È

«Евразии-2016» жабылу салтанаты: үміт

 «Евразии-2016» жабылу салтанаты: үміт

XII Халықаралық «Евразия» кинофестивалі мәресіне жетті. Алматы қаласында Республика Сарайында өткен фестивальдың жабылу салтанатына көп адам жиналдығ кинемотографистер, эстрада жұлдыздары, фестивальдың құрметті қонақтары бас қосты. «Евразиямен» бірге «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі де аяқталды. Сондай-ақ Кинемотграфия өнері мен ғылымының Ұлттық академиясының «Тұлпар» жүлдесі де отандық кинемотографияда жетістіктерге жеткен жандарға табыс етілді. Академия кәсіби киномотографистерді алғаш рет марапаттап отыр. «Тұлпара» жүлдесінің триумфаторлары «Құнанбай» фильмі, ол көмтьеген техникалық марапаттарды иеленді және Ерлан Нурмухамбетовтың «Жаңғақ ағашы» фильмі үздік режиссура үшін марапатталды.

"Құнанбай" фильмінен кадр

Жүлделер әділетті түрде бөлінді деуге де болады. Бір қуантарлығы, академиктер үздік фильм ретінде тарихии картиналарды емес қарапайым халықтық комедияны таңдады. . Радует то, что академики выбрали лучшим фильмом скромную по масштабам народную комедию, нежели большие исторические картины. «Евразияның» ресейлік режиссер Валерий Тодоровский бастаған қазылар алқасы да марапатты есеппен таратты. Осылардың ішінде екің жүлде ерекше қуантады: іздік актержүлдесі Юрий Борисович Померанцевке ( «Раз в неделю» фильмі), кеңе-қазақ киносы мен театрының ардагеріне берілді, ал үздік режиссер атағы режиссер Әділхан Ержановқа «Қаратас ауылындағы оба» фильмі үшін берілді. Әрине, «Евразия» фстивалінде өзіміздің киногерлердің жүлде алғаны жақсы, бірақ Жанна Исабаеваның «Бөпем» фильмінің марапатталмағаны аздап қынжылтады. Бұл өте мықты картина біздің елімізге өте қажет. Сондай-ақ жүлдегерлер қатарына Эмир Байгазиннің «Жаралы періште» ілінбегені де өкінішті.

Фестивальдың басты жүлдесін Грузия мен Ресейдің бірлесіп түсірген режиссер Русудан Глурджидзенің «Дом чужих» фильмі қанжығалады. Бұл фильм Абхазиядағ соғысты бастан өткеріп, бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр болған екі отбасы жайлы. Саяси соғыс жайлап жеке адамдар араснджағы соғысқа айналады. Картина фестивальдың фавориті болған еді: «Дом чужих» - әдемі эстетикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларға негізделген фильм-элегия. Грузин фильмдері әлеуметтік-этнографиялық тақырыптарымен, мықты кинемотографиялық формасымен қашанда фестивальдарда көзге ілінетін. Міне, «Евразияда» олар өздерінің мықты екнін тағы бір мойындатты. Грузия фильмді «Шет тіліндегі үздік фильм» категориясы бойынша Оскарға ұсынып отыр.

"Жаралы періште" фильмінен кадр

Фестивальды қорытындылаған лента атақты британ режиссеры Кен Лоучтың «Я, Дэниэл Блейк» фильмі. Бұл фильм биыл Канн фестивалінде «Пальманың алтын бұтағын» иеленген. Мұндай атақты байқаудың лауреты атанған фильмді көудің өзі кез келген киноман мен заманауи кино трендтерін қызығатын көрермен үшін қуаныш. Бірақ шындығында бәрі басқаша, тіпті зеріктіріп жібереді. Егер британдық режиссердың бұл фильмінің Канн фестивалінің жүлдегері еенін білмесең, жай ғана әлеуметтік фильм деп қабылдайсың. Мұндай фильмдер Британияда толып жатыр. Бұрыннан тексерілген, ескірген жүйе: кішкентай адам мемлекеттің алып машинасна қарсы шығады, тұлғаның жүйемен тартысы, адам мен қоғамның қайшылы. Бұл тақырыппен қазір ешкімді таңғалдыра алмайсың. Экрандағы уақыт сырғып өткен сайын өзінің жарақатына байланысты мемлекеттен еш жәрдем ала алмаған 59 жастағы ер адамның оқиғасына қанығып аласың. Осы кезде мүмкін фильмнің формасында өзгешелік бар ма екен деген ой келеді. Бірақ ешқандай жаңалық көре алмайсың, бәрі де бұрынғыдай. Фильмге баға беру үшін оны көру керек, «Евразия» фестивалі көруге мүмкіндік берді, міне, бұл еңбастысы.

"Я, Дэниэл Блейк" фильмінен кадр

Фестиваль жылдан жылға өзгереді, кей тұстары жаңарады, кей тұстарында қалыптасқан дәстүр сақталады, ең бастысы, фестиваль бар. Үміт жоқ емес:фестивальға үш бірдей фильміміз қатысты, олардың екеуі марапатталды. барлығы да көрермендердің көңілінен шақты, әлемді фестивальдардың жаңа фильмдері көрсетілді. «Тұлпар» атты Ұлттық жүлде тағайындалды, лауреаттары жарияланды.

XIII Халқаралық «Евразия» кинофестивалін күтеміз!

 

Бағлан Кудайберлиев

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса