È

Шарипа Оразбаева қысқа метр туралы айтып берді

Шарипа Оразбаева қысқа метр туралы айтып берді

Шарипа Оразбаева көпшілікке қысқаметражды картиналары тізбегімен, I Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестиваліндегі жеңісімен, Eurasia Spotlight-2017 питчингімен таныс. Шарипа өзінің сұхабатында қысқа және толық метрге қатысты көзқарасымен, «А» санатындағы халықаралық кинофестивальдерге қатысқысы келетінін, үлкен кино мен телевидениедегі режиссураның айырмашылығымен және қоюшы ретіндегі алғашқы тәжірибесімен бөлісті.


- Сіз неліктен режиссер болуды ұйғардыңыз?

- Мен мектеп кезінен бері қысқаша өлеңдер мен түрлі тақырыптарға әңгімелер жазатын едім. Сол уақыттан бастап режиссер болуды армандадым. Осылайша, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-на құжаттарымды тапсырып, оқуға түстім.

- Режиссерлік мансабыңыз қай жұмыстан бастау алды?

- Алғашқы жұмысымды екінші курс студенті болғанда жарыққа шығардым. Картина жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесінің желісімен қойылған.

- Сіздің «Тұл» атты қысқаметражды жобаңыз не жайында баяндайды?

- «Тұл» таныстарым айтып берген шынайы оқиға негізінде түсірілген деректі картина болып табылады. Әңгіменің маған қатты әсер еткені соншалық, оқиғаны көрермендерге көрсетуді жөн санадым. Бастапқыда толықметражды фильм түсіреміз деп ойлаған едік. Бірақ, бюджеттің жетіспеушілігінен және техникалық мүмкіндігіміздің аздығынан қысқа метр түсірдік. Сценарийін Майра Жұмабекова жазды.

- Қысқаметражды картина түсірудегі қиындықтар туралы айтып берсеңіз...

- Негізі, толық метрге қарағанда қысқаметражды фильм түсіру қиынырақ. Өйткені, режиссер қысқа ғана уақытта айтар ойын толық жеткізіп, оқиғаны баяндап, кейіпкерлерді ашып, олардың көңіл-күйін дәлме-дәл жеткізе білуі тиіс. Көптеген жас режиссерлар өз жолын қысқа метр түсіруден бастап жатады. Бұл шығармашылығын әрі өз шама-шарқын анықтау үшін өте жақсы мүмкіндік.

- Алдағы уақытта қандай Халықаралық фестивальдерге қатысуды жоспарлап жүрсіз?

- Мен «А» санатындағы жоғары дәрежелі кинофестивальдерге баруды жоспарлап жүрмін. Жоспар көп, барлығын уақыт көрсетер.

- Телевидение мен үлкен кинодағы режиссураның қандай айырмашылығы бар?

- Үлкен экрандағыдан гөрі, ТВ-дағы режиссура жеңілірек деп ойлаймын. Танымал режиссер Жан Люк Годар: «Кино мен телевидениенің айырмашылығы белгілі. Біз киноға барғанда басымызды жоғары көтереміз, ал теледидар көтергенде төмен түсіреміз»,-деп айтып кеткен ғой.

- Алдағы «Байқоңырда» қандай тақырып қозғалады деп ойлайсыз?

- «Байқоңырда» түрлі тақырыптар қозғалады деп ойлаймын. Әсіресе, әлеуметтік өткір мәселелер талқыланатын шығар.

- «Байқоңырдың» биылғы қатысушыларына тілегіңіз?

- Қысқа метр – бұл да үлкен кинематографтың бір бөлігі. Бүгінде қысқаметражды кино сапасы жағынан толықметражды картиналардан кем емес. Сондықтан, Республикалық «Байқоңыр» кинофестиваліне айтар алғысым шексіз. Соның арқасында жаңа есімдер танылып, Қазақстанның жас режиссёрларының қалыптасуына жағдай жасалып жатыр. Фестивальдің халықаралық емес, республикалық болғаны өте маңызды. Өйткені, отандастарымыздың арасында танымал болу алға ұмтылдырады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

- Заманауи режиссерлардың арасында кімді ерекше атап өтер едіңіз?

- Мен ешкімді бөліп-жарғым келмейді. Заманауи режиссерлардың әрқайсысы өздерінше ерекше.

- Толық метр түсіресіз бе?

- Жоспарлап жүрмін. Бірақ, оның не туралы болатынын кейінірек білетін боласыздар.

 

Шарипа Оразбаеваға сұхбаты үшін алғыс білдіреміз!

 

 

Әңгімелескен​ Никита Яньшин

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер