È

«Кек алушылар: Мәңгілік соғыс»: Әлем үшін шайқас

«Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» фильміне пікір

Айналымға Marvel-дің көптен күткен «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» фильмі шықты. Әлемдегі кассалық жинағы бұл блокбастерден ешкімнің оза алмайтынын дәлелдеп отыр.

Әлем дүниеге келгенде ерекше сиқырлы күшке ие Алты мәңгілік тас пайда болған. Егер оларды біріктірсе, иесі бүкіл тірі жанды бір ғана саусақпен құрта алады. Тасты көптен бері сұмдық Танос іздеп жүрді, ол мақсатына жетуге сәл-ақ қалды. Бірақ, оның жолын құнды жәдігерлерге ие және әлемді құрып кетуден сақтап қалғылары келетін кек алушылар мен Галактика сақшылары торуылдайды.

«Мәңгілік соғыс» - дилогияның бірінші бөлімі. Сондықтан, әрі қарай жалғасын күте беріңіздер, сонымен қатар көптеген оқиғаларды шынайы қабылдап қалмаңыздар. Жаңа картина әрине, алғашқы таспаларынан-ақ кинокомикстер әлемінде болған апогейге айналған Marvel тобының керемет атқарылған жұмысы болды. Мұнда Жер мен Галактиканың барлық мықты кейіпкерлері жиналған, әрқайсысының фильмдегі өз орны мен уақыты бар. Бірақ, картина одан маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Керісінше, сценаристер «Мәңгілік соғысты» жеңіл түрде қабылдайтындай жасаған. Сонымен, бұрын бір-бірінің бар екенін білмеген кейіпкерлер ақыры танысты. Кейіпкерлер көлемді Әлемнің әр бұрышында жүріп, ғарыш құбыжықтарымен шайқасады, зұлымдармен күреседі. Баяндама көптеген оқиғалардан желісін жоғалпайды, көрермендерге барлығы түсінікті әрі қызық.

Марвелдік фильмдердің ерекшелігі жоғары деңгейдегі әсерлі экшн-көріністерінде ғана емес, сондай-ақ залдағы аудитория күтетін фирмалық әзілінде болып отыр. Мұнда экрандағы оқиғаны әзілдер шоуына айналдырмайтындай барлығы өз орнымен құрылған.

Кинотаспаның басты антогонисті - Таносты (Джош Бролин) айналып өтуге болмас. Бұл тұста да Marvel блокбастерлер құру тәсілін ұтымды пайдаланған. Маңыздысы, Танос Әлемді құртқысы келетін жәй ғана жауыз емес, ол – тағдырларды шешуші болуға өзіндік себебі мен бэкграунды бар кейіпкер. Оған жеткілікті уақыт берілген, сол аралықта көрермендер оқиғаны сезініп, тіпті Таносқа аяушылық білдіріп үлгереді.

«Мәңгілік соғыстың» жалғыз кішкентай кемшілігі ойыннан кейбір кейіпкерлердің шығып қалатын соңғы көріністері деуге болады. Негізі, олардың өлімі «Кек алушылардың» жанкүйерлері үшін әсерлі сәт болуы тиіс еді, бірақ өкінішке қарай, көрермендер басқа картиналарда кейіпкерлердің қайта оралатынын біледі ғой, себебі шоудың жалғасуы міндетті.

Алайда бұл да көрермендерге экраннан ләззат алуға кедергі келтірмейді. «Мәңгілік соғыс» қиялды қайран қалдырып, жалғасын күту мақсатымен құрылған. Демек, фильм 100%-ға өз міндетін адал атқарып шықты.

«Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» фильмінің кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

 

 

Киноға Айдана Мамаева барды

 

«Бродвей» редакциясы «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Meloman Entertainment және Chaplin MEGA Park-қа алғыс білдіреді.

 

Оцените рецензию

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

16 мамыр 2018, 23:16

Осудили ДС теперь вам и ответ, с другой стороны Танос красавчик. Фильм держал на позитиве Стражи Галактики, Фильм дух давал Ваканда, Фильм тащил на себя ТОР.

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист