È

Киножобалар байқауы жарияланды

Киножобалар байқауы жарияланды

2019 жылғы 23 мамырдан бастап Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұлттық фильмдер өндірісін іске асыру мақсатында қаржылай қолдау білдіру үшін киножобалар іріктеуін бастайды.

Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалардың ұсынымдары 2019 жылғы мамыр айының 23-інен маусымның 1-іне дейін қабылданады. Фильм мынадай негіздердің жиынтығы кезінде ұлттық фильм болып табылады:

1) егер фильм жоғары көркемдік деңгейде жасалса, халықтың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті болса, мемлекеттік мүддеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасын кино өнері арқылы танытатындай қызмет етсе;

2) фильмдерді шығару, тарату және көрсету кезінде смета бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде жетпіс пайызын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық ұйымдар жүзеге асырса;

3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болса;

4) фильм авторларының құрамына (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық туындының авторы) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалар елу пайызынан аспайтындай кірсе, ұлттық деп танылады.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес шетелдік кинематографиялық ұйымдармен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.

Байқау іріктеуінің талаптары, қажетті құжаттар тізімі мен ұсыным формасын жүктеу туралы ақпаратты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы сайтының «Қазақстанда түсір!» бөлімінен біле аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер