È

Қоғамдық сұрақ

Қоғамдық сұрақ

Әлеуметтік кино – көрерменге күнделікті адамдар арасында кездесетін күрделі мәселелерді жеткіу, Мұндайда режиссердің өзіне ғана тән стилі қалыптасады, осы арқылы ол адамның ішкі жандүниесі мен өмірге әсер ететін сыртқы факторларды көрсетеді. Әлеуметтік кино біреуге ұнайды, енді біреуге ұнамауы да мүмкін, біреудің ашуын келтірі, енді біреулердің қолпаштауына ие болып жатады. әлеуметтік кино қалай, қандай ақшаға түсіріледі, картина өз авторларына коммерциялық жағынан пайда әкеле ме, бұл туралы режиссерлер Серік Әбішев және Азиз Заиров әңгімелеп берді.

Қаржыны қалай табуға болады?

Серік Әбішев: «Әлеуметтік киноға қаржыны мемлекеттік мекемелер мен қорлардан іздеу керек. Бұл фильмнің тақырыбына да байланысты. Мысалы, егер фильм экология мәселесіне қатысты болса, онда «Гринписке» баруға болады. Сондай-ақ түрлі компаниялар өткізетін әлеуметтік жобалар байқауына қатысып, қаржы табуға болады. Бір нәрсені түсін керек, бұған қаржы жұмсалады, 500 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейін».

Серік Әбішев (Фото: Владимир Третьяков)

Әлеуметтік кино көрерменге қажет пе?

Азиз Заиров: «меніңше өмірде қандай жағдай болса да адам болып қалу маңызды! Әлеуметтік киноның мақсаты - өмірде бар мәселелерді суреттеу, өмірдегі өзекті тақырыптарды қозғау, өйткені осындай жолмен ғана мәселеге бүкіл қоғамның, жекелеген адамдардың назарын аудартуға болады. Осы арқылы көрерменге ең алдымен өзін, сосын әлемді жақсы жаққа қарай өзгертуге мүмкіндік беріледі. Адамның адам болып қалуына әсер ететін қасиет - жанашырлық сезімінің, ардың болуы. Сананы адамгершілік қасиеттерге негіздеу арқылы қоғам бірігеді, бірлігі күшейе түседі, өмір сүруге деген құлшыныстары артады».

Қазіргі қазақстандық әлеуметтік фильмдерді қалай сипаттар едіңіздер?

Бұл сұраққа Серік Әбішев былай деп жауап берді: «Қазақстандағы әлеуметтік киноның сипаты бұл - өмірдегі ащы шындық.Ең өткір тақырыптар қозғалады. Бұл санының аздығына байланысты болса керек. Мысалы Еуропада әлеуметтік кинода өзекті тақырыптардан бөлек басқа да басқа да күнделікті мәселелер қозғала береді.

Азиз Заиров

Өз кезегінде Азиз Заиров қазақстандық әлеуметік киноның белгілі бір сипаттамасы жоқ екенін айтты: «Кеңестік кезеңді есепке алмағанда әлеуметтік киноның жаңа толқыны Серіка Апрымов және Дәрежан Өмірбаев. Бүгінде олардың ізін басып келе жатқан жас режиссерлер Әділхан Ержанов, Эмир Байгазин. Мен қазақстандық әлеуметтік киноны нақты сипаттап бере алмаймын, өйткені талдап, салыстырып көрген жоқпын. Әлеуметтік кино не бар, не жоқ болады және олар әртүрлі. Әр режиссердің материалды ұсынудың өз әдісі, жеке көзқарасы, фильмнің формасы мен мазмұнын беру жолдары бар».

Бүгінде Қазақстанда әлеуметтік тақырыптар өзекті ме?

Азиз Заиров: «Әрине, қазіргі кзде өте өзекті деуге болады. Елімізде шешілмеген мәселелер жетерлік, бірақ осыны Министрлік түсінбейді, түсінгісі келмей ме, мемлекттік бюджеттен әлеуметтік фильмдер түсіруге мүлде қаржы бөлінбейді. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар туралы фильмдерге мемлекет демеушілік еткен емес. Алайда режиссерлер мемелкеттің қолдауынсыз-ақ ленталарды түсіруді жалғастыруда. Менің досым, режиссер Мухамед Мамырбеков екеуміз өз камерамызға қолымыз жеткен жағдайда қысқа метрлі әлеуметік фильмдерді тегін түсіруге дайынбыз, бізде көрерменге ұсынғымыз келетін өте өзекті тақырыптар бар. Бұл көрерменге қызық па? Қоғамның әлеуметтік белсенді тобына, зиялы қауымға қызық. Өйткені авторлық және әлеуметтік картиналардың тұсаукесерлерінде зал толы көрермендер отырады, әлеуметік желілерде пікірілер жазылады, сыншылар мен шолушылардың пікірлері жарияланады.

«Быть или не быть» фильмінің түсірілімі (Фото: Voxpopuli.kz)

Серіктің өзекті тақырыптар туралы айтқанымен келісуге болады, «егер елімізде азаматтық қоғам қалыптасқан болса, онда әлеуметтік киноның өз көрермені бар».

Продюсерлер мен режиссерлер осындай жобаларға қаржы қаншалықты табылады?

Әбішев: «Қазақстанда режиссерлер Әділхан Ержанов, Жанна Исабаева, Азиз Заиров қанша әлеуметтік фильм түсәреді, соншалықты».

Кинодобамен жұмыс барысында Азиз Заиров осындай сұраққа тап болды. «Біз«Быть или не быть?» фильмін болмашы қаржыға түсірдік, ақшаны бөлшектеп жинадық, ал «Девушка и море» картинасының түсірілімін тоқтата тұруға тура келді. Әзірге өздігімізбен қаржы іздестірудеміз, бірақ әзірге таба алмадық. Мүмкін біреулер жылдам қаржы табатын шығар, бұған да түрлі факторлар әсер етеді» - дейді режиссер.

«Свидетель дела №6» фильмінен кадр

Азиз түсірмек болған бірнеше әлеуметтік фильмдер киностудиялар мен телевидениелердің қаржыландырудан бас тартуына байланысты, басшылардың әрекетсіздігіне қатысты түсірілмей қалған. «Бізде жалпы атауы «АРДИ ЛЭНД» деп аталатын әлеуметтік фильмдер циклі болған, оған толықметражды, қысқаметражды фильмдер мен деректі фильмдер де енген. Жобаның синопсистерін «Казахфильм» киностудиясының бұрынғы директоры Ермек Аманшаев оқыған болатын. Оған жобалар ұнаған еді, ол ең алдымен «Я - маленький принц» деп аталатын толықметражды деректі фильмді шығармақ болған. Бірақ біз үш жыл қатарынан «АРДИ» ОО өкілі Ахтанова Әсия Тахавиевнамен бірге Аманшаевтың кабинетінің табалдырығын тоздырдық, бірақ ол кісі бізді құр сөзбен тойдырды, бірақ жобаны іске асырмады. Уақытша атауы «Директор детского» деп аталатын әдлеуметтік телесериал да түсірілмей қалды. Біз жергілікті телеарналардың басшыларымен де сөйлестік, бірақ мәселеміз шешілмеді», - деді Заиров.

Басты сұрақ, әлеуметтік кино коммерциялық жоба бола ала ма? Көрермен мұндай фильмдерді көру үшін арнайы кинотеатрларға бара ма?

Кадр «Форрест Гамп»

Азиз Заиров: «Иә, әрине. Мысалы, «1+1» - әлеуметтік фильм. Бірақ коммерциялық жобаға айнала алды, әжептәуір касса жинады. Басты рөлде Пьер Ришар ойнайтын француздық жоба «Игрушка» лентасы, «Форрест Гамп» және басқа да әлеуметтік фильмдер сәтті шыққан коммерциялық жоба. Біз де болашақта коммерциялық жобаға айналатын әлеуметтік фильм түсіргіміз келеді».

Серік Әбішев: «Әлеуметтік кино Еуропада Канн фестиваліне қатысып, прокатта пайда түсіріп жатады. Әрине, блокбастерлер қашан да көп касса жинайды, бірақ әлеуметтік фильмдерді түсіру әлдеқайда арзанырақ екенін ескерсек, картина өзін өзі ақтайды деп батыл айтуға болады. Тек көрерменді қызықтыра білу керек. Өйткені көпшілік киноға демалу үшін, көңіл көтеру үшін барады ғой, ал әлеуметтік картинаның мақсаты басқа».

Кадр «1+1»

Әлеуметтік тақырыпқа түсірілген кино қоғамның өмірін жақсы жаққа өзгерте ала ма?

Заировт,ың айтуынша, бір ғана фильммен қоғамның емес, бір адамның өмірін өзгерту қиын: «Әлеуметтік кино қоғамды дерттен айықтырудың бір ғана факторы, ол қоғамды емдейдің дұрыс жолы мен тәсілін көрсетеді. Әлеуметтік фильмдер көрерменді рухани байытады, оның көзі мен жүрегін ашады. өзінің ішінде және өмірде не болып жатқаны туралы ойға жетелейді. Нәтижесінде оның өзгеруіне әсер етеді. Бұл жерде өзгеруді әркім өзінен бастауы тиіс. Ол үшін әлеуметтік фильмдерді көру керек», - дейді Азиз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер