È

Шәріп Серік: «Егер қолымыздан келмей жатса, тағы да әрекеттеніп көреміз»

Шәріп Серік: «Егер қолымыздан келмей жатса, тағы да әрекеттеніп көреміз»

Отандық сериалдар арқылы танылған актер өзінің толық метрдегі алғашқы рөлін ойнады. Шәріп Серік өзінің балалық арманының қалай жүзеге асқаны туралы әңгімелеп берді. Шәріп «Районы» картинасына түсі үшін қандай қадамдарға барды, ол басқа да қандай салада өзін сынап көргісі келеді, бұл туралы сұқбаттан оқи отырыңыздар.

- Шәріп, өзіңіздің «Районы» фильміне қалай тап болғаныңызды айтып беріңізші?

- Осы фильмге кастинг жүріп жатқаны туралы Instagram арқылы білдім, Жайна Абдиеваның постын оқыдым. Бала кезімнен толық метрде ойнауды армандап келемін, өйткені бір кездері Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильмінің арқасында актер болуға деген құштарлығым оянған еді.

Мен «Районы» фильмінің кастингіне келген кезімде бір жағдай болды. Кастинг-директор маған салмақ тастауым керек екенін, өйткені мен жоғары сыныптың оқушысының рөлінде ойнайтынымды айтты. Бір жарым ай бойы диета ұстап, тынбай жаттығудың арқасында мен салмақ тастап, кастингке қайта келдім. Шынында да жас көрінетінімді байқадым, алаңдағылар менің түріме қарап таң қалды, осыдан кейін мені рөлге бекітті.

- Өз кейіпкеріңіз туралы айтып беріңізші. Ол жағымды ма, жағымсыз кейіпкер ме?

- Негізінде оны жағымды, жағымсыз деп те айтуға келмейді. Ол - өзіне ұнайтын жүйенің құрбаны. «ең мықтылар ғана тірі қалады» - оның өмірлік ұстанымы осы. Менің кейіпкерімнің аты Азамат, ол жаман жігіт емес, мінезінде көшбасшылық қасиет бар. Мен оны әділ, шыншыл деп есептеймін.Сюжет бойынша Азамат бас кейіпкер Арсенді кезіктіреді, осы танысу екі кейіпкердің де өмірін өзгертеді.

- Өзіңіз де районда өстіңіз бе?

- Мен толығымен районда өскен жігітпін. Бірақ мен бала кезімнен таңнан кешке дейін районда жүрдім деп айта алмаймын, мен музыка, би үйірмелеріне баратынмын.

- Сіздің актерлық ойыныңызға райондағы өміріңіз септігін тигізді ме?

- Иә, септігін тигізді деп ойлаймын. Кейде тіпті рөлді ойнамай-ақ бұрын өзіміз достарымызбен, сыныптастарымызбен талқылаған әзілдерімізді айтқан сәттер болды. Осының бәрін мен рөлде көрсете алдым деп ойлаймын.

- «Районы» картинасының түсірілімі кезінде қандай тәжірибе алдыңыз?

- Әбір жаңа жоба - жаңа мектеп. Біздің режиссерымызбен мен кино әлеміне тереі бойлай бастадым. Ол бәзге әрбір іс-қимылымызды бүге-шігесіне дейін көрсетіп отырды. Менің кейіпкерім тек үнсіз қалатын көрініс бар, бірақ режиссер былай деді: «Сен өзің айтқың келген мәтінді іштей айт, сол кезде сен өзіңді қалай ұстау керек екенін түсінесің». Бұл фильмде ылғи мықты актерлер ойнады, олардың жанында әлсіздік танытуға қақым болмады.

- «Районы» фильміне дейін толықметражды фильмге түсіп пе едіңіз?

- Жоқ, бұл менің алғашқы толықметражды фильмім. Дебют деуге болады.

- Сериалдарда Сіз басты рөлдерді ойнадыңыз. Көпсериалы жобалар мен толықметаржды фильмнің арасында айырмашылық бар ма?

Сериалдарда күніне біз 15-20 көрініс түсіреміз, бұл өте көп, сондықтан кейде мәтінді бірнеше рет оқуға уақыт бола бермейді. Бұл дегеніміз бізде сериалдарды нашар түсіреді деген сөз емес. Бізде телесериал түсіру деңгейі көтеріліп келеді. Қазір Қазақстанда жақсы сериалдар түсіруде. Толық метрде күніне 2-3 көрініс түсіріледі. Дайындық кезінде әрбір қадамымызды, сөзімізді қадағалап аламыз, кадрда өмір сүреміз.

- Вайндар сіздің өміріңізде қандай рөлге ие? Сіз бұған қай кезде уақыт бөлесіз, әрі қарай да түсіруді жалғастырасыз ба?

- Менің өмірімдегі ең маңызды дүниелердің бірі кино. Вайндар түсірумен бос уақытымда айналысамын, мен осы арқылы актерлік шеберлігіммен қатар, режиссерлік шеберлікке үйренемін. Тіпті 15-16 секундтық роликтердің өзіне режиссерлық ету керек, монтаждау қажет. Өйткені бұл да кішкентай кино ғой. Меніңше, біз вайндар түсіруді жалғастырамыз, күлеміз, әзілдейміз.

- Вайндар түсіру арқылы пайда табуға бола ма?

- Вайндар маркетингте өз орнын алған соң осы арқылы пайда табу мүмкіндігі туды, бұрынғыдай қызығушылықпен түсіру жоқ. Роликтің әр секундында Instagram арқылы ақша табуға болатынын түсінесің. Бұл, әрине дұрыс емес. Біз қазір Instagram желісіне арнап роликтер түсірген екі жылдық еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз. Біз досым Нұрлан Батыров екеуміз күн демей, түн демей қызықты әзілдер оцлап тауып, олардың сценарийін жасайтынбыз, музыкамен әрлеуді ойластыратынбыз.

- Өзіңіз қалай ойлайсыз, сізге танымалдық киножобалардан кейін келде ме, әлде вайндар арқылы танылдыңыз ба?

- Мен көшеде кездейсоқ жүз доллар тауып алатын немесе лотореядан ұтып алатын адамдардың қатарынан емеспін. Ешқашан өмірімде тегін ештеңе алып көрмеппін. Қашанда бәрі еңбекпен келеді. Маған танымалдық туа салған кезде келсе керек (күлді). Мен атақтылыққа ұмтылмаймын, бірақ адамдар маған: вайндарды көрген соң «Сен сондай күлкілісің» дегенде көңіліме жағып кетеді. Егер әңгіме сериалдар жайлы болса: «Сіз сериалда жақсы ойнайсыз» деген сөздер көңілімді толқытады.

Мен Еркін Рақышевтің көпсериалы«Кеш келген махаббат» атты ауыр драмасында ойнадым. Мені ылғи да комедиялық сериалда көріп үйреніп қалған көрермендер осы жолы нашақордың рөлінде көрді. Осыдан кейін мен Ақан Сатаевтың «Қара шанырақ» сериалында боксшының рөлін ойнадым. Образдарды өзгерту, мүлде басқа кейіпке ену - бұл дегеніміз ләззат. Осы тұрғыдан алғанда белгілі актер Джонни Депп өте әмбебап, ол небір образдарды жасады.

«Районы» фильмінде де мен басқа қырымнан таныламын. Мұнда мен ашуланамын да, күлемін де. Көрерменге ұнайды деп үміттенемін, мен тырыстым.

- Қазір Сіз тележүргізуші де болып жүрсіз ғой?

- Мен өзімді осы салада да сынап көрдім, өйткені маған жақын. «Жетінші арнада» «Келесі кім?» бағдарламасын жүргіздім. Мен кез келген істі қолға алудан қорықпаймын, тәжірибе жасаймын, егер қолдан келмей жатса, тағы да әрекеттеніп көремін.

Шәріп Серікке сұқбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

Сұқбаттасқан Айдана Мамаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер