È

Жастар киносындағы операторлық жұмыс ерекшеліктері

Жастар киносындағы операторлық жұмыс ерекшеліктері

Бүгінгі таңда кино өнері әр ұлттың ең биік белесіне айналып отырған жайы бар. Ол өзінің пайда болу тарихынан бастап бүгінге дейін даму үстінде. Заманына сай технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жаңа көркемдік деңгейлерді бағындырды. Киноның құдіреті оның мазмұны мен формасында. Десе де, кино өнерінің көркемдік деңгейіндегі жетістіктер көп жағдайда оператордың жұмысына да байланысты.

Оператор – кино өндірісіндегі режиссер, сценарист, суретшімен бірлесіп қызмет етеді. Шығармашылық топтың жұмысы мен көрермен арасындағы негізгі байланыс ол - камера болып табылады. Фильмнің идеясын көрерменге жеткізу осы камераның жұмысы мен көзқарасына қатысты.

«Жастар киносындағы операторлық жұмыс ерекшеліктері» атты еңбегіміздің мақсаты жастар киносындағы операторлық өнердегі жаңа тенденциялар, өзіндік ерекшеліктерін, шешімдерін анықтауға тырысамыз. Мақаланың зерттеу нысаны ретінде «Байқоңыр» қысқаметрлі фильмдер фестивалінде көзге түскен туындыларға сараптама жасаймыз. Іріктеп алынған фильмдердің авторлары бүгінгі қазақ киносының дамуына ат салысып жүрген жас буын өкілдері.

«Таң сәулесінің шапағаты» /2015 жыл/ режиссер Дархан Төлегеновтың курстық жұмысы. Оператор - Рустам Зайнидин.

«Таң сәулесінің шапағаты» фильмінің негізінде ата-анасының ажырасуын ауыр қабылдаған Димаш есімді жасөспірімнің оқиғасы жатыр.

Фильмнің тақырыбын ашуда кульминациялық көріністердің маңызы зор. Осы сахнада, кейіпкер соңына ілескен камераның назары көрерменді кабырғада ілулі тұрған отбасылық суретке әкеледі. Ол кейіпкердің ішкі толғанысы, жан дүниесіндегі төңкерістердің көрінісі еді.

Рустам Зайнидиннің операторлық жұмысына мән берсек, фильмнің алғашқы кадрларында жасөспірім балалардың істен шыққан троллейбусқа тас лақтырып, терезесін шаққанын көреміз. Кейіпкерлердің агрессиялық көңіл-күйін беру мақсатында, камера қалыпсыз жағдайда сілкініп, қозғалмалы болады. Жасөспірімдер арасында орын алған төбелестер арасында оператор бақылаушы ретінде ғана емес, қатысушы - кейіпкер көзімен түсіреді. Кейіпкерлердің бұл әрекеті кезіндегі ірі пландарды жиі пайдалануы олардың экранда портретін аша білді. Актерлік құрамда бәрімізге таныс актерлер Ерболат Атабаев, Дулыға Акмолда және Баян Кажнабиева қатысты. Төбелестен келген баланың үйге кіре салысымен анасының бөтен еркекпен бас қосып, достар арасында кішігірім тойлап отырғаны белгілі болады. Бұл эпизодтағы кейіпкерлердің эмоциялық күйлері кадрлардың жиі алмасып, оператордың ырғақты жұмыс жасауымен ерекшеленді.

«Аялдама» /2015 жыл/ режиссері Диас Кулмаков. Оператор - Куаныш Курманбаев.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Дебют» бірлестігінде түсірілген фильм, басты кейіпкердің алғашқы махаббаты жайлы баяндайды.

Бұл фильмнің ұтымды тұсы - диалогтардың аздығы болып табылады. Ол фильм бойындағы кино тілінің, бейнелік қатардың маңыздылығын арттыра түсті. Камера фильмнің оқиғалық мәнеріне сай жұмыс жасайды. Баланың қызға деген ғашық сезімін, пеш отының жалынымен теңеу жасады. Оператор көлеңкелер мен детальдарды шебер ойнатады. Әсіресе, ас дайындығы барысындағы кейіпкерлердің қөзқарастарын алмастыру және т.б.

«Куб» /2016 жыл/ режиссері Максим Кодаров. Оператор - Айдар Оспанов.

«Куб» фильмінде музыкалық мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін егде әйелдің тағдыры баяндалады. Оның өткен өмірін ешкім білмейді. Бірақ, кезінде болашағынан зор үміт күттірген скрипкашы әйел болатын. Алайда, кейіпкер өзінің салғырттығынан өнер әлемінен жырақтап кетіп, өмірде өз орнын таба алмады.

Фильм операторлық қатарынан алғанда экспериментке толы. Фильмнің тақырыбына сай авторлар оқиғалық, бейнелік, композициялық тұрғыдан «куб» мағынасына сәйкестендіруге толықтай тырысқан. Көп жағдайда оператор кейіпкерлерді орталық нүктеде орналастырып, әр кадрда «куб» өлшемін қолданған. Операторлық шешім терең мағыналы кадрлар, шебер детальдық ойындармен, түстік шешімдермен ерекшеленген.

«Маршрут» /2016 жыл/ режиссері Дархан Төлегенов. Оператор - Шерхан Таңсықбаев.

Фильмнің басты кейіпкерлері - әкесі мен баласы. Өгей әкесінің үйінде тұратын баласына кезекті жексенбіде туған әкесі келеді. Осы жолғы олардың кездесуі ұзақ саяхатқа ұласады.

Айта кетейік, бұл фильм зерттеу барысында талқылауға түсіп отырған Дархан Төлегеновтың екінші туындысы. Сол себепті, режиссердің шығармашылық жолындағы ең негізгі тақырып «отбасылық драмалар» деп пайымдауға болар. Ал фильмнің құрылымы оқиға шешімінен көрерменді соңына дейін құпия ұстайды.

«Шыңырау» /2017 жыл/ режиссер Рахымжан Қалдыкөздің дипломдық жұмысы. Оператор - Шерхан Таңсықбаев.

«Таң сәулесінің шапағаты» фильмінде операторлық жұмыстан қаланың атмосферасын сезініп, кейіпкердің бейнесіндегі ішкі тартысын ашуға бағытталған. Ал «Шыңырау» фильмінде қазақи ауылдың атмосферасын беру арқылы, кейіпкердің өзімен және наным - сенімдермен қақтығысын көреміз. Фильмде көпшілік сахналар мен қосалқы кейіпкерлердің бейнесіне назар аударылады. Осы ретте, фильм оқиғасындағы көкпар ойыны және орын алған қақтығыстар арнайы операторлық құрылғы арқылы (кран) шебер түсірілгенін атап кеткеніміз жөн.

Балалы болу кейіпкеріміздің басты арманы. Көкпар ойынынан қайтып келе жатқан кейіпкер, көрші баланы атқа отырғызып серуен құрады. Осы кездегі кейіпкердің балаға деген ерекше қөзқарасын оператор түсіру ракурстері арқылы атап өтті. Фильмнің шешуші кадрларының бірінде оператор киноның дәстүрлі көркемдік тәсілдерін қолдана білді. Камера еңсесі түскен әйелінің соңынан ілесе отырып терезе алдына келіп тоқтайды. Ол кадрда сөзсіз, кейіпкердің көзқарасы арқылы ішкі жан айқайын сеземіз.

Мақаламызды тәмәмдамас бұрын, зерттеумізге арқау болған фильмдердің операторлық деңгейі айтарлықтай жоғары екенін атап кетуіміз қажет. Жаңа технологиялық өзгешеліктерді ұтымды пайдалана отырып, өз стильдік бағытын тапқанын көреміз. Жас киногерлеріміз қазақ операторлық өнеріндегі дәстүрлерді, буындар сабақтастығын жалғастыра отырып, батыл қадамдар жасаудан қорықпайды.

Әр кезең өзіне тән тенденцияларға толы және ерекше ізденістері барын білеміз. Дәл осы ұстанымды қолдана отырып, жас киногерлеріміз өздерінің жаңашыл бағыттарын табу барысында сан салуан әдістерді қолдануда.

Айдос АСЕМБАЙ

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

«Кинотану» мамандығының 1-курс студенті

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер