È

«Әйел кедергі емес»: Екі оттың ортасында

 «Әйел кедергі емес» фильміне пікір

Әсел Сәдуақасова қатарынан бірнеше рет толықметражды картиналарға продюсерлік етті және олардың барлығында дерлік басты рөлді өзі сомдады. Әсіресе, оның режиссер Асқар Бисембинмен бірлесе отырып түсірген сапалы романтикалық комедияларын сәтті шықты деп айтуға болады.

Картинаның сюжеті трейлерден-ақ түсінікті: басты кейіпкер Жаннаның мінсіз өмірі бұзыла бастайды. Оның күйеуі (Дәурен Айдарқұлов) біресе жұмысымен әуре, біресе күйзелістен арылу үшін Зарина (Сая Оралғалиева) есімді тартымды психологқа барып жүреді. Жаннаның өзі жұмыс істемейді, тек кейде құрбысына (Айнұр Ілиясова) дәмханаға әңгімелесуге барады, осылайша бізге бос уақытының көптігін көрсетеді. Демек, өзін алдаған күйеуінің басына бірнеше ыдысты ұрып сындырмай-ақ, түрлі тәсілдерді ойлап тауып, оны отбасының табалдырығына қайта алып келуге болады. Тұрақсыз Жаннаның сарқылған энергиясы ерекше бағытпен жұмыс істей бастайды, ол ең алдымен қарсыласы Заринаның қабылдауына жазылады.

Махаббат жайлы шиеленіскен оқиғалар өте қызықты әрі сан қырлы болады, мұның барлығы автордың қиялы мен ойына байланысты. Бұл жағдайда екінші жартысының көзіне шөп салуын көрсететін класикалық сюжет қарапайым болып көрінеді: қызықсыз отбасы, әдемі бәсекелес және әрқашан ақыл қосатын достар. Оған қоса сюжеттегі кейбір түпнұсқалар мен төмен әзілдер де бар.

Асқар Бисембин алдыңғы фильмдеріндегідей, бұл жолы да өз жолымен әдемі, ұқыпты, ешкімге зияны жоқ фильм түсірді. Кейде «Үшеуге арналған той» фильмі секілді ондыққа кірсе, кейде «Кинодан да артық» картинасындағыдай өткір бір нәрсе жетіспейтін секілді. Өте әдемі әрі тартымды болса, ол үнемі қызығушылық тудыра бермейді. Режиссердің «Әйел кедергі емес» комедиясы басқа комедияларға қарағанда сәтті шыққан. Мүмкін, мәселе мынада шығар, қарапайым көзілдірікті әйел мен оның көзіне шөп салатын күйеуінің камерадағы оқиғасы үрейлі оқиғаларға қарағанда ешқандай цинизімсіз нәзіктікті көрсетеді.

Иә, жаңа картинаның сюжеті тағы да көзілдірік таққан («Класстастар» фильмінде де солай болған, тек онда бұйра шашты болды) Әсел Сәдуақасованың айналасында өрбиді, бірақ мұны жаман деп кім айтты? Әсел «көрші ауладағы қыздың» рөлі арқылы қазақстандық кинематографиядан өз орнын тапты және қанша жылдан бері фильмдерге сәтті түсіп келеді. Иә, «Әйел кедергі емес» фильмі соншалықты шиеленіскен оқиғаға құрылмаған, бірақ мұндай фильм үшін оның аса қажеті де жоқ. Есесіне, фильмдегі қазақстандық кинода үнемі жетіспейтін диалогтар «шынайы» шыққан. Актерлік құрам сәтті таңдалған, әсіресе отбасының досы әрі Айнұр Ілиясова кейіпкерінің күйеуі Аманның рөліне Мейіржан Төребаев жақсы келісе кеткен. Фильмдегі барлық өткірлік соған тиесілі. Картинаның көркемдік жағы да жоғары – бұл Бисембиннің фильмдеріне тән.

Дәурен Айдарқұлов өзінің актерлік мансабында алғаш рет шаршаңқы, сенімсіз және күлкілі емес кейіпкерді сомдады. Сондықтан, әйелі мен көңілдесінің арасында қулыққа салып, құйтырқылыққа басатын жеңілтек кейіпкерді көремін деп үміттенбей-ақ қойыңыз және одан әзілдерді де күтпесеңіз болады. Әйтпесе, бұл мүлдем басқаша фильм болар еді. Заринаның рөліндегі Сая Оразғалиева жақсы шыққан, ұстамды әрі әдемі, нағыз көңілдестің рөлі. Қалған актерлер де, Айнұр Ілиясовадан бастап, соңғы кездері екі жобаның біріне түсіп жүрген Жан Байжанбаевқа дейін өз рөлдеріне құйып қойғандай жарасып-ақ тұр.

Қорыта келе, мұның жақсы, қызықты әрі міндетті түрде көруге тұрарлық фильм екендігін айтуға болады.

Киноға барған Варвара Литвинова

 

Оцените рецензию

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

15 апреля 2018, 23:46

Актуальная тема в наше время, и многое было взято из жизни, что и довольно приятно. Но, со старой тематикой.

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист