È

«Алғашқылар дәуірі»: Енді тартылыс жоқ

«Алғашқылар дәуіріне» арналған рецензия

Мәдениет министрлігінің қолдауымен бе, әлде жүрек қалауы ма, биылғы жылы үш бірдей продюсер Федор Бондарчук, Тимур Бекмамбетов пен Сергей Сельянов ғарыш туралы кең көлемді картинаны түсіруге кіріскен. Бондарчук осы жолы да жасөспірімдерге арналған слоу-мо кейіпкері мен басты рөлдерде суперсәнбикелері бар жәй ғана туынды түсірген болса, Бекмамбетов пен Сельянов алғашқы әлемдік ғарыш державасының батырлығын, тарихын ақтаруды жөн санаған.

Жыл басында «Салют-7» мен «Время первых» жобалары ғарышкерлер күніне шығуға таласқан еді. Бекмамбетов Дмитрий Киселев түсірген фильмнің ешқандай бәсекелесі болмау үшін («Форсаж 8» фильмінің тұсаукесер күнін жылжытуға тырысты) барын салып, тиімді күнді таңдап алады. Бұл әрине, ресейлік кинотеатрлар жүйелерін ашуландырмай қоймады. Ақыры, барлығы бір келісімге келді. «Время первых» («Алғашқылар дәуірі») осы аптада көптеген ТМД кинотеатрларында көрсетіледі.

Картина ғарышкер Алексей Леонов пен оның серіктесі ұшқыш-ғарышкер Павел Беляевтің батырлығына арналады. 60-жылдар... Суық соғыс кезіндегі АҚШ пен КСРО арасындағы ғарыш жарысының нағыз қызған шағы. Америкалықтар жақын уақытта ашық ғарышқа адам жіберу үшін дайындалады. Сондықтан, академик Королёвтің жетекшілігімен «Восход-2» кемесінің ұшу уақыты 1967-жылдан 1965 жылға ауыстырылды. Бұл тарихи сәтті бүкіл әлем тапжылмай бақылап отырды. Олардың көкейінде «берілген тапсырманы кеңес ғарышы бұлжытпай орындап, үйге аман-есен орала ма екен» деген сауал тұрды.

Рухтандыратын, мотивация беретін «Время первых» («Алғашқылар дәуірі») киносы көрерменге ұнау үшін барын салды. Бекмамбетов пен картина продюсерінің бірі Евгений Миронов барлығына ұнау мақсатымен жобадан «Майор» мен «Дурак» сынды ымырасыз әрі қаталдау картиналары арқылы танылған режиссер Юрий Быковты ығыстыруына тура келді. Оның орнына «Елки», «Черная молния» және «Джентльмены удачи» ремейкінің авторы Дмитрий Киселевті шақырады. Мерекелік киноларды жасаушы ретінде ол жігерлі туындыны дүниеге әкелуге тырысты. Картина бір жағынан, «Шынайы болған оқиға ізімен» деген тартымды теңеуімен көрерменді өзіне тарса, екінші жағынан романтикалық мелодрама мен классикалық бадди-муви жанрын біріктірді.

Негізінде, картинаның бірінші бөлігі Алексей Леонов пен Павел Беляевтің қарым-қатынасына арналады. Дегенмен, оларды достық қарым-қатынас деп атау қиын. Миронов рөліндегі шыдамсыз әрі албырт Леонов ақылға қонымсыз әрекеттер жасайды. Оның жанында ақылды әрі салмақты Беляевтің рөлін сомдайтын Хабенский жолдасының әрекеттеріне ақырын ғана қарсылық танытып отырады. Мироновтың кейіпкері жараланған Беляевтің ауруханадағы палатасының терезесінен қарайды, «Оның қалай жүгіргеніне қараңдаршы!» деген сөзімен Королёвтің көлігінің астына қарай ұмтылады. Мұның барлығы сырт көзге нағыз ер азаматтық достық болып көрінеді. Алайда, Хабенскийдің кейіпкері өз серіктесіне достық сезіммен қарай қоймайды.

Мироновтың ойынына қарап отырып, кезінде экранда «Достоевский мен Кафка кейіпкерлерін сомдаған керемет актер қайда кеткен?» деп сұрағың келеді. Оған өзінің қайыңдарға деген сенімсіз махаббатымен (бұл жерде ғарышқа, дегенмен орыс даласындағы мұртты әкейдің бояуы бәрібір байқалады) Сережа Безруковтың қайдан және қашан қосылғаны беймәлім.

Әрине, картинаның бар қызығы екінші бөліміне жиналған. Осы жерде ашық ғарышқа сапар басталады. Киселев көрермен бойын ұлттық мақтаныш сезімімен байыту үшін бар күшін салады. Міне, өзінің бар күш-қуатымен Ұлы Держава алдарыңызда тұр. Мұның барлығы голливудтық бояумен жеткізіледі. Леонов пен Беляев сөз арасында қалжыңға да орын береді, әсіресе көрермен: «Бізде барлығы неге төменнен басталады?» деген секілді әзілге ерекше жымияды. Ал алыс бір Жерде академик Королёвтің жүрегі тынымсыз соғып аласұрады, экран алдында әйелі мен қыздары тапжылмай бар көріністі бақылап отырады. Оқиға аса назар аударта қоймайтын арнайы эффектілер мен «Соғысты өткердік, аштықты да көрдік, өлген жоқпыз, енді бұл жолы да аман қаламыз!» деген сөздер аясында өрбиді.

Көрермен кезінде дәл осындай кейіпкерлер мен қызықты диалогтардан құралған «Экипаж» ремейкін ұнатқаны секілді «Алғашқылар дәуірін» де жақсы көріп кететіні сөзсіз. Киселев көрермен көңілін дөп басатын эмоцияға толы (отбасы, шаңырақ,отансүйгіштік, ерлік, ұлы тарих) кино жасап шығарды. Дегенмен, мұның барлығы арзан ойындарға ұқсайды («Гравитация» пайда болған жылдары өтіріктен сызылған хромакей аясындағы Мироновтың үлкейтілген бейнесіне қарап отыру), бұл тек мөр үшін ғана жасалған екінші орындағы әрекеттер секілді. Бірақ, мен шынайы Леонов, Беляев, Королёвті және олардың жасаған ерлігін құрметтеймін.

«Алғашқылар дәуірі» картинасының көрсетілім кестесін «Бродвей» кинопорталының кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

«Бродвей» редакциясы «Алғашқылар дәуірі» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін «Меломан» компаниясына және «Bekmambetov cinema» кинотеатрына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

17 тамыз 2017, 11:38

кстати, да. С Форсажем как то некрасиво вышло в итоге)

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер