È

Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» фильмі XXII Шанхай халықаралық кинофестиваліне қатысады

Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» фильмі XXII Шанхай халықаралық кинофестиваліне қатысады

Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы/Хранитель» көркем фильмі 15-24 маусым аралығында өтетін XXII Шанхай халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысады.

Халықаралық қазылар алқасын белгілі түрік кинорежиссері, Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» лауреаты Нұри Білге Джейлан басқарады.

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Казаxфильм» мен «ТурсуновФильм» компаниясы бірлесіп түсірген.

Оқиға соғыстан оралған сарбаздың тарихын баяндайды. Оның қолында қарт неміс сыйға тартқан кинопроектор бар. Өмірінің соңына дейін сарбаз отандастарына фильмдер көрсетумен айналысады.

Қазақ фильмінің осы фестивальдің негізгі конкурсына қатысуы алғашқы рет. (2013 жылы «Панорама» конкурстан тыс бағдарламасында Дарежан Өмірбаевтың «Студент» және Ермек Аманшаевтың «Параллельді әлем» фильмдері көрсетілген).

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер