È

«Композитор» көркем фильмі прокатқа шықты

«Композитор» көркем фильмі прокатқа шықты

«Композитор» көркем фильмі 6 маусымнан бастап отандық прокатта шықты.

Картинаны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен қытайлық «Shinework Pictures» компаниясы жасап шыққан. Режиссерлері Қазақстан атынан – Сәбит Құрманбеков, ал Қытай тарапынан – Шерзат Якуб.

Фильм Сянь Синхайдың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. Оның Кеңес одағы кезінде, Алматыға эвакуацияланған шағын, қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығын көрсетеді.

- Бұл тұсаукесер көңілімді толқытты. Осыдан 70 жыл бұрын қиын жағдайға тап болған қытай композиторы Сянь Синхай Алматыға келіп, қазақтың танымал композиторы Бақытжан Байқадамовпен танысады. Байқадамовпен оның отбасы оған риясыз көмек көрсетеді. Міне, 70 жыл өткен соң, Қазақстан мен Қытай кинемтографистерінің арқасында, көпшілік біле бермейтін және әсерлі оқиға үлкен экранға жол тартты, - деді бас консул Чжан Вэй.

Басты рольдерді Ху Цзюнь, Берік Айтжанов, Юань Цюань, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербек сомдайды.

«Композитор» фильмінің кестесі кинотеатрлар афишасында қол жетімді.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер