È

«Үміт» кинофорумы өтті

«Үміт» кинофорумы өтті

«Үміт» кинофорумы өтті

2016 жылдың 28-31 қазан айында Бишкек қаласында төртінші «Үміт» - ТМД елдерінің кинофорумы аталып өтті. Форумды МФГС (Москва) қолдауымен Қырғызстан Республикасының Мәдениет және туризм министірлігі, Кинематография Департаменті өткізіп отыр. Бас серіктес – Синематика желісі. «Үміт» форумының басты мақсаты – ТМД елдерімен өзара байланыс орнату, мәдениет пен кинематография саласындағы дарынды жастарды қолдау болып табылады. Конкурстық бағдарлама төрт секциядан құралды: «Көркем фильмдердің халықаралық байқауы», «Деректі фильмдердің халықаралық байқауы», «Ұлттық көркем фильмдердің байқауы», «Ұлттық деректі фильмдердің байқауы». Бұл кинофорумның ерекшелігі де осы. Халықаралық байқауда шет елдік фильмдермен қатар үздік деп танылған қырғыз фильмдері қатысады. Ұлттық өндірістегі фильмдер назардан тыс қалмау үшін, өзге де жас кинематографистерінің мүмкіндігін көрсетуге арналған «Ұлттық фильмдерің байқауы» ескерілген. Қазақстанда бұрын соңды ұйымдастырылған халықаралық фестивальдерде мұндай тәжірибе қолданылмаған. V-ші «Бастау» студенттік фильмдер мен киномектептердің халықаралық кинофестивалі төңірегінде орын алған жағдай, нақтырақ айтқанда студенттердің наразылығы, осындай бағдарламаның қажеттілігін көрсеткен болатын.

Акыйкат Аскаровтың Гран-При алған сәті Сонымен қатар, форумның ұйымдастыру жұмысын қазақстандық кинотанушылар да жоғары бағалады: Гульнара Абикеева: «Ұлттық фильмдер байқауына шетелдіктер, ал халықаралық байқаудың әділ-қазығылығына қырғыздар шақырылған. Қандай дана шешім. Жастардың қысқаметражды фильмдері болса да, ұлттық киносын жоғары деңгейде бағалайды». Назира Мұқышева: «Мемлекеттің жастарға қолдау көрсетіп отырғаны байқалады. Конкурсқа қатысқан деректі жəне көркемсуретті фильмдердің 80 пайызының титрынан "Қырғызфильм" деген жазуды көруге болады (тіпті, студенттік фильмдерден де). Жергілікті кинематографистердің айтуынша, жастардың фильмдеріне аса қомақты қаржы бөлінбесе де, аз қаржы мен техникалық көмектің өзі олардың кино түсіруге деген құлшынысының артуына тигізетін ықпалы зор дейді».

Форум аясында ТМД, Балтия, Батыс Европадан 50-ден астам фильмдердің көрсетілімі өтті. Ашылу салтанатында Монреал Халықаралық кинофестивалінің «Золотой Зенит», қазақстандық киноакадемиясының «Орта Азияның үздік фильмі» номинациясы бойынша «Тұлпар» сыйлығының иегері «Әке өсиеті» (реж. Бакыт Макул, Дастан Жапар Уулу) фильмі көрсетілді. Байқаудың басты жүлдесін қырғыз елінің «Заплыв» (реж. Акыйкат Аскаров) фильмі алғаны да кездейсоқ емес. 60-70-ші жылдардан бергі «қырғыз ғажайыбы» (кыргызское чудо) феноменімен сабақтастығын үзбеген қырғыз киносы осылайша қарқынды дамып келеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер