È

«Әйелдер ерлерге қарсы: Қырымдағы демалыс»: Махаббат майданы

«Әйелдер ерлерге қарсы: Қырымдағы демалыс»: Махаббат майданы

Отбасылық мәселелер қашан да кино түсірушілер үшін өзекті. Қазір бұл тақырыптағы фильмдердің көптігіне таң қалмайтын да болдық. Оған отандық режиссерларымыздың кейінгі туындылары дәлел. Жә, бүгінгі әңгімеміз отандық емес, ресейлік фильм жайлы болмақ.

Жақында 2015 жылы жарық көрген «Әйелдер ерлерге қарсы» фильмінің жалғасы экранға шықты. Режиссер Леонид Марголин әйелдер мен ерлер тақырыбын мықты меңгеріп алған сияқты. Себебі, оның осыған ұқсас фильмдері жетерлік. Айта кету керек, Леонид Марголин «Әйелдер ерлерге қарсы» фильмінің екі бөлімінің де сценарийін жазуға өз үлесін қосқан.

Жалпы, фильмнің екінші бөлімі - «Әйелдер ерлерге қарсы: Қырымдағы демалыс» алғашқысы секілді жеңіл түсірілген. Табиғаттың әдемілігі, теңіз, жағажай, алаңсыз жазғы демалыс... Әсіресе, қарасаң көркіне көз тоймайтын Қырымның сұлулығын айтсаңшы!

Картинаның өзектілігі - отбасылық мəселелер. Жұптар арасындағы келіспеушілік, өркөкіректік, түсінбеушілік – барлығы əжуа, мысқыл арқылы шебер көрсетілген. Мектептен бастау алған махаббат уақыт өте келе өз бояуын жоғалта бастайды. Осылайша, бір-бірінен жалыққан жанұя ажырасуға бел буады. Бостандыққа ие болған соң, әрқайсысы жаңа әрі керемет өмір бастаймыз деп ойлайды. Шайқасады, таласады. Бірақ, соңында бір-бірінен артық жақсы адам таба алмайды. Жүрек түкпірінде жатқан сезімді қалайша жасыра аласың? Ол бәрібір сыр береді емес пе? Кейіпкерлер де «бір-бірімізсіз өмір сүре аламыз» деп асығыс шешім қабылдап, сырт көзге батыл көрінгенімен, шындығында махаббатың алдында дәрменсіз. Сүйіктісімен қанша ренжісіп, кемшіліктерін қабылдай алмаса да, олар сезімсіз өмір сүре алмайды.

Айтпақшы, фильмде кейіпкерлерге керемет сөз шебері ақыл айтып, тура жол көрсетуге тырысады. Расында, әр адамға ақылшы керек-ақ. Негізі, адамдар кейде бақытты алыстан іздеп жатады. Қасындағы бақты көре бермейді. Фильмнің айтар ойы осыған саяды.

Еріксіз езуіңе күлкі үйіретін сюжеттер де жетерлік. Бірақ, кейбір қалжыңдары етектен төмен болып кеткен. Дегенмен, бір сәт көңіл көтеріп, ойланып та қайтасың. Сюжет желісі ұлттық діл мен дәстүрге сай құрылған. Картинаны Comedy Club-тан шыққан әртістер үшін көруге болады. Белгілі ресейлік актерлар өз рөлдерін жақсы алып шыққан сыңайлы.

Фильмді отбасылық көрсетілімге арналған нағыз орыс комедиясы деуге болады. Жалпы, шынайы өмірдің боямасы көрініс тапқан фильм тамашалауға тұрарлық, айтар ойы бар дүние. Айтпақшы, кейбір адамдар кинодан өз бейнесін таныған болар?

 

 

Киноға барған Мадина Мұратжанқызы

 

«Бродвей» редакциясы «Әйелдер ерлерге қарсы: Қырымдағы демалыс» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Meloman Entertainment компаниясына және Lumiera Cinema (ЦУМ) кинотеатрына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер