È

«Еркектер не туралы айтады екен. Жалғасы»: Сол баяғы әңгіме ғой...

«Еркектер не туралы айтады екен. Жалғасы»: Сол баяғы әңгіме ғой...

«Квартет И» шығармашылық ұжымы құрамына негізінен қазіргі Ресейдің ең беделді актерларының бірі ретінде өздерін баяғыда қалыптастырып үлгерген Леонид Барац, Александр Демидов, Камиль Ларин және Ростислав Хаит кіреді. Олардың жасаған «Сайлау күні», «Радио күні» және «Еркектер не туралы айтады екен» сияқты жұмыстары көпшіліктің көңілінен шықты және танымал бола бастады.

Әсіресе, төрт еркектің бүкіл фильм бойы футбол, машина, жұмыс және әйел жайлы талқылаған оқиғалары барлығына ұнады.

2010 жылы шыққан «Еркектер не туралы айтады екен» картинасы Ресей киносына өзіндік жаңа леп әкелді. Нәзік юмор, өткір диалогтар, ирониялық ойлар, ақылды пайымдаулар фильмнен нағыз жанрды тудырды. Әдетте, мұндай жағдайда бір жылдан кейін фильм жалғасы түсіріліп, сәтсіз шығады, дегенмен, фильм өз көрермендерін тауып, ерекше әсер қалдырады.

Сонымен, жеті жыл өткеннен кейін үшінші бөлімі шығады, кейіпкерлер қартая бастаған және олардың мәселелері мен уайымдары мүлде басқа, бірақ олар әлі де сол туралы, яғни, жұмыс, әйелдер, футбол және тағы сол сияқтыларды талқылайды.

Алғашқы екі бөліміне Дмитрий Дьяченко режиссерлік етсе, жаңа бөлімі заманауи үрдістерді ескере отырып, телеарналық жобалар мен хикаяларда жұмыс істеген белгілі Флюза Фархшатоваға сеніп тапсырылды. Жаңа режиссерлік жұмыстың алдыңғы бөлімдерінен айырмашылығы бар деп айта алмайсыз, мұнда да сол ракурстар және көріністер, сол әуендер (алғашқы бөлімдегідей композиторлары танымал Би-2 болды) және дәл сол техникалар қолданылды. Бір кемшілігі продакт-плейсмент өте көп, оны байқамау қиын.

Қалғаны жаман емес – фильм онсызда түпнұсқаға жетпейді, дегенмен ол сиквелге қарағанда жақсы шықты. Сюжет барысы кенеттен достардың Питерге баруынан құрылған, онда олар қыдырады, ішімдік ішеді, әрине, әңгімелеседі. Одан бөлек, қосымша Алесей Барабаштың орындауындағы тағы бір досының күлкілі әрі жеңіл шыққан сюжеті бар.

Бастысы, фильмдегі әңгімелер мәнсіз немесе барлығы жайлы. Бұл жолы кейіпкерлер өздерінің жасына байланысты жеке мәселелерге және қартаю, отбасы, ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасына, өмірдің мәнін іздеуге философиялық тұрғыдан көп көңіл бөледі. Осының барлығы зор кекесінмен комедияны тудырады.

Жалпы, жалғасы сәтті шықты деп айтуға болады. Иә, бұл көпшілікке шексіз болып көрінуі мүмкін, бірақ, толықтай алғанда жаман емес, әңгімелер жағымды, ойы да жақсы. Фильм кейіпкерінің бірінің ақылына сүйенсек – кішкентай нәрсеге қуана білу керек және барлық жақсылықты байқау қажет, бақыт деген осы емес пе?! Адам болудың өзі бақыт.

Флюза Фархшатованың «Еркектер не туралы айтады екен. Жалғасы» фильмінің кестесі кинотеатр афишаларында қолжетімді.

Киноға барған Жанкелді Өмірәлиев

«Бродвей» редакциясы «Еркектер не туралы айтады екен. Жалғасы» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Meloman Entertainment-ке және Lumiera Cinema кинотеатрына алғыс білдіреді.

 

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист