È

Заманауи кинодағы астамшыл адам идеясына қайта оралу

Заманауи кинодағы астамшыл адам идеясына қайта оралу

Астамшыл адам туралы әңгіме қозғалған кезде, Бэтмен мен Супермен секілді супер кейіпкерлер еске түсетіні анық. Мұндай фильмдер көрінісінің артында керемет бір күшке ие кейіпкердің жағдайға орай туындаған қиындықтары, рухани цензормен күресі тұратындай.


Астамшыл адам – бұл жігері мен қалауы, әрекеттері ешқандай шектеуге бағынбайтын тұлға.

Заманауи кинодағы астамшыл адамның қандай болатынын дебютант пен корифейдің жанр бойынша ұқсас екі картинасы арқылы анықтап көрейік.

«Құлай берілу» (2013) – Дэмьен Шазеллдің дебютті жұмысы, ол өзінің «Ла Ла Ленд» (2016) атты екінші фильмі үшін көптеген жүлделерге ие болған. Жалпы, дебютті фильмі жас музыкант Эндрю Ниман мен оның ұстазы, талапшы дирижер Теренс Флетчер туралы баяндайды. Эндрю әйгілі джаз барабаншысы болуды армандайды. Көрермендер сахна сыртындағы оркестр өмірімен танысады. Хикаяны көре отырып, атақты болу үшін махаббаттан, намыс пен өз-өзін аяушылықтан арылу керектігін түсінеді. Барабаншы бұл жолды Флетчердің жетекшілігімен жүріп өтеді. Ұстазы өз студенттерінің арасынан әйгілі музыкантты байқап, тәрбиелеуді армандап жүретін. Жетекшісі де өзіне назар аударуды талап етеді. Ол қоғам алдында оқушыларын суицидке және күйзеліске итермелейтін аяусыз жауыз болып көрінеді. Флетчер осы образға сай қатаң талап қояды. Дегенмен, Эндрю ішкі әлеуметтік мақұлығын өлтіру үшін жалғыз өзі әрекет етеді.

«Құлай берілу» фильмінен көрініс

Астамшыл адамның бейнесін көрсететін екінші фильм - режиссер М.Найт Шьямаланның «Сплит» (2016) картинасы. Кевинде тұратын 23 тұлғаның ішінде Жыртқыш бар. Кейіпкердің Орда атты басқа есімі бар, ол құрбандыққа шалу үшін үш қызды ұрлап әкетеді. Мұның барлығы Жыртқыштың ерекше күшке ие болуы үшін қажет. Ұрланған қыздардың бірі Кейси қамқоршы ағасының зорлығын көрген. Көрермендерге кейіпкердің балалық шағынан үзінді көрсетіледі, сол арқылы қыздың қазіргі мінезінің себебі түсінікті болады. Ол кезде бойжеткен зорлаушының бейнесіндегі Жыртқышты өлтіру мүмкіндігін пайдаланбаған болатын. Ал қазір Кэйси Кэвинді атып тастайды, бірақ тым кеш еді... Өйткені, Жыртқыш жаңа күшке ие болады. Енді бізде астамшыл күшке ие екі кейіпкер бар. Нәтижесінде, кейіпкердің ешқайсысы жеңілмейді: маньяк керемет күшке ие болады, ал қыз тірі қалады.

«Сплит» фильмінен көрініс

Бір қызығы, екі режиссер де «Дәл осылай Заратустра айтқан» еңбегінде астамшыл адам туралы айтып кеткен неміс ойшылы Ницшеге сүйенген. Эндрю Ниман әйгілі барабаншы болу мақсатына жету үшін ерекше күшке ие болады. Кейси ойдың әсерінен, мәжбүрліктен туындаған күшке ие. Маньяк та керемет күштің иесі. Оның адамшылық қасиеттері өледі де, Жыртқыш қалады. Кэвиннің басқа адамға айналу кезінде өлмейтін қасиеті пайда болады.

Негізі, бұл тақырып жаңа емес, әлемдік мәдениетте де нақтылыққа ие бола алмады. Дегенмен, IMDB рейтингіне қарасақ, «Шоушенктен қашу» (1994) үздік болған. Осыдан, астамшыл адамның барлық кезде де өзекті екеніне көз жеткізе аламыз.

Бұдан шығатын қорытынды, заманауи кино кейіпкерлер арқылы адам төзгісіз жағдайларда ішкі адамшылықты сақтап қалудың қиындығын және даралығын жоғалтып алғандары көрсеткісі келеді. Мұндай тәжірибе көрермендерді астамшыл адам болуға талпынған кейіпкердің хикаясын қызықтауға шақырады.

Айдана Жанәділова
Болат Ысқақов

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер