È

Владимир Толоконников. Барлығы кетеді, бірақ образ мәңгілік

Владимир Толоконников. Барлығы кетеді, бірақ образ мәңгілік

15 шілде күні 75-жасында танымал театр және кино актері Владимир Толоконников қайтыс болды. Ол Владимир Бортконың «Иттің жүрегі» фильміндегі жалғыз әрі мәнді рөлі Шариковтың образы арқылы өз есімін әйгіледі. Актерлардың көбі бір ғана рөлмен шектеліп қалғысы келмейді, бірақ солардың арасында жұлдызды сағатын күтіп жүргендері қаншама?! Владимир Алексеевич мұндай емес еді.

Болашақ әртіс 1943 жылы Алматыда дүниеге келген. Бала күнінде ұшқыш болуды армандаған. Дегенмен мектеп қабырғасында жүріп, көркемөнермен айналысады да, актер болуды ұйғарады. Толоконников мектеп бітірген соң Мәскеудегі театралды жоғары оқу орнына үш рет тапсырады. Оған түсе алмауына сырт келбетінің ерекшелігі себеп болған. Ақыры студент бола алмаған жас жігіт әскерге кетіп қалады да, ракетті әскерде үш жыл қызмет етіп келеді. 1973 жылы Владимир Алексеевич Ярослав театр училищесінің актерлік факультетін ақыры аяқтайды. Одан кейін шақырту арқылы Алматыға қайта оралып, Лермонтов атындағы драма театрында қызмет істейді.

«Иттің жүрегі» фильмінен көрініс

Өміріндегі ең басты рөлі ақымақ, дөрекі, Преображенский-Евстигнеевтің өзінен асып түскен Полиграф Полиграфович Шариков болды. Владимир Бортко ит-адам рөліне актер іздеген кезде, танымалдардың барлығын сынап көрген. Бірақ, өзіне қажетті образды таба алмады. Сол кезде Николай Караченцовтың мүмкіндігі мол еді, алайда режиссер одан дөрекі алқаштан гөрі көңілдестің рөлін көрді. Осы тұста сынамаға Владимир Толоконников келеді де, Бортко «осы кісіні түсіреміз!» деп бірден шешім қабылдайды. Сол үшін режиссер мен көркемдік кеңес арасында біраз келіспеушіліктер туындайды, өйткені кеңес белгісіз алматылық актерге басты рөлді бергісі келмейді. Владимир Толоконниковтың кинода бұдан басқа айрықша рөлі болмады. Оған «Иттің жүрегі» картинасында қалыптасып қалған ерекше образы кінәлі. Себебі, біраз режиссерлар сол образдан соң актерге қырын қарап жүрді. Ал өмірде Владимир Алексеевич «Шариков» секілді ешқашан болған емес. Керісінше, адамдарға жылулық танытып, ақкөңіл болатын. Сонымен қатар, ол өте ақылды әрі өткір тілді еді. Ақымақтықпен мүлдем санаспайтын.

«Хоттабыч» фильмінен көрініс

Әртістің кинодағы басқа рөлдеріне келер болсақ, олардың арасында Константин Одеговтың «Жаңа - Распутин. Боямасыз» көркем-деректі фильміндегі Распутин образы, әйгілі «Сиқырланған жер» мен «Громовтар» хикаяларындағы және көптеген эпизодтық рөлдері бар. 2006 жылы экранға «Хоттабыч» ғаламтор-комедиясы шыққан еді. Ол жақта Толоконников басты жынның рөлін сомдады. Картина табысты болып, жастар арасында танымалдылыққа ие болды. Ал актер «Үздік комедиялық рөл» номинациясы бойынша MTV жүлдесін алды. Владимир Алексеевичтің соңғы рөлдерінің бірі «СуперБобровтар» пародиялық комедиясындағы мәңгілік атаның образы болатын.

М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрындағы «Иттің жүрегі» спектаклінен сахналық көрініс

Владимир Алексеевич өзінің жүзден асатын театралды жұмыстарының арқасында көрермендердің махаббатына және табысқа ие болды. Оның ең жарқын рөлдері – «Париж Құдай анасының шіркеуіндегі» Квазимодо, «Бөтен біреумен жасалған отбасылық портреттегі» Тимофей және «Ревизордағы» қала бастығы. Бірақ, бұл теңіздегі тамшы ғана секілді. Өкінішке қарай, «Иттің жүрегі» спектаклінен бейнежазбалар сақталмапты, ол жақта Толоконников Шариковты мүлдем басқа қырынан танытқан. Актер Лермонтов атындағы драма театрында қырық жылдан астам қызмет істеді және жүрегі сыр бермеген кезде ұзақ жылдар бойы жұмыс істей берер еді.

Варвара Литвинова

Превью: Николай Постников

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

29 шілде 2017, 19:25

Потеряли великого артиста

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер