерлық тәжірибеңіз туралы айтып беріңізші. Фильмдегі кейіпкеріңіз бен өз өміріңізде ұқсастық бар ма?

- 2010 жылы маған «Ғашық жүрек» фильмінің кастингіне қатысуға ұсыныс жасалды. Мен бағымды сынап көрдім және режиссер Асқар Ұзабаев мен басты рөлге бекітті. Көрерменнің көңілінен шығу үшін барынша күш салдым. Ал кейіпкерге келетін болсақ, мінезіміздің кейбір тұстарында ұқсастық бар. Мен де дәл сол секілді сенгіш, аңқаулаумын. Осы ұқсастықтан болар мен рөлге жақсы еніп кеттім. Бірақ кейіпкердің өмірі менің өміріммен еш ұқсастығы жоқ. Бақытыма орай, мен махаббат пен жылуға толы үлкен отбасында тәрбиелендім.

«Ғашық жүрек 2» фильмінен кадр

Актерлық карьераңызды жалғастыру туралы ойланып көрдіңіз бе?

- Мүмкін, әншілігіммен қатар актерлықты да алып жүрермін. Бірақ мен ондаған жылдар бойы вокалдық білім алғандықтан мен үшін ең бірінші орында үлкен сахнада ән салу.

Қай отандық режиссердің фильміне түскіңіз келеді?

- Ақан Сатаевтың фильмінде болар. Маған ол кісінің жұмыстары қатты ұнайды. Оның фильмдерінің мағынасы терең. Сондай-ақ маған режиссердің актерлерді таңдауы да ұнайды. Егер ол кісіден ұсыныс түсіп жатса, бас тартпаймын. Осындай режиссермен жұмыс істеп үлкен тәжірибе жинақтауға болады.

Әншілер мен актерлердің арасында кумиріңіз бар ма?

- Әртістердің арасында кумирім жоқ. Менің таңдауым қашанда белгілі бір әнге немесе рөлге түседі.

Белгілі бір уақытқа дейін Мөлдір еліміздегі ең көрнекті қалыңдықтардың бірі болды. Енді міне, өткен жылдың желтоқсан айында әнші тұрмыс құрды.

Оқырмандарды қызықтыратын сұрақ, Мөлдір секілді ару қандай жігіттің бағына бұйырды және ол жұбайының шығармашылығына қалай қарайды:

- Әрбір қыздың арманы - өз ошағының отын жағу, түтінін түтету. Мен осы мақсатыма жеттім. Менің жұбайымның есімі Арыстан. Ол - өзімнің жерлесім, Тараз қаласының тумасы. Арыстан өзімнен бір жас қана үлкен. Ол кәсіпкер, ауыл шаруашылығымен айналысады. Шығармашылыққа ешқандай қатысы жоқ болса да, әрдайым маған қолдау білдіріп отырады, менің мамандығыма құрметпен қарайды. Осы үшін мен оған алғыс айтамын. Егер менің алдымда отбасы немесе сахна деген таңдау тұрса, мен әрине, отбасымды таңдар едім. Өйткені әрбір әйел үшін сүйікті жар, аяулы ана атанудан асқан бақыт жоқ қой.

- Әр адамда өзін қиын кезде қолдайтын, қателессе жол сілтейтін адамы болады. Сіздің өміріңіздегі осындай адам кім?

- Сөзсіз, бұл менің ата-анам. Олар менің қамқоршым да, ақылшым да, ұстаздарым да, кеңесшілерім де. Менің мінезімді қалыптастырған ата-анам, олар үнемі "рухани сұлулықтың белгісі - қарапайымдылық" деп отырады.

Өмірдегі ұраныңыз қандай?

- Қазақтың халық мақалдарында айтылған даналықтарды құптаймын.

Көктемде әнші жұбайына арналған «Бiрге жанымыз» атты клип түсірді.

Осы жылға жоспарыңыз қандай?

- Менің жұмысым өте көп: жаңа әндер жазу, клип түсіру, фотосессиялар. Бәрін тізіп шығу мүмкін емес. Бірақ ең бастысы - отбасымды бақытқа кенелту. Алла қаласа, ана атанғым келеді.

Мөлдір Әуедбековаға сұқбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

Сұқбаттасқан Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер