È

«Регистратор»: Алматылық көлік жүргізушінің өміріндегі бір күн

«Регистратор» фильміне пікірнама

«Регистратор» – танымал «Патруль» ситкомы авторларының толықметражды дебюті. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет экранға үйлену тойына, кейіпкерлердің отбасылық өмірлеріне қатысы жоқ комедия шықты. Сол үшін де «MAKE films-ке» алғыс айтуға болады.

Сюжеті қарапайым: көп уақыт бойы жұмыссыз жүрген басты кейіпкер Ержан ақыры бір күні талапты кәсіпкердің көлік жүргізушісі болып орналасады. Талаптарды мұқият тыңдап болған соң, Ержан бастығын аэропортқа апарып, әрі қарай көлікті тұраққа қоюы тиіс. Бірақ, көлікке екі досы отырған кезде, жоспары аяқ астынан өзгеріп кетеді. Ержанның өміріндегі 24 сағат нағыз сұмдыққа айналады.

Сценарий идеясы фильм режиссері әрі Айдостың рөлін сомдаған Мейірхан Шерниязовқа тиесілі. Мейіржан Төребаев басты рөлдегі көлік жүргізуші Ержанды, ал Медет Аманбаев Азаматты сомдады. Бүкіл фильм осы үштікке байланысты. Сонымен қатар, кадрда әрқайсысының өз орны бар қызықты кейіпкерлер төбе көрсетеді. Фильм түсіріліміне барлығы 9 күн кеткен, нәтижесінде лайықты әрі керемет өнімнің шығуы рекорд болып табылады. Негізі, асығыс түсірілген картиналар жақсы шыға бермейді ғой.

Фильмнің өзегі - барлық оқиғалардың регистратор секілді, салонға бағытталған тұрақты камераға түсірілгендігінде. Біз барлық оқиғаны көліктің ішінен ғана көреміз, сыртқы кеңістік мүлдем жоқ. Бұл ерекше әрі сәтті тәсіл. Мұндай түсірілім актерлардың барынша беріліп ойнауын және жиналуын талап етеді. Себебі, бұл жерде актерлік ойындағы қателіктерді монтаж бен көркемдік әдіс арқылы түзей алмайсың. Сондықтан, актерлік топ өз міндеттерін жақсы атқарып шықты деуге болады.

«Регистратордың» басты артықшылығы – фильмнің өзіндік ерекше берілуінде және оқиғалардың жылдам өтуінде. Көрерменнің іші пысып үлгермейді, бір жарым сағат лезде өтіп кетеді. Картинаның басқа да ерекшеліктерін атап өтсек: біздің көпшілік заманауи фильмдерімізде кездесетін мағынасыз әңгімелердің жоқтығы; жақсы актерлік құрам, әсіресе басты кейіпкер мен оның достары; үйлестірілген әзіл; мықты сюжеттік желі және тамаша әрленген музыка. Кемшілігі біреу ғана, бұл картинаны екінші рет көргенде, алғашқыдай күлкілі болмайды. Сонымен қатар, фильмді түсірген камераның көлік капотына бекітілгенін (ол кадрдағы қар арқылы байқалады) мінеуге болар еді, бірақ ол ұсақ-түйек қой.

Осылайша, мерекеде бір планда және бір локацияда түсірілген, бірақ көрермен назарын соңына дейін аудара алатын керемет трэшті комедияны тамашалауға болады.

 

 

Киноға Варвара Литвинова барды

 

«Регистратор» фильмінің кестесін «Бродвейдің» кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

«Бродвей» редакциясы «Регистратор» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Sulpak Cinema және Cinemax кинотеатрлар желісіне алғыс білдіреді.

 

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер